Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Ауғанстанның оңтүстігінде «Талибанның» кем дегенде 35 содыры залалсыздандырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 10 наурыз. Ауғанстанның оңтүстігіндегі Забул провинциясында арнайы операция кезінде кем дегенде 35 «Талибан» содыры жойылды, 19-ы жарақат алды, деп Avesta.Tj сілтеме жасап Анадолу агенттігі хабарлайды. Ауған армиясының операциясы әуе күштерінің қолдауымен өтті. Операция кезінде топтың екі мүшесі қолға түсті. Ауғанстан Қорғаныс министрлігі Мизан аймағында талибаннан бірнеше ауыл босатылып, көлік, мотоциклдер мен қару-жарақ ұсталғанын хабарлады. […]
    • 3 Years ago
    • 0
  •  Сириядан Түркияға заңсыз кіруге әрекет жасаған ДАИШ-тың 11 мүшесі  ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 09 наурыз.Хатайдың Алтынөзү шекара желісінде Түркияға Сириядан заңсыз кіруге әрекет жасаған террор ұйымы ДАИШ-ке мүше 11 террорист ұсталды, деп TRT жазады.  Ұлттық қорғаныс министрлігі жасаған мәлімдемеге қарағанда Сириядан елге заңсыз кірмек болған ДАИШ террор ұйымына мүше 11 террорист Хатайдың Алтынөзү шекара желісінде ұсталды. Жасалған тергеу нәтижесінде ұсталғандардың бірінің қызыл бюллетеньмен іздеу салынған ДАИШ-тік террорист […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Түркия әскери-әуе күштері Ирактың солтүстігінде КЖП-ның ондаған террористерін залалсыздандырды

    НҰР-СҰЛТАН, 09 наурыз. Түрік әскери-әуе күштері Ирактың солтүстігіндегі Хакурк және Кандил аймақтарындағы әуе операциясы кезінде 25 Күрдістан жұмысшы партиясының (КЖП/ РКК)  террористін залалсыздандырды, деп Түркия ұлттық қорғаныс министрлігінің басшысы Хулуси Акарға сілтеме жасап Анадолу агенттігі хабарлады. Оның айтуынша, жойылған содырлардың арасында топ жетекшілерінің бірі бар. «Біз КЖП-сы еш жерде, соның ішінде Қандилде өзін еркін сезінбейтіндігін […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Витебск қаласында миналау туралы ақпараттан кейін сегіз мектеп тексеріліп жатыр

    НҰР-СҰЛТАН, 09 наурыз. Миналау туралы хабарламаларға байланысты Витебск қаласындағы бірнеше мектептен 800-ден астам адам эвакуацияланды. Бұл туралы сейсенбі күні Витебск облыстық атқару комитетінің ІІБ баспасөз қызметі өзінің Telegram каналында хабарлады, деп жазады ТАСС.  «9 наурызда білім беру мекемелерінің бірінің директоры полицияға жүгінді. Ол мектептің электронды мекен-жайына білім беру мекемесін миналау туралы хабарлама келіп түскенің айтты. […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Алматыда үйінен гашиш сатқан ер адам ұсталды

    АЛМАТЫ, 09 наурыз. НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат — Алматыда үйінде есірткі сатқан тұрғын ұсталды. Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Алматы қаласының Алатау ауданында гашиш сатқан ер адам ұсталды. Күдікті есірткіні үйінде сатып отырған. Полиция қызметкерлері оның тұрып жатқан жерін тінту барысында 190 грамм гашиш тәркіледі», — деді […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • АИР президентінің кеңесшісі: «Талибанмен» келісім Ауғанстанға бейбітшілік әкелмейді

    НҰР-СҰЛТАН, 09 наурыз. Ауғанстан президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Хамдуллах Мухиб елде тұрақты бейбітшілікті қамтамасыз ету үшін «Талибанмен*» келісімдер жеткіліксіз деп мәлімдеді. Бұл туралы  Anadolu жазады. Бұл туралы Мұхиб Кабулда өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді. Оның айтуынша, тәлібтермен келісімдер аймаққа тек уақытша тыныштық әкеледі. Мухиб бейбітшілікке жету үшін келіссөздердің аймақтық және жаһандық аспектілері мұқият қарастырылуы керек […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның солтүстігінде шабуыл салдарынан 8 полиция қызметкері қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 07 наурыз.  Ауғанстанның солтүстігіндегі Балх провинциясында «Талибан» қозғалысы содырларының қарулы шабуылы салдарынан сегіз полиция қызметкері қаза тапты, деп Анадолу агенттігі хабарлайды. Балх полиция басқармасының өкілі Адилшах Адилдің «Aнадолу» агенттігіне берген мәліметіне сәйкес, тәлібтер Нахри-Шахи аймағындағы Шахрак Түркмания ауылындағы полиция бөлімшесіне қарулы шабуыл жасады. Шабуыл салдарынан сегіз полиция қызметкері қаза тауып, төртеуі жарақат алды. Тәлібтермен […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Швецияда балтамен қаруланған адам мұсылмандарды қорқытты

    НҰР-СҰЛТАН, 07 наурыз.  Швецияның Мальмё қаласында бір адам қолына балта алып қала әкімшілігі автобусында мұсылмандарды қорқытты, деп TRT хабарлайды.  Aftonbladet газетінің хабарына қарағанда балталы адам автобусқа шығып «Исламшылдар қайда? Барлығыңды өлтіремін» деп айқайлағаны білдірілді. Мальмё қаласы полиция басқармасының мәлімдемешісі Олссон балталы адамның қысқа уақытта ұсталғанын және ұсталған кезде де полицияға құқай көрсеткенін айтты.
    • 3 Years ago
    • 0
  • Сомали астанасында жойқын жарылыс салдарынан кем дегенде 20 адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 07 наурыз.  Сомали астанасы Могадишода жұма күні болған жарылыстан кем дегенде 20 адам қаза тапты. Бұл туралы Reuters агенттігіне  сілтеме жасап ТАСС хабарлады .  «Әзірге біз жарылыс болған жерден 30 жаралы және 20 қаза тапқан адамды шығарып алдық», — деді агенттікке жедел жәрдем өкілі. Куәгерлердің айтуынша, мейрамхананың маңында үлкен жылдамдықпен келе жатқан көлік жарылған. […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Жамбыл облысында «Допинг» ЖАІШ аясында 42 есірткі қылмысы тіркелді

    ТАРАЗ, 05 наурыз. Жамбыл облысының полицейлері «Допинг» жедел алдын алу шарасы барысында 42 есірткі қылмысын анықтады, деп облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап  ҚазАқпарат хабарлайды. Жамбыл облысының полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері бес күндік «Допинг» шарасы кезінде 42 есірткі қылмысын анықтады. «11 қылмыстың ішінде Қылмыстық кодекстің 297-бабы бойынша — 4 дерек, ҚК 296-бабының […]
    • 3 Years ago
    • 0