Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Буркина-Фасодағы лаңкестік шабуылдан отыз алты адам қаза тапты

    НУР-СУЛТАН, 22 қаңтар. Буркина-Фасоның солтүстігінде болған лаңкестік шабуылдан кем дегенде 36 адам қаза тапты, деп хабарлайды  РИА Новости  үкіметтің коммюникесіне сілтеме жасап. «20 қаңтар дүйсенбі күні, қарулы террористер тобы Награого базарына шабуылдады. Сол жерде 32 отандастарымызды өлтіріп, базарды өртеп, шегініп бара жатқан кезінде Аламу ауылының маңында тағы төрт адамды өлтірді. Сонымен қатар, шабуыл нәтижесінде үш […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Тәжікстанда «Мұсылман ағайындар» қозғалысы өкілдері жаппай ұсталып жатыр

    НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар. Тәжікстанда тыйым салынған «Мұсылман ағайындар» («Ихвон-ул-муслимин») қозғалысының мүшесі деген күдікпен ұсталғандар саны 70-ке жетті, деп centralasian.org хабарлайды.  Ел билігі әзірге бұл жәйтқа қатысты ешқандай пікір білдірмей отыр. Азаттықтың тәжік қызметі құқық қорғау органдарындағы дереккөзіне сүйеніп хабарлағандай, соңғы екі аптаның ішінде аталған қозғалыс мүшесі деп қамалғандардың саны көбейіп жатыр. Ақпаратқа қарағанда, 20 қаңтарға дейін […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • 2019 жылы Израильде 560-тан астам лаңкестік әрекеттің алды алынды

    НҰР-СҰЛТАН, 21 қаңтар. Израильдің Ішкі қауіпсіздік қызметінің басшысы Надав Аргаман дүйсенбі күні жасалған мәлімдемесінде 2019 жылы Израильде «жүздеген террорлық шабуылдардың алды алынды» деп айтты, деп хабарлады  Синьхуа агенттігі. Н.Аргаман көпшілік алдында жасаған мәлімдемесінде оның қызметі 560-тан астам лаңкестік әрекеттің, оның ішінде он жанкештілердің шабуылын, адам ұрлаудың төрт фактісін және 300-ден астам оқ атудың алдын алды. […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Бангладеште жарылысты ұйымдастырғаны үшін 10 адам өлім жазасына кесілді

    НҰР-СҰЛТАН, 21 қаңтар. Дүйсенбі күні Бангладеш соты 2001 жылы Бангладештің Коммунистік партиясының саяси митингіде кемінде бес адамның өмірін қиған жарылыс үшін он содырды өлім жазасына кескен деп хабарлайды Синьхуа агенттігі . Лық толы сот залындағы арнайы трибуналдың судьясы тыйым салынған «Харкат-уль-Джихад-аль-Ислами» қарулы тобының он мүшесін өлім жазасына кесу туралы үкім шығарды. Сот осы іс бойынша […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • ҰҚК елордада Түркиядағы ТҚҚ қаржыландырған қылмыстық топтың мүшесін ұстады 

    Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұр-Сұлтан қаласында қылмыстық топтың белсенді мүшесін ұстады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  2019 жылғы 15 қаңтарда ҰҚК Нұр-Сұлтан қаласы бойынша  департаменті ҰҚК «А» АрнМақ күштерін тарта отырып, ҚР Қылмыстық кодексінің 266-бабы («ТҚҚ әрекетін қаржыландыру») бойынша қылмыс жасады деген күдікпен қылмыстық топтың белсенді мүшесі «С» деген Әзербайжан Республикасының азаматын ұстады. Көрсетілген […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Алматыда есірткіні жарнамалаған көше суретшісі қамауға алынды

    АЛМАТЫ, 21 қаңтар.  Алматы қаласы Бостандық ауданының полициясы есірткі құралдары мен психотроптық заттарды таратуға тыйым салған сайттардың атын жарнамалаған 25 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған А. есімді азаматқа есірткі құралдары, психотроптық заттар мен олардың аналогтарын насихаттау және заңсыз жарнамалау айыбы тағылды. «Есірткіні насихаттағаны немесе заңсыз жарнамалағаны үшін қылмыстық жауапкершілікті […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • The Guardian «Ислам мемлекетінің» жаңа басшысының есімін атады

    НҰР-СҰЛТАН, 21 қаңтар. «Ислам мемлекеті» террористік тобының жаңа жетекшісінің аты-жөні Әмір Мұхаммед Әбдел Рахман әл-Мауль деп хабарлады арнайы қызмет дерегіне сүйенген британдық Guardian басылымы. Бұл туралы  centralasian.org жазады.  Басылым оны ИМ-нің негізін қалаған ұйым идеологтарының бірі деп атайды. Газеттің жазуынша, Әмір Әбдел Рахман ұйымның бұрынғы жетекшісі Әбу Бәкір әл-Бағдади өлтірілгеннен кейін бірнеше сағаттан кейін ұйымды […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Граффити жазбалар арқылы есірткі жарнамалаушы күдіктілер ұсталды – ҚР ІІМ

    НҰР-СҰЛТАН, 20 қаңтар. Граффити жазбалар арқылы есірткіні насихаттайтын және жарнамалаушы күдіктілер ұсталды, деп ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды. Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, есірткі қылмысы үшін жауапкершілікті қатаңдататын қылмыстық заңнамаға енгізілген түзетулер күшіне енгеннен кейінгі алғашқы аптада есірткіні жарнамалау мен насихаттау үшін жауапкершілік белгілейтін Қылмыстық кодекстің жаңа бабы бойынша екі қылмыстық […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Мәскеуде Дағыстан тумасы ИМ қаржыландырғаны үшін сот алдына келеді

    НҰР-СҰЛТАН, 20 қаңтар. Мәскеуде Дағыстан Республикасының тумасы Ислам Өтемовке қарсы терроризмді қаржыландыру туралы қылмыстық істі тергеу аяқталды. Ол халықаралық террористік ұйым мүшесіне 60 мың рубль аударғаны үшін сотталады,  деп РФ ТК баспасөз қызметіне сілтеме жасап REGNUM хабарлайды. 2015-2017 жылдары Өтемов танысының өтініші бойынша оның банк карталарына 61 мың рубльді аударғаны анықталды. Бұл ретте, айыпталушы оның танысының […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Алжирде сегіз террорист ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 20 қаңтар. Алжирде лаңкестікке қатысы бар сегіз адам ұсталды, деп Алжирдің қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап REGNUM хабарлады. Террористердің серіктестері елдің солтүстік-шығысында (Эль-Уэд провинциясы), солтүстігінде (Бумердес провинциясы) және солтүстік-батыста (Тиссемсилт провинциясы) ұсталғаны белгілі болды. Бумердес пен Скикда провинциясында табылған жарылғыш құрылғылар да істен шығарылды. Бұл жерде әскерилер үш құпия қойманы жойды, соның ішінде қолдан жасалған […]
    • 5 Years ago
    • 0