Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Қырғызстанда Facebook желісінде «Хизб ут-Тахрир» материалдарын таратып жүрген әйел ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 18 желтоқсан. Таласта экстремистік материалдарды таратты деген күдікпен әйел ұсталды, деп Шу облысының ІІББ баспасөз қызметі мәлімдеді, деп Sputnik Қырғызстанға сілтеме жасап  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.  «Шу облысы Ішкі істер Бас басқармасының Экстремизмге және заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл қызметі қызметкерлеріне белгілі бір азаматшаның Facebook желісінде «Хизб ут-Тахрир»* ұйымының материалдарын таратып жүргені […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Владимир облысында әлеуметтік желілерде терроризмді насихаттаған ер адам сотталды

    НҰР-СҰЛТАН, 17 ақпан.  Ресейдің Владимир облысы бойынша ФҚҚБ-сы интернетте терроризм идеологиясын насихаттаған Орталық Азия республикаларының бірінің тумасы Ресей азаматының әрекетін тоқтатты. Ер адам екі жылға бас бостандығынан айырылды, деп аймақтағы ФҚҚБ баспасөз қызметі мәлімдеді. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  хабарлайды. «Радикалды діни идеологияға қосыла отырып, өзін «Ислам мемлекеті» […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Нұр-Сұлтанда ҚР Террорға  қарсы орталығының отырысы өтті

    НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір. 29 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында ҰҚК Төрағасы Ермек Сағымбаев Қазақстан Республикасы Террорға қарсы орталығының отырысын өткізді, деп ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.  Консультативтік-кеңес органының жұмысына мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың бірінші басшылары қатысты. 2018-2022 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Барша мұсылман қауымын Ораза айт мерекесімен құттықтаймыз!

    НҰР-СҰЛТАН, 02 мамыр. «Терроризмге қарсы комитет» республикалық қоғамдық бірлестігі барша мұсылмандарды  Ораза айт мерекесімен құттықтайды! Бүгін барша мұсылман қауымы үшін, құлшылық пен сабыр, береке мен бірлік, мейірімділік пен қайырымдылық айы —  қасиетті Рамазан аяқталып, көптен күткен Ораза Айт мейрамы басталды. Баршаңызды қасиетті де ұлық мерекемен құттықтай отырып еліміз тыныштық, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, табыстарыңызға береке […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Гаагада белгісіз біреулер Сауд Арабиясының елшілігінің ғимаратына оқ жаудырды

    НҰР-СҰЛТАН, 12 қараша. Нидерланды полициясының хабарлауынша, тәртіп сақшыларына Гаагадағы Сауд Арабиясының елшілігі орналасқан ғимарат жанында бейсенбі күні таңертең атыс туралы ақпарат түскен. Голландиялық De Telegraaf газеті ғимараттың терезелерінің бірінде оқ тиген  тесіктері көрінетін фотосуреттерді жариялады, деп хабарлайды ТАСС. Сауд Арабия билігі Гаагадағы патшалық елшілігіне жасалған шабуылды қатал айыптады. Тиісті мәлімдемені Нидерландыдағы Сауд Арабиясының дипломатиялық миссиясы […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Помпео Қазақстанның соғыс аймақтарынан азаматтарын қайтару жөніндегі жұмысын мақтады

    НҰР-СҰЛТАН, 02 ақпан. АҚШ соғыс аймақтарынан азаматтарды қайтару жөніндегі Қазақстанның жұмысын жоғары бағалады. АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Қазақстанның азаматтарды соғыс аймақтарынан қайтару жөніндегі жұмысын атап өтті, деп хабарлады «ҚазАқпарат». «Мен министрге Ауғанстанда бейбітшілікті орнату және тараптарды татуластыру жөніндегі біздің күш-жігерімізді Қазақстанның тұрақты түрде қолдағаны үшін алғыс білдірдім. Мен Қазақстанның Ирак пен Сириядан лаңкес-содырларды және […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Татарстан тұрғыны терроризмге жәрдемдесу үшін 9 жылға сотталды

    НҰР-СҰЛТАН, 12 қыркүйек. Еділмаңы округтік әскери соты террористік іс-әрекетке жәрдемдескен 47-жастағы Татарстан тұрғыны Алексей Верезумскийге қатысты үкім шығарды, деп Islam-today хабарлайды. Сот анықтауы бойынша, ер адам содырларды тартумен айналысқан, сондай-ақ террористік ұйымға ірі ақша соммасын аударған. Іс материалдарына сәйкес, Ютаза ауылында тұрған Верезумский жергілікті тұрғындар арасында терроризмді насихаттап, оларды «Имарат Кавказ» халықаралық террористік ұйымына кіруге […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Сириядағы соғыс зардабынан 330 мың адамның өмірі қиылды

    Дамаск. 18 шілде. Сирияның адам құқықтары жөніндегі бақылау кеңесінің мәліметінше, 2011 жылдан ағымдағы жылдың шілде айына дейінгі жүргізілген есеп қорытындысы бойынша елдегі соғыс 331 мың 765 адамның өмірін қиған. Асқан зорлықпен көз жұмған құрбандардың 99 мың 617-сі — қарапайым тұрғындар. Сириядағы соғыстың зардабынан өлім құшқан балалардың саны 18 мың 243-ді құрайды. Құқық қорғау органы қызметкерлері […]
    • 8 Years ago
    • 0
  • Иракта мешіттегі жарылыстан 10 адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым. Ирак астанасындағы мешіттің бірінде жарылыс болып, 10 адам қаза тапты. Тағы 30 тұрғын жарақат алды.Бұл туралы 24.kz хабарлайды. Лаңкестік әрекет адамдар мешітке намаз оқуға жиналған кезде болды. Бір содыр ғимаратқа кіріп, беліне байланған бомбаны іске қосқан. Терактіні қандай лаңкестік топ жүзеге асырғаны әзірге беймәлім. Қазір оны ұйымдастырғандар іздестіріліп жатыр.
    • 6 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның Газне провинциясында жасалған бомбалы шабуылда 4 бейбіт адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 25 сәуір.Газне губернаторлығы мәлімдемешісі Вахидулла Джумазада баспасөзге жасаған мәлімдемесінде Газненің Шализ аймағында жолға орналастырылған бомбаның бейбіт тұрғындар мінген көлік бұл аймақтан өтіп бара жатқанда жарылғанын мәлімдеді, деп TRT хабарлайды.  Жұмазада шабуыл кезінде 4 бейбіт тұрғынның қаза тапқанын, 2 бейбіт адамның жараланғанын білдірді. Әзірге шабуылдың жауапкершілігін ешкім мойнына алған жоқ.  
    • 4 Years ago
    • 0