Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Грузияда Фетуллах Гюленнің тағы бір мектебі лицензиясынан айырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым. Грузиядағы білім сапасын дамытудың ұлттық орталығы Фетуллах Гюлен басқаратын «Параллельді мемлекет» (FETÖ) лаңкестік ұйымының қолдаушылары құрған Шота Руставели атындағы бастауыш мектебі мен лицейінің лицензиясынан айырды. Бұл туралы Анадолу агенттігі хабарлады . Рустави қаласында жұмыс істейтін білім беру мекемесінің лицензиясы инфрақұрылым мен жылдық оқу жоспарының Грузия мемлекеттік стандарттарына сәйкес келмеуіне байланысты қайтарып алынды. […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Күніне жүздеген суицидке, терроризмге үндейтiн интернет ресурстарды анықтаймыз – Мауберлинова

      НҰР-СҰЛТАН, 26 шілде. Ақпарат жəне қоғамдық даму вице-министрi Нұргүл Мауберлинова жұртшылықтың талқысына түскен қауiпсiздiк сертификатын орнату мəселесiне қатысты пiкiр бiлдiрдi, деп хабарлайды Елорда Инфо тiлшiсi. «Бiздiң министрлiк интернет беттерiнде, əлеуметтiк желiлерде тұрақты түрде мониторинг жүргiзiп, заң бұзатын жағдайларды анықтап отырамыз. Əрине ең алдымен терроризмге, дiни экстремизмге үндейтiн, суицидке шақыратын материалдардың, сол сияқты есiрткi, қару-жарақ сататын сайттардың […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Сомали астанасында жарылыс болып, сегіз адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 25 қараша. Сомали астанасы Могадишо қаласында жарылыс болып, сегіз адам қаза тапты, деп ӨзА агенттігі хабарлайды. Garowe газетінің хабарлауынша, қайғылы оқиға Африка Одағының Сомалидегі бітімгершілік миссиясының (AMISOM) нысаныда болған. Жарылыстан кейін көшеде бірден атыс басталған. Апат салдарынан мектеп пен аурухана ғимараттары қирап, бірнеше көлік зақымданғаны айтылады. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары жарылыстың себептерін анықтауда. Зардап […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ливанда 4 адам содырдың қолынан қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 05 маусым. Ливаннның Триполи қаласында мемлекеттік мекеменің алдында шабуыл жасалды.Бұл туралы 24.kz хабарлайды.  Оқыс оқиғада екі тәртіп сақшысы мен екі әскери адам ажал құшты. Мәлім болғандай, шабуылды жалғыз адам ұйымдастырған. Ол алдымен жарылғыш бомба лақтырып, кейін қауіпсіздік қызметкерлеріне оқ жаудырған. Жедел әрекет еткен әскерилер содырдың тығылып жатқан жерін тауып алғанымен, қылмысқер өзін-өзі жарып жіберген. […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Сирияда лаңкестік жарылыстан 3 адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 04 шілде. Сирияның  оңтүстік шығысындағы Эс-Сувейда қаласында жарылыс болды, деп 24.kz хабарлайды.  Халық көп жүретін көшелердің бірінде мина қойылған мотоцикл жарылып, 3 азамат көз жұмды. Тағы 7 адам түрлі жарақат алды. Әзірге бұл шабуылға кімнің жауапты екені белгісіз. Ешбір ұйым оны өз мойнына алған жоқ. Айта кетсек, бұл осы жылы Эс-Сувейдада орын алған бірінші […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • ШҚО  есірткі зертханасы жойылды

    ӨСКЕМЕН, 04 маусым. ШҚО полицейлері марихуана өндіретін есірткі зертханасын жойды, – деп хабарлайды Polisia.kz “Қарасора – 2022” республикалық жедел алдын алу іс-шарасы аясында Шығыс Қазақстан облысының полицейлері Өскемен қаласындағы пәтерлердің бірінде орналасқан марихуана өндіру есірткі зертханасын жойды. Құқық қорғаушыларға есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысы бар 26 жастағы ер адамға қатысты жедел ақпарат түсісімен, дереу іске кіріскен олар пәтердің ішінде […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанда көлік жарылысы салдарынан 1 бейбіт тұрғын қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 26 қаңтар.  Кабул провинциясындағы лаңкестік әрекет салдарынан бір бейбіт тұрғын қаза тапты, деп провинция полициясының өкілі Фердевс Фарамарзға сілтеме жасап Анадолу агенттігі хабарлайды. Фарамарздың айтуынша жарылыс Адех Газни ауданында болған. Террористер бомба салынған көлікті жарып жіберді.Жарылыс салдарынан бір бейбіт тұрғын қаза болды. Әзірге ешқандай топ шабуылға жауапкершілікті мойнына алған жоқ.
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның қауіпсіздік күштері «Талибанның» ықпалды қолбасшысының көзін жойды

    НҰР-СҰЛТАН, 07 желтоқсан. Ауғанстан қауіпсіздік күштері қақтығыс кезінде «Талибанның» басты әскери қолбасшыларының бірі, елдің солтүстік-шығысындағы Бағлан провинциясының Хинджан аймағының көлеңкелі басшысы болған Молла Әмірді және оның үш қарулы серіктесін өлтірді деп хабарлады жергілікті полиция. Бұл туралы Синьхуа агенттігі жазады . Провинциялық полицияның ресми өкілі Джавед Башараттың айтуынша, «Талибан» содырлары (ҚР — да тыйым салынған ұйым) […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Нигерияда «Боко Харамның» 20 содыры жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 12 мамыр. «Боко Харам» лаңкестік тобының (Ресей Федерациясында тыйым салынған ұйым) кем дегенде 20 содыры Нигерия армиясының мүшелерімен жойылды, деп Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап REGNUM хабарлайды. Қақтығыс Нигерияның солтүстігіндегі Борно штатындағы Бама қаласының жанында болды деп хабарланады. Атыс кезінде 20 лаңкес жойылып, қалған содырлар қашып кетті. Әзірге Нигерия қарулы күштерінің өкілдері бұл оқиғаға қатысты […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Францияда мұғалімнің өлтіру ісіне байланысты төрт мектеп оқушысы қамауға алынды

    НҰР-СҰЛТАН, 27 қараша. Франция полициясы 16 қазанда Конфлан-Сент-Онорин коммунасында тарих пәнінің мұғалімі Сэмуэл Патидің өліміне кесуге байланысты тағы төрт оқушыны қамауға алды. Бұл туралы Le Figaro-ға сілтеме жасап REGNUM АА хабарлайды. 13-14 жас аралығындағы мектеп оқушылары «лаңкестік шабуылға қатысушылық»  және «лаңкестік қауымдастық құру» деген күдікпен қамауға алынды. Естеріңізге сала кетейік, 19 қарашада Францияның Анси қаласында […]
    • 4 Years ago
    • 0