НҰР-СҰЛТАН, 18 қазан. Нұр-Сұлтанда террористік тұрғыдан осал нысандар тексеріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап. Жыл басынан бері 130-ға жуық нысан тексеріліп, кемшіліктерді жою үшін 40-тан астам ұйғарым енгізілген. Терроризмге қарсы қорғау талаптарын орындамайтын әртүрлі санаттағы 7 нысанның иелері ҚР ӘҚБтК 149-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мұндай талаптарға заманауи күзет жабдықтарымен жабдықтау, […]