НҰР-СҰЛТАН, 28 ақпан. Панамада 5 тонна есірткі тәркіленді, деп 24.kz хабарлайды. Бұл туралы жергілікті тәртіп сақшылары хабарлады. Полицейлердің мәлімдемесіне сай, есірткі зат сүңгуір қайық ішінен табылған ол Колумбия жағалауынан шығып, Орталық Америкаға жүзіп бара жатқан. Қазір осы оқиғаға байланысты 4 колумбиялық азамат ұсталып, қамауға алынды. Айта кетейік, Орталық Америка есірткі тасымалдауда негізгі бекет саналады.