Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Наурыз мейрамы құтты болсын!

    НҰР-СҰЛТАН, 22 наурыз. «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ баршанызды шын жүректен Наурыз мейрамымен құттықтайды! Ел тыныш, туған жер аман болып, арайлап атқан әрбір таң шат көңіл, бақыт және береке сыйласын. Ақ мол, жыл ырысты болсын! Ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасы гүлдене берсін!
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ақмола облысында террористік акті туралы жалған ақпарат берген адам іздестірілуде

    КӨКШЕТАУ, 21 наурыз. Ақмола облысында террористік акті туралы жалған ақпарат берген адам іздестірілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Бүгін наурыздың 21-де сағат 18:15 полицияға Зеренді аудандық ауруханасының жедел жәрдем стансысының фельдшері хабарласып, «103» арнайы желісі арқылы медициналық мекемеге жарылатын зат қойылғаны туралы хабар түскенін айтты. Дереу оқиға орнына ПД бастығы, полиция […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Алтайда «синтетика» сататын интернет-дүкен ұйымдастырушылары сотталды

    НҰР-СҰЛТАН, 21 наурыз. Ресейдің ФҚҚБ-нің Алтай өлкесіндегі тергеу бөлімі жинаған айғақтар Бийск ауданындағы «синтетика» сатушыларының сотталуы үшін жеткілікті негіз болды. Облыс тұрғындары Дмитрий Караваев (1975 ж.т.), Роман Жуков (1993 ж.т.) және Алексей Грушко (1991 ж.т.) алты жылдан астам уақытты түрмеде өткізеді, деп ФҚҚ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап REGNUM хабарлайды. Тергеу мәліметінше, 2019 жылдың мамыр-шілдесі аралығында […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Павлодар облысында полиция қызметкерлері жеті қап марихуана тәркіледі

    ПАВЛОДАР, 21 наурыз. Павлодар полициясы есірткінің ірі партиясын тәркіледі, деп хабарлайды ҚазТАГ . «Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері үш адамды ұстады. Полицейлер өсімдік тектес сұр-жасыл заттың жеті қабын тәркіледі. Сараптама нәтижелері бойынша, бұл есірткі — кептірілген марихуана, жалпы салмағы 201 кг 700 г. Есірткінің тәркіленген салмағы аса ірі болып […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Дағыстанда ірі мөлшердегі апиын партиясы бар Әзірбайжан азаматы ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 21 наурыз. Дагестанның мемлекеттік шекарасында Ресейге ірі көлемде есірткі затын әкелмекші болған кезде Әзірбайжан азаматы ұсталды. Тәртіп сақшылары ер азаматтан бес келіден астам апиын тапты, деп «Интерфакс-Юг» сілтеме жасап  REGNUM жазады. Есірткі ВАЗ-2110 автокөлігіндегі арнайы жабдықталған жерінде жасырылған. Тыйым салынған заттар тәркіленіп, күдіктінің үстінен «Есірткі, психотроптық заттар, олардың прекурсорлары немесе аналогтары, құрамында есірткі бар […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Латвияда Нидерландыдан Ұлыбританияға кокаин жеткізетін топ ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 21 наурыз. Латвия Мемлекеттік кірістер қызметінің жанындағы Кедендік полиция басқармасы есірткі контрабандасымен және алынған қаржыны ірі көлемде заңдастырумен айналысатын халықаралық қылмыстық топты құрықтады, деп diena.lv. сайтына сілтеме жасап REGNUM жазады. Қозғалған қылмыстық іс аясында алты адам ұсталды, олардың бірі — Эстония азаматы. Екі адамға қатысты қамауға алу шарасы қолданылды. Топ Нидерландыдан Ұлыбританияға жүк таситын […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Малиде содырлардың шабуылы нәтижесінде 29 әскери қызметкер қайтыс болды

    НҰР-СҰЛТАН, 21 наурыз. Бейсенбі күні таңертең Малидің солтүстігіндегі Гао аймағында болған лаңкестік шабуылдың құрбандары ел армиясының 29 әскери қызметкері болды. Бұл туралы Синьхуа ақпарат агенттігі Мали үкіметінің мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлады . Мәлімдемеге сәйкес, жарақат алғандар да бар, сонымен қатар шабуыл нәтижесінде материалдық шығын келтірілген. Мали үкіметі шабуылды қатты айыптап, армиядан бүкіл ел аумағында терроризммен […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Сирияда лаңкестермен болған қақтығыс кезінде екі түрік әскерилері қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 20 наурыз. Бейсенбі күні Сириядағы М4 тас жолында Түркиямен  бақыланбайтын лаңкестік топтың содырларымен болған қақтығыста екі түрік әскері қызметкері қайтыс болды, деп хабарлайды РИА Новости Сириядағы соғысушы тараптарды татуластыру жөніндегі Ресей орталығының жетекшісі контр-адмиралы Олег Журавлевтің мәлімдемесіне сілтеме жасап. «Мханбель елді мекенінің маңындағы М4 тас жолын инженерлік барлау кезінде түрік әскерилеріне Түркиямен бақыланбайтын лаңкестік […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • БАҚ: Ресейде «миналанған» ұшақтардың саны 10-ға жетті

    НҰР-СҰЛТАН, 20 наурыз. Жұма күні Ресейде «миналанған» ұшақтар саны онға дейін өсті. Бұл туралы шұғыл қызметтердегі ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып ТАСС хабарлайды. «Шереметьево әуежайына тағы жеті ұшақтың —  Мәскеуден Мурманскіге, Архангельскіге, Орынборға, Уфаға, Челябіге, Санкт — Петерборға және Новосібір-Мәскеу рейстерінің  «миналануы»  туралы жасырын хабарлама келіп түсті», — деді агенттіктің сұхбатшысы. Бұған дейін дереккөз үш […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ресейде бір тәулік ішінде жеті ұшақ «миналанған»

    НҰР-СҰЛТАН, 19 наурыз. Ресейде ұшақтарды  «миналау» толқыны жалғасуда, деп шұғыл қызметтердегі дереккөзге сілтеме жасап ТАСС хабарлайды. Елордалық әуежайға ұшақты «миналау» туралы жетінші хабар келіп түсті . Дереккөздің хабарлауынша, бұл тәулік ішінде «миналанған» борттардың рекордтық саны . «Домодедово әуежайының электрондық поштасына Мәскеу-Сочи рейсінің «миналануы»  туралы жасырын хабарлама келіп түсті. Қазір ол тағайындалған әуежайға қонуға дайындалуда», — […]
    • 5 Years ago
    • 0