Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Барша мұсылман қауымын Ораза айт мерекесімен құттықтаймыз!

    НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр.  «Терроризмге қарсы комитет» республикалық қоғамдық бірлестігі барша мұсылман  қауымын Ораза айт мерекесімен құттықтайды. Бүгін айлардың сұлтаны қасиетті Рамазан аяқталып, әлемдегі барлық мұсылман қауымы көптен күткен Ораза айт мерекесін атап өтуде. Рамазан айы — Жаратқан Иемізге құлшылық жасау, сабыр, өзара мейірім мен қайырымдылық арқылы рухани тазару айы. Ораза айты адамдарды бауырмалдылық пен кеңпейілдікке, […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Кәрім Мәсімов Қазақстан Республикасының ТҚО кезектен тыс отырысын өткізді

    НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр.  Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 12 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында ҰҚК Төрағасы Кәрім Мәсімов Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы орталығының кезектен тыс отырысын өткізді, деп ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлайды.    Іс-шара барысында Ресей Федерациясының Қазан қаласындағы № 175 мектеп-гимназиясында жақында орын алған қайғылы оқиғаның мән-жайы қаралды. Қазақстан Республикасындағы білім беру мекемелерінің ағымдағы қауіпсіздік жай-күйі және […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Қазан мектебінде атыс жасаған террорист қамауға алынды

    НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр.  Татарстан президенті Рустам Минниханов Қазан қаласындағы мектепте болған төтенше жағдайға қытысты мәлімдеме жасады, деп Тengrinews.kz-ке сілтеме жасап ERNUR.KZ хабарлайды. Ол жеті 8 сынып оқушысы отыс салдарынан қаза тапқанын және тағы 16 адам ауруханаға жатқызылғанын растады. Кейін Татарстан басшысының баспасөз қызметі өкілдері жеті оқушыдан басқа бір мұғалім қайтыс болғанын мәлімдеді. Сондай-ақ, 20 адам зардап […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанда жолаушы автобусына жасалған шабуылда 11 адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр.  Ауғанстанның Забул провинциясында жолаушы автобусы өтіп бара жатқан кезде жолға орналастырылған бомбаның жарылуы салдарынан 11 адам қайтыс болып, 28 адам жарақат алды, TRT хабарлайды.  Забул губернаторлығы мәлімдемешісі Гүл Ислам Сиял Забулдың Шехр-и Сафа ауданының Муска ауылында жолға орналастырған бомбаның бейбіт тұрғындар мінген жолаушылар автобусы аймақтан өтіп бара жатқанда кезде жарылғанын атап көрсетті. […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Түркістан облысының полицейлері синтетикалық  есірткі затын сақтаған күдіктіні анықтады

    ТҮРКІСТАН, 11 мамыр. Түркістан облысының полицейлері есірткі затын сақтаған күдіктіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Түлкібас АПБ-не тұрғынның бірі есірткі затын сатады деген шұғыл хабарлама келіп түседі. Ақпарат алысымен тәртіп сақшылары жедел әрекет етіп, анықтау жұмыстарын жүргізеді. Нәтижесінде тәртіп сақшылары күдікті азаматты аудан көшелерінің бірінен анықтады. Тексеру барысында күдіктінің қалтасынан өзіндік өткір иісі бар зат табылып, […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Жалған терроризм: Елордадағы мектептердің бірінен 175 адам эвакуацияланды

    НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр.  Бүгін сағат 11:32-де елордалық полицияға Astana Garden School мектебінде жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түсккен. Ал, мұндай хабарлама мектептің электронды поштасына келген.Бұл туралы Аzattyq-ruhy.kz хабарлайды.  Оқиға орнына шұғыл қызмет өкілдері жіберіліп, мектептен 175 адам эвакуацияланды. Тексеру нәтижесінде ешқандай жарылғыш зат табылмаған. Полиция бұл жағдайға қатысты Қылмыстық кодекстің 273-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанда «Талибан» Ораза айт мерекесіне байланысты атысты тоқтататынын жариялады

    НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр.  Ауғанстандағы «Талибан» қозғалысы мұсылмандардың Рамазан мерекесіне байланысты үш күн атысты доғаратынын жариялады, деп centralasian.org хабарлайды.  «Талибанның» Катардағы саяси кеңсесінің ресми өкілі Мұхаммад Наимның мәлімдеуінше, содырларға айт мерекесі күндері атысты доғару туралы бұйрық берілді. Дегенмен «Талибан» үкімет күштерінің шабуылдарына жауап беруі мүмкін екенін ескертті. Ауғанстан президентінің аппараты әзірге тәліптердің атысты доғару туралы мәлімдемесіне қатысты жауап […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Қазанда белгісіз біреулер мектепте атыс шығарды

    НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр.  Татарстан астанасында белгісіз біреулер Файзи көшесіндегі № 175 гимназияда атыс шығарды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. БАҚ мәліметінше, бірнеше белгісіз адам мектепке қарумен кірген. Балалар ғимараттан эвакуацияланды. Кейін мектеп ғимаратында жарылыс болғаны хабарланды. Оқиға орнында қою қара түтін шығып жатыр. Төтенше жағдай орнына 20-дан аса жедел жәрдем бригадасы жіберілді. РИА Новости мәліметінше, қауіпсіздік қызметкерлері мектепте […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Степногорда белгісіз біреу аялдамаға «бомба қойған» 

    КӨКШЕТАУ, 11 мамыр. Степногор қаласында жарылыс қаупі туралы жалған хабар берген ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ведомствоның мәліметінше, мамырдың 10-да сағат 13:00 Степногор қалалық ПБ кезекші бөліміне ұялы телефоннан ер адам хабарласып, 5-шағынауданда жарылғыш зат қойылғанын айтқан. Тексеру барысында тәртіп сақшылары ешқандай бомбаны таппады. «Жедел-іздестіру шарасы барысында […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Қабулдағы жойқын жарылыстар: қаза тапқандар саны 85-ке жетті

    НҰР-СҰЛТАН, 10 мамыр.  Ауғанстан астанасы Қабулдағы мектеп алдында болған жарылыстар салдарынан кем дегенде 85 адам қаза тауып, 150 адам жарақаттанған. Бұл туралы ҚазАқпарат ауғандық Ariana news телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды Оның мәліметінше, Қабулдағы қыздарға арналған мемлекеттік мектептің алдында қатарынан үш жарылыс болған. Алдымен мектептен алыс емес жерде миналанған автокөлік жарылған. Оның ізін ала екі қолдан […]
    • 3 Years ago
    • 0