Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Жамбыл облысында героин сатумен айналысқан күдікті ұсталды

    ТАРАЗ, 12 қазан. Жамбылдық полицейлер героин сатумен айналысқан күдіктіні ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Өңірдің 59 жастағы тұрғыны «Қарасора-2021» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы мен «Рефлекс-2021» өңірлік операциясы кезінде қолға түсті. Аса ірі мөлшерде «героин» есірткі затын сатумен айналысқан күдіктіні Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ұстады. Есірткіні заңсыз сақтағаны үшін бұрын сотты […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Мәскеуде үш елдің елшілігі «миналанды»

    НҰР-СҰЛТАН, 12 қазан. Мәскеу полицейлері Алжир, Абхазия, Грузия елшіліктерінде, сондай-ақ елордадағы үш стадион мен Внуково әуежайының жарылыс қаупі туралы ақпараттан кейін тергеуге дейінгі тексеруді бастады. Бұл туралы құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сілтеме жасап ТАСС хабарлайды, деп «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. 11 қазан күні кешке Ресей ІІМ Бас басқармасының Орталық әкімшілік округі (ОӘО) бойынша […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Мексикада 2,5 мың тоннаға жуық синтетикалық есірткі тәркіленді

    НҰР-СҰЛТАН, 12 қазан.Мексикада 2,5 мың тоннаға жуық есірткі тәркіленді, деп «Хабар 24» сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Мексика әскери-теңіз күштері 2 жарым тоннаға жуық метамфетамин деп аталатын химиялық есірткіні қолға түсірді. Заңсыз жүкті алып бара жатқан қылмыстық топ Энсенада қаласының жағалауына жақын жерде ұсталды. Әскерилердің айтуынша, айдында жылдам қайықтың жүрісі күдік туғызған. Осыдан […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ердоған: биыл көндіру жолымен 153 террор ұйымы мүшесі берілді

    НҰР-СҰЛТАН, 12 қазан. Президент сөзінде биыл көндіру жолымен 153 террор ұйымы мүшесі берілгенін білдірді, деп TRT агенттігі хабарлайды. Президент Режеп Тайып Ердоған Сириядан Түркияға бағытталған террорлық лаңкестікке байланысты: «Сириядан елімізге бағытталған террорлық шабуылдардың қайнары ерекшелігіндегі кейбір жерлер жөнінде шыдамымыз қалмады» деді. Ердоған бас қала Анкарадағы Президенттік Кабинет жиналысынан кейін ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында сөз сөйледі. Президент Режеп Тайып […]
    • 3 Years ago
    • 0
  •  ДАИШ басшысының орынбасары Иракта ұсталды 

    НҰР-СҰЛТАН, 12 қазан. Ирак әскері ДАИШ террористік тобы (Ислам мемлекеті — Қазақстанда тыйым салынған террористік ұйым) жетекшілерінің бірін ұстады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz  Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.  Бұл туралы Ирактың премьер-министрі Мұстафа әл-Казыми мәлімдеді. Оның сөзінше, арнайы операция елден тыс жерде жүргізілген. «Біздің ISF (Ирак қауіпсіздік күштері) әскери күштері сайлау қауіпсіздігін қамтамасыз етуге күш салып жатқанда, INIS (Ирак […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Сирияда көлік жарылып, 4 адам мерт болды

    НҰР-СҰЛТАН, 11 қазан.  Сирияның Африн қаласында көлік жарылып, 4 адам қаза тапты, деп Хабар24 хабарлайды.  Жарылыс салдарынан 4 адам қаза тапты. Тағы 6 азамат жарақат алды. Зардап шеккендердің бәрі шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Африн қаласы бүгінде түрік әскерінің бақылауында. Осыған дейін бұл өңірде болған шабуылдарға Сириядағы күрд жасақтары айыпталып келген.
    • 3 Years ago
    • 0
  • Сирияның солтүстігінде содырлардың шабуылынан Түркияның қауіпсіздік күштерінің қызметкері қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 11 қазан.КЖП (PKK/PYD) мүшесі террористтер тарапынан жасалған шабуылда 2 полиция шейіт болды, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Сирияда «Евфрат қалқаны» опрациясы аймағында кеше КЖП бөлшектеуші террор ұйымы (PKK/PYD) мүшесі террористтер тарапынан жасалған шабуылда 2 полиция шейіт болды. Ішкі істер министрлігінің мәлімдемесінде шабуылда 1 полицияның шейіт болғаны, 3 полицияның ауыр жарақат […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Жамбыл облысында «Қарасора-2021” республикалық ЖАІШ өткізу барысында есірткінің ірі партиясы тәркіленді

    ТАРАЗ, 11 қазан. Жамбылда ер адамнан 160 келіден астам есірткі тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz. 2 қазанда Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері “Қарасора-2021” республикалық жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Шу ауданынан 100 шақырым жерде 27 жастағы жергілікті тұрғынды есірткі заттарын дайындау кезінде ұстады. Сол маңдағы аумақты тексеру кезінде жас жігіттен […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Нұр-Сұлтанда үш орта білім мекемелеріне миналау туралы  жалған хабарламалар келді

    НҰР-СҰЛТАН, 11 қазан. Әлеуметтік желілерде Нұр-Сұлтандағы бірнеше мектептің маңында түсірілген видеолар жарияланды. Роликтерден білім мекемелерінің жанындағы қоршауды, сондай-ақ жедел жәрдем көліктерін көруге болады, деп Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Полицияның мәліметінше, елорда білім беру мекемелеріне бомба қойылғаны туралы хабар келіп түскен. Тексерістен кейін хабарламалардың жалған екені анықталды. «102» каналына белгісіз біреулер Нұр-Сұлтандағы орта […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Өскеменде синтетикалық есірткіні «қойып» кету жолымен таратқан 29 жасар ер адам ұсталды

    ӨСКЕМЕН, 11 қазан. Іш киіміне есірткі жасырған павлодарлық ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. “Қарасора-2021” жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Өскемен қаласы көшелерінің бірінде психотроптық заттарды қойып кетушіні ұстады. – Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 29 жастағы ер адам ұсталды, ол жеңіл пайда табу мақсатында психотроптық заттарды байланыссыз тәсілмен сатумен айналысқан, яғни […]
    • 3 Years ago
    • 0