Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • «Талибан» содырлары Ауғанстанның солтүстігінде 7 полиция қызметкерін өлтірді

    НҰР-СҰЛТАН, 09 желтоқсан. «Талибан» содырлары Ауғанстанның солтүстігіндегі Балх провинциясында жеті полиция қызметкерін өлтірді, деп Анадолу агенттігі хабарлайды. Балх полициясының бастығы Сайед Мираджуддин Садат журналистерге оқиғаның Шарбұлақ аймағында болғанын айтты. Азаматтық көлікпен Балх провинциясының әкімшілік орталығына бет алған полиция қызметкерлеріне Сулаиман Хил жерінде оқ атылды. «Талибан» бұл ақпаратқа қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ.
    • 4 Years ago
    • 0
  • АҚШ-та полиция автовокзал ғимаратында қолдан жасалған жарылғыш заты бар жол сандықты қалдырып кеткен жігітті ұстады

    Нью-Йорк. 17 наурыз. Нью-Йорк қаласының орталық автовокзал ғимаратында қолдан жасалған жарылғыш заты бар жол сандықты қалдырып кеткен, Нью-Джерси штатының тұрғыны Арсенио Мэйсон, тұтқындалынды. Бұл туралы RT, The Wall Street Journal журналына сілтеме жасап хабарлауда. Баспаның ақпаратына сәйкес, жол сандық ішінде пышақ, бұраушы және қолдан жасалған жарылғыш зат табылған. Атап өтсек, ер жігіт жол сандыққа қайтып келген кезде […]
    • 8 Years ago
    • 0
  • АҚШ президенті Сирияда «Ислам мемлекеті» жетекшісінің залалсыздандырғанын мәлімдеді

    НҰР-СҰЛТАН, 04 ақпан. АҚШ әскери күштері Сирияда «Ислам мемлекеті» террористік ұйымының жетекшілерінің бірін залалсыздандырды, деп АҚШ президенті Джо Байденнің мәлімдемесіне сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды, деп  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. «Біздің қарулы күштеріміздің шеберлігі мен батылдығының арқасында біз ИМ* жетекшісі Әбу Ибрахим әл-Хашими әл-Курайшиді ұрыс даласында  жойдық», — деп Ақ үй президентің […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Алматыда қала әкімінің төрағалығымен терроризмге қарсы комиссияның отырысы өткізілді

    АЛМАТЫ, 30 қазан. Мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті мәселелері бойынша терроризмге қарсы комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Арнайы қызметтер, құқық қорғау органдары мен қалалық басқармалар басшыларының қатысуымен өткен кеңес барысында деструктивті элементтердің құқыққа қарсы әрекеттерін дер кезінде анықтау және жолын кесу жөнінде қабылданатын шаралар қаралды. Алматы қаласы Дін істері басқармасының басшысы […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Жамбыл облысының тұрғынынан 1 келіден астам гашиш тәркіленді

    АЛМАТЫ, Жамбыл облысының тұрғыны есірткінің үлкен көлемін Алматыға жеке таксимен алып келмек болған, – деп хабарлайды Polisia.kz. Есірткітасушы Жамбыл облысы, Меркі ауданының тұрғыны 1987 жылы туған Б.есімді азамат болып шықты. – Кешкі сағат сегіздер шамасында, Жандосов көшесінде, шаһардың кіреберісінде орналасқан стационарлық экологиялық бекетте мамандандырылған батальонның қызметкерлері “Тойота Камри” көлігін тоқтатты, оның ішінде Меркі ауылынан келген […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Кабул орталығында жарылыс болды

    НҰР-СҰЛТАН, 12 қаңтар. Жарылыс сәрсенбі күні Кабулдың орталық аудандарының бірінде болды, деп ауғанстандық Asvaka агенттігі  хабарлайды.Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. Агенттіетің хабарлауынша, оқиға Кабулдың 9-шы қауіпсіздік аймағында болған. Куәгерлердің айтуынша, жарылыстан кейін атыс дыбыстары естілген. Al Jazeera телеарнасының хабарлауынша, Ауғанстан астанасының аталған ауданында қолдан жасалған жарылғыш зат жарылған. Жарылыс полиция көлігіне бағытталған. Құрбандар туралы ақпарат жоқ.   […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының аумағында қылмыстық топтың заңға қайшы әрекетінің жолын кесілді

    АТЫРАУ, 25 тамыз. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҚР ІІМ арнайы мақсаттағы күштерін тарта отырып, Атырау облысы прокуратурасының келісімі бойынша Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының аумағында құрамында есірткі бар өсімдіктер өсіруді ұйымдастырған қылмыстық топтың заңға қайшы әрекетінің жолын кесті, деп ҚР ҰҚК  баспасөз қызметі хабарлайды. Арнайы операция нәтижесінде 2021 жылғы 18 тамызда үш плантацияда 31 адам […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Тәжікстан ІІМ Таулы Бадахшанда терроризмге қарсы операция бастады

    НҰР-СҰЛТАН, 18 мамыр.Тәжікстан ішкі істер министрлігі Таулы Бадахшан автономиялы облысының Рушан ауданында “терроризмге қарсы операция басталғанын” хабарлады. Бұл жөнінде ведомствоның баспасөз қызметіне сүйенген мемлекеттік “Ховар” агенттігі хабарлады. Жергілікті ақпарат агенттіктері «жергілікті тұрғындарға оқ атылғанын» жазды, деп АзаттықРадиосына  сілтеме жасап  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Тәжікстан ІІМ мәлімдеуінше, бір күн бұрын “ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері” елдегі жағдайды […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • ОАР-да БҰҰ-ның үш бітімгері қаза тапты

    АСТАНА, 05 қазан.Орталық Африка Республикасының солтүстік-батысындағы Уам-Пендезон аймағында бомба жарылысынан Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) үш бітімгері қаза тапты, деп хабарлайды Anadolu агенттігі . Ұлттық БАҚ-тың хабарлауынша, белгісіз қарулы топ Уам-Пендезон аймағындағы Каита ауылының маңында патрульде жүрген БҰҰ бітімгершілік күштеріне шабуыл жасаған. Шабуыл кезінде БҰҰ бітімгершілік контингентінің үш бангладеш сарбазы қаза тапты. Шабуылға қатысты тергеу басталды.  
    • 3 Years ago
    • 0
  • ҰҚК: Трансұлттық қылмыстық топ әрекетінің жолы кесілді

    НҰР-СҰЛТАН, 16 қараша. Ұлттық қауіпсіздік комитеті трансұлттық қылмыстық топты ұстады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz  комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 2020 жылдың сәуір-қазан айлары кезеңінде ҚР ҰҚК шетелден ҚР-ға синтетикалық есірткі жеткізуді, сондай-ақ оларды жасауды және «Борат24» интернет-дүкені арқылы сатуды жүзеге асырған трансұлттық қылмыстық топ әрекетінің жолын кесу бойынша ауқымды операция өткізді. «Трансұлттық есірткі құрылымындағы 34 қатысушы […]
    • 4 Years ago
    • 0