Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Санкт-Петербургте миналау туралы хабарламалар нәтижесінде 280-ден астам ғимарат эвакуацияланды

    НҰР-СҰЛТАН, 11 қаңтар. Бүгін Санкт-Петербургтің төтенше жағдайлар қызметеріне қаладағы 280-ден астам нысан  миналанды деген хабарламалар келіп түсті, барлығы да жалған болып шықты. Бұл туралы ТАСС жазады. Күні бойы аудандық соттар, бірнеше сауда орталықтары эвакуацияланды. Кеше де қалада осындай жағдай болды, 250-ге жуық нысандар: соттар, қонақ үйлер, сауда орталықтары, дүкендер, Эрмитаж және басқа ғимараттар миналау туралы […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Нигердің оңтүстік -батысындағы ауылға содырлардың шабуылы салдарынан 11 адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 14 қыркүйек. Әскердегі дереккөзге сілтеме жасай отырып, Ниамей қаласынан алынған ақпарат бойынша, жексенбі күні Нигерияның оңтүстік -батысындағы ауылға белгісіз содырлардың шабуылы салдарынан 11 бейбіт тұрғын қаза тапты. Бұл туралы Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды . Нигер әскерінің хабарлауынша, жексенбі күні кешке мотоцик мінген  белгісіз содырлар тобы Тиллабери департаментіндегі […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • ШҚО-ның полицейлері 256 келі есірткі тәркіледі

    ӨСКЕМЕН, 13 наурыз. Өткен жылы ШҚО-да 256 келі есірткі тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz. Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы Сағат Мәдиев ішкі істер органдарының жұмысындағы маңызды бағыттың бірі  нашақорлықпен күрес екенін атап өтті. – 2020 жылы 253 есірткі қылмысы анықталды, оның ішінде 157 факті есірткі өткізу фактісі. Заңсыз айналымнан барлығы 256 келі әртүрлі есірткі алынды, […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • 2020 жылға қарай террористер мен экстремистердің компьютерлік шабуылдар жасау қаупі бар

    АСТАНА, 12 желтоқсан. 2020 жылға қарай террористер мен экстремистердің компьютерлік шабуыл жасау қаупі бар. Бұл туралы Қырғызстанның Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Дамир Сағынбаев Бішкекте «Киберқауіпсіздік және киберқылмыс: тұжырымдамалар, стандарттар, тәжірибе алмасу» тақырыбында өткен дөңгелек үстел барысында мәлімдеді. Оның айтуынша, компьютерлік қылмыстармен қатар, сандық байланыс арқылы лаңкестік және экстремистік әрекеттердің өсуі байқалады. «Әзірге ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен ақпараттық […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның тәлібтер бақылауындағы аймағында содырлар жүзден астам бейбіт тұрғынды өлтірді

    НҰР-СҰЛТАН, 24 шілде.  Белгісіз содырлар Кандагар провинциясының Спин-Болдак аймағында «100-ден астам бейбіт тұрғынды» өлтірді деп бейсенбі күні бұл жағдаймен таныс ақпарат көздері хабарлады. Ауғанстан Ішкі істер министрлігі бұл хабарламаны растап, бұл азаматтардың себепсіз өлтірілгендігін мәлімдеді. Ауғанстан үкіметі тәлібтерді бейбіт тұрғындарды өлтірді деп айыптады. «Аяусыз террористер өздерінің пенджабтық бастықтарының (Пәкістан) бұйрығымен Спин-Болдактың кейбір аудандарында жазықсыз ауғандықтардың […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • БҚО-да қарасора өсірумен айналысқан әкелі-балалы сотталушыларға үкім шықты

    ОРАЛ, 05 наурыз. БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қарасора өсірумен айналысқан әкелі-балалы сотталушыларға үкім шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Судья Бақыт Ермахановтың мәлім еткеніндей, 1986 жылғы Николай мен 1961 жылғы Владимир Полянскийлер айыпты деп танылды. Н.Полянский ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі (есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Мурманск тұрғыны терроризмді қаржыландырды деген күдікке ілінді

    НҰР-СҰЛТАН, 13 тамыз.  Мурманск облысы бойынша ФҚҚБ тергеу бөлімі Мурманск тұрғынына қатысты терроризмді қаржыландыруға жәрдемдесу туралы бап бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу мәліметтері бойынша, әйел адам Ресейде тыйым салынған ұйымды қаржылық қолдау әдістері туралы ақпаратты Интернетте орналастырған, деп аймақтық мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды. «Ресейдің Мурманск облысы бойынша ФҚҚБ  тергеу бөлімі 1976 жылы […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Германияның Вюрцбург қаласында Сомалиден шыққан 24 жастағы жігіт көшедегі үш адамды пышақтап өлтірді

    НҰР-СҰЛТАН, 26 маусым.  Германияның Вюрцбург қаласында Сомалиден шыққан 24 жастағы жігіт көшедегі жұртқа пышақ салды, деп хабарлайды 24.kz. Әлгі жігіттің әрекеті шектен шығып, үш бірдей кісіні пышақтап өлтірді. Алты адамның жарақат алғаны жайында ақпарат бар. Тіпті бір балаға да пышақ салған секілді. Баланың әкесі қандықол қарақшының қолынан қаза тапқан көрінеді. Көпшілік қылмыскерді ұстауға тырысып еді, […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Нигерияның оңтүстік-батысындағы католик шіркеуінде жарылыс болды

    НҰР-СҰЛТАН, 06 маусым. Жексенбі күні Нигерияның оңтүстік-батысындағы Әулие Франциск католиктік шіркеуінде жойқын  жарылыс болды, деп нигериялық This Day газеті хабарлады.Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. Басылымнын хабарлауынша, қаза тапқандар  бар және  жараланғандар көп. Жарылыс Ондо штатындағы Ово округіндегі шіркеу ғимаратының жанында көптеген діншіл адамдар жиналған кезде болды. Нигериялық […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Сомалиде лаңкестік әрекеттен 26 адам ажал құшты

    НҰР-СҰЛТАН, 13 шілде. Сомалидің Кисмайо қаласында болған лаңкестік әрекеттен 26 адам мерт болды, деп 24.kz хабарлайды.  Қаза тапқандардың ішінде жергілікті билік өкілі мен шет ел азаматтары да бар. Тағы шамамен 50-ге жуық тұрғын түрлі жарақат алған. Мамандар зардап шеккендердің саны әлі де өсуі мүмкін екендігін айтады. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, лаңкес қонақүй маңында өзін-өзі жарып жіберген. […]
    • 6 Years ago
    • 0