Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Теолог Асқар Сабдин діни экстермизм мен тероризмге қарсы арнайы дәріс оқыды

    НҰР-СҰЛТАН, 12 қыркүйек. Белгілі теолог Асқар Сабдин  Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің бірінші курс студенттеріне  діни экстремизм мен тероризмге қарсы дәріс оқыды, деп университеттің сайтында хабарланған.  Нұр-Мүбарак университетінің бірініш курс студенттеріне  экстремизм мен тероризмге қарсы Экстремизмнің алдын алу саласындағы мамандарды қайта даярлау институтының директоры, белгілі теолог Асқар Сабдин діни экстермизм мен тероризмге қарсы арнайы дәріс оқыды. Бұл […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ирак түрмесінде де Қазақстан әйелдері бар

    НҰР-СҰЛТАН, 13 қараша. Қазіргі уақытта Ирак түрмесінде Қазақстанның бірнеше әйелі отыр. Ресми ақпаратқа сенсек, Ирак билігі ол әйелдерді өмір бойы бас бостандығынан айырған, деп Kazislam жазады. Атырау облысы дін істері басқармасының басшысы Қайролла Көшқалиевтың айтуынша, ол әйел адамдар елге қайта алмайды. «Себебі, біздің мемлекетіміз бен Ирактың арасында жазасын өтеушілерді елге қайтару  туралы келісім жоқ. Сол […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Тәжікстан полигонында үш елдің сарбаздары қатысқан әскери жаттығу өтті

    НҰР-СҰЛТАН, 11  тамыз. 10 тамызда Ресейдің, Өзбекстанның және Тәжікстанның бірлескен әскери жаттығуы аяқталды. Ауған-тәжік шекарасынан 20 шақырым қашықта жайғасқан Тәжікстанның «Харб-Майдон» полигонындағы жаттығу 5 тамызда басталған, деп хабарлайды Орталық Азия жаңалықтар қызметі.  Үш тарапты жаттығу кезінде қарулы топтарды жою, нысандарды қайтару және әуе бақылауы жүргізу бойынша машықтанған. Оған 2500-тен астам жауынгер, оның ішінде Ресейдің 1800, Өзбекстанның 200 […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Индияның үш әуежайында ұшақ жаулап алу қауіп-қатеріне байланысты қауіп ережесі еңгізілді

    Нью-Дели. 17 сәуір. Мумбаи, Ченнаи және Хайдарабад қалаларының халықаралық әуежайларында ұшақтарды жаулап алу қауіп-қатеріне байланысты қауіп ережесі еңгізілді. NDTV телеарнасының хабарлауынша, әуежайдың барлық қауіпсіздік қызметтері дайындық күйіне келтірілді. Осы ақпараттарға сәйкес, Мумбаи қаласының полиция басшысына, мейрамханада алты жігіттің әуе ұшақтарын жаулап алу тәсілдерін талдап жатқан әңгімені естіп қалған  бейтаныс әйелден электрондық пошта арқылы келіп түскен. Айтуынша бұл іс-шарада […]
    • 8 Years ago
    • 0
  • Жамбыл полицейлері Нұр-Сұлтан қаласының тұрғынынан 17 келіге жуық гашиш тәркіледі

    ТАРАЗ, 08 қазан. Жамбылдық полицейлер есірткі тасымалдаған елорда тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері “Қарасора-2021” республикалық жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында “Шу-Қордай” автожолында Hyundai маркалы автокөлікті тоқтатты. Онда “Тея” атты қызметтік итімен автокөлікті тінту кезінде 37 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғынынан 16 келі 730 грамм “гашиш” есірткі […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның Кундуз қаласында жарылыс болды

    НҰР-СҰЛТАН, 27 сәуір. Сәрсенбі күні таңертең Ауғанстанның солтүстігіндегі Құндыз қаласының (аттас провинцияның әкімшілік орталығы) аудандарының бірінде жарылыс болды, деп Синьхуа агенттігі хабарлайды. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасай отырып «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Агенттіктің мәліметінше, оқиғадан кем дегенде екі бейбіт тұрғын зардап шеккен. Елдегі билікті басып алған радикалды «Талибан» қозғалысы бұл ақпаратқа […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Үндістанның Манипур штатындағы шабуылда жеті адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 14 қараша. Үндістанның солтүстік-шығысындағы Манипур штатында болған террорлық шабуылда кем дегенде жеті адам, оның ішінде «Ассам атқыштары» әскерилендірілген құрамының бес қызметкері қаза тапты, деп хабарлайды «Синьхуа» агенттігі. Бұл ақпаратты Үндістанның Қорғаныс министрі Раджнатх Сингх растады. Белгісіз лаңкестер «Ассам атқыштары» бөлімшесінің жасақтарына  шабуыл жасап, жеті адамды оқиға орнында өлтірді.  «Манипур штатының Чурачандпур округіндегі «Ассам атқыштарының» […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • ІІМ: Түркияда жыл басынан бері 152 лаңкестік әрекеттің алды алынды

    НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек.Осы жылдың басынан бері Түркияның қауіпсіздік құрылымдары ДЕАШ лаңкестері жасауды жоспарлаған 152 террорлық шабуылдың алдын алды, 26,8 тонна жарылғыш зат тәркіленді, деп Түркияның ІІМ басшысы Сулейман Сойлуге сілтеме жасап  Анадолу агенттігі хабарлайды. Министрдің айтуынша, ДЕАШ  лаңкестерімен күрес — бұл қылмыстың алдын алудың сәтті бағыттарының бірі ғана. Ішкі істер министрлігі Фетуллах Гюленнің лаңкестеріне де […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • «Жусан: Оралу мен оңалу»

    НҰР-СҰЛТАН, 04 қараша. «Qazaqstan» телеарнасы Сириядағы соғыстан құтқарылған қазақстандықтар туралы деректі фильм түсірді. 3 қараша күні  ұлттық арна «Оралу мен оңалу» атты деректі фильмінің алғашқы бөлімін ұсынды.   «Жусан: оралу мен оңалу» атты екі бөлімді туынды «Жусан» арнайы гуманитарлық операциясының желісімен әзірленген.
    • 5 Years ago
    • 0
  • Тәжік-ауған шекарасында болған қақтығыста жеті әскери қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 18 мамыр. Өткен түнде «Талибан» содырлары Тәжікстанмен шекарада орналасқан Тахар провинциясының Янги-Қала ауданында үкімет күштерінің бекеттеріне шабуыл жасады, деп аймақ губернаторының баспасөз хатшысына сілтеме жасап ТаджикТА хабарлайды. «Жергілікті «хезиши мардуми» өзін-өзі қорғау отрядының жеті сарбазы өлтірілді, тағы екеуі жарақат алды», — деп БАҚ баспасөз өкілі Мухаммад Джавад Хижри хабарлады. Қақтығыс таңғы сағат 5-ке дейін […]
    • 4 Years ago
    • 0