Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Алматыда лаңкестік әрекетті жоспарлаған деструктивті діни ағым мүшелері ұсталды

    АЛМАТЫ, 18 ақпан. 2020 жылғы 14 ақпанда Қазақстан Республикасы ҰҚК жедел-іздестіру іс-шараларын ұйымдастыру нәтижесінде Алматы қаласында деструктивті діни ағымның 2 ұстанушысын ұстап, сот санкциясымен қамауға алды, деп ҚР ҰҚК ресми сайты хабарлайды.  Олардың мекенжайлары бойынша тергеу іс-қимылдарын жүргізу барысында қолдан жасалған жарылғыш құрылғы, оны жасауға арналған құрамдас бөліктер, суық қару, шабуылдау көзделген объектілердің фото және […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • ІІМ: Тәжікстанда былтыр тыйым салынған ұйымдардың 160 мүшесі ұсталған

    НҰР-СҰЛТАН, 17 ақпан. Тәжікстан ішкі істер министрінің хабарлауынша, өткен жылы ел аумағында тыйым салынған террористік және экстремистік ұйымдардың 162 мүшесі ұсталды, деп centralasian.org хабарлайды.  Олардың дені «Ислам мемлекеті», «Салафия» діни ағымы, Тәжікстан ислам өркендеу партиясына мүше болған деді Рамазон Рахимзода Душанбеде өткен баспасөз конференциясында. Террористік және экстремистік ұйымдардың 50-ден астам мүшесі шетелде ұсталған делінеді. Рамазон Рахимзоданың […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Түркістанда деструктивті діни ағымдарға қатысты 30-дан астам қылмыс ашылды

    ТҮРКІСТАН, 17 ақпан. Түркістан облысының полиция қызметкерлері деструктивті діни ағымды ұстанушылардың қатысуымен болған 34 қылмысты ашты. Оның ішінде діни араздықты қоздыру, жеке мүлікті ұрлау, есірткі өткізу мен сақтау және басқа да қылмыстар болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен жылы сондай-ақ діни тәжірибесін жасырып, заңсыз медициналық қызмет пен емшілік жасаған деректер де […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Қырымда синтетикалық есірткі дайындаған зертханасының қызметі тоқтатылды

    НҰР-СҰЛТАН, 16 ақпан. Қырымдағы ФҚК басқармасы ірі есірткі жасау зертханасының қызметін тоқтатты. Бұл туралы 15 ақпанда Ресей Федерациясының Қырым Республикасы мен Севастопольдегі Федералды қауіпсіздік қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап  REGNUM хабарлады. Синтетикалық есірткіні өндіру зертханасын Симферопольдің 23 және 24 жастағы екі тұрғыны жеке үйде ұйымдастырды. Өндірілген есірткі заттары Қырым, Севастополь және Краснодар өлкесіне таралды. Белогор […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Сириядағы лаңкестер үкімет тікұшағын атып құлатты

    НҰР-СҰЛТАН, 16 ақпан. Сирияның Идлиб аймағында үкімет әскерінің тағы бір тікұшағы атып түсірілді. Шабуыл оппозициялық күштердің бақылауындағы Куптан-аль Джабаль ауылының жанында жасалды, деп 24.kz хабарлайды.  Алепподағы шайқасқа беттеп бара жатқан тікұшаққа «жер-әуе» санатындағы зымыран қолданылған. Шабуылдан экипаж мүшелерінің бәрі қаза тапты. Осы аптаның басында бұл  ауданда үкімет әскерінің тағы бір тікұшағы атып түсірілген болатын. Айта […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Мюнхен конференциясында Қазақстан мен АҚШ-тың ынтымақтастығы талқыланды

    НҰР-СҰЛТАН, 16 ақпан. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мюнхен конференциясында Қазақстан мен АҚШ-тың ынтымақтастығы турылы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Біздің ел терроризмге қарсы күрес шараларын қабылдауда. Былтыр Сирия мен Ирактағы азаматтарымызды қайтару бойынша сәтті операциялар өткіздік. Осы орайда, АҚШ үкіметіне көрсеткен көмегі үшін алғысымды білдіргім келеді», — деді Президент «Географиялық орналасудың маңызы: Орталық Азиядағы қазіргі […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Лавров: Сирия бойынша Астана процесі ең тиімді алаң

    НҰР-СҰЛТАН, 16 ақпан. Сирия мәселесі бойынша Астана процесі ең тиімді алаң болып тұр. Бұл туралы Мюнхен қауіпсіздік конференциясында Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Конференцияның аясындағы сессия жұмысына қатысушылар Ресей мен Түркия арасындағы қарым-қатынас туралы сұрады. Өз кезегінде С. Лавров екі арасындағы қатыныстар өте жақсы деңгейде екенін атап өтті. Бұдан […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Нигерияның екі ауылына содырлардың шабуылынан кем дегенде 30 адам қайтыс болды

    НҰР-СҰЛТАН, 16 ақпан. Нигерияның солтүстігіндегі Кацина штатының ауылдарына жасалған шабуыл салдарынан кем дегенде 30 адам қаза тапты, деп хабарлайды РИА Новости жергілікті Punch газетіне сілтеме жасап. Басылымның мәліметінше, содырлар жұма күні кешке Кацина штатындағы екі ауылға шабуыл жасаған. Шабуыл салдарынан кем дегенде 30 адам қайтыс болды, құрбан болғандардың көпшілігі қарт адамдар мен балалар. Қазіргі уақытта […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Желіде діни мазмұндағы материал таратқан петропавлдыққа айыппұл салынды

    ПЕТРОПАВЛ, 15 ақпан. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, білімсіздік, теріс ақпарат – жастардың радикалдық ағымдарға өтіп кетуіне себепші болады. Сондықтан құқық қорғау органдарының мамандары көшеде тегін таратылатын материалдарға жоламауға кеңес береді. Діни әдебиет сатуға рұқсат беретін арнайы лицензиясы жоқ сауда орындарында сатылатын кітаптарды да алмаған жөн. Бұл жөнінде  Azattyq Rýhy порталына сілтеме жасап kazislam.kz  хабарлайды. «Діни мазмұндағы […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Өмір бойына сотталған лаңкес өзіне қол жұмсады

    ҚОСТАНАЙ, 15 ақпан. Ақтөбеде әскери бөлімге шабуыл жасаған лаңкес өзіне қол салды, деп ktk.kz хабарлайды. Өмір бойына сотталған 34 жастағы Асхат Иманғалиев түрмеде асылып қалған. Бұл туралы «КТК» арнасының сайтында хабарланды. Ол осыдан төрт жыл бұрын жат ағымның жетегінде кеткен жігіттермен 6655 әскери бөлімі мен қару-жарақ сататын дүкенге шабуыл жасаған. Сол кезде жеті бейбіт тұрғын қаза тауып, қырыққа […]
    • 4 Years ago
    • 0