Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • «Талибан» содырлары Ауғанстанның солтүстігінде 7 полиция қызметкерін өлтірді

    НҰР-СҰЛТАН, 09 желтоқсан. «Талибан» содырлары Ауғанстанның солтүстігіндегі Балх провинциясында жеті полиция қызметкерін өлтірді, деп Анадолу агенттігі хабарлайды. Балх полициясының бастығы Сайед Мираджуддин Садат журналистерге оқиғаның Шарбұлақ аймағында болғанын айтты. Азаматтық көлікпен Балх провинциясының әкімшілік орталығына бет алған полиция қызметкерлеріне Сулаиман Хил жерінде оқ атылды. «Талибан» бұл ақпаратқа қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ.
    • 4 Years ago
    • 0
  • Нигерияда содырлардың шабуылынан он бес сарбаз қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 21 шілде. Нигерияның солтүстігінде «Сахел санити» деп аталатын қаруланған заңсыз құралымдарға қарсы операция кезінде кемінде 15 әскері қаза тапты. Бұл туралы нигериялық Punch газетіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды. «Бандиттер 18-ші шілде күні Кацина штатының Фаскари аймағында 72-ші парашют батальонының бөлімшесіне торуылдан шабуылдады. Үш офицер мен 12 сарбаз қаза тапты», — деп Punch газеті Нигерия […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Қарағандыда есірткіні насихаттаумен бірлескен күрес ұйымдастырылды

    ҚАРАҒАНДЫ, 14 қаңтар. Тәртіп сақшылары, депутаттар, білім беру өкілдері мен қоғамдық көмекшілер есірткі заттарын насихаттауға қарсы шаралар ұйымдастыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ағымдағы жылдың 10 қаңтарында Қарағанды облысының Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық Үйінде Қарағанды қаласы полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Думан Қожахметовтың төрағалығымен заңсыз есірткі жарнамалау немесе насихаттау мәселелері бойынша, қылмыстық жауапкершілікті енгізу туралы түсіндірме жұмыстары […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Израиль әскери күштері Сирияға әуе шабуылын жасады

    НҰР-СҰЛТАН, 13 қаңтар. Израиль сәрсенбіге қараған түні Сирияның оңтүстік-шығысында әуе шабуылдарын жасады. Бұл туралы ria.ru-ға  сілтеме жасап azattyq-ruhy.kz хабарлайды. «Израиль Дейр-эз-Зор мен Бокемал қалаларындағы аудандарға шабуыл жасады», — деп хабарлайды жергілікті Ikhbariya телеарнасы. Sham FM радиостанциясы Дейр-эз-Зор провинциясының батысы мен шығысында бір уақытта бірнеше жарылыс естілгенін хабарлады. Зардап шеккендер туралы әлі ақпарат жоқ. Еске салайық, Израиль әскери күштері […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Теріс ағымды насихаттаушылары заман талабына сай виртуалды әлемде жасырын белсенділіктерін арттыруда

    НҰР-СҰЛТАН, 14 мамыр. Бүгінде «діни радикализм» сөз тіркесі әлі де күн тәртібінен түспей тұр. Соңғы жылдары еліміздегі діни ахуал тұрақталып, бір қалыпқа келгенімен, деструктивті діни идеологиялар таралып жатқан жоқ деп айтуға ертерек. Өйткені, теріс ағымды насихаттаушылар бұрынғыдай көзге түсіп көшеде әрекет етуден гөрі енді заман талабына сай виртуалды әлемде жасырын белсенділіктерін арттырған. Радикалды көзқарастардың қатері […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • «Қарасора-2020»:Атырау облысының тұрғынынан бес келіден астам есірткі табылды

    АТЫРАУ, 30 қазан. Атырау облысының тұрғынынан ірі көлемдегі есірткі тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz. “Қарасора” жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Атырау облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қала шетінде орналасқан Зарослый ауылының 28 жастағы тұрғынын ұстады. Оның мекенжайын тексеру барысында есірткі табылды. Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген есірткі – жалпы салмағы 5 кг 30 […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Бағдадтағы лаңкестік шабуылдардың орындаушылары Ирак азаматтары болды — Қорғаныс министрлігі

    НҰР-СҰЛТАН, 25 қаңтар. Ирак армиясы 21 қаңтар күні Бағдатта 32 адамның өліміне себеп болған қос жанкешті шабуылды жасаған 2 адамның Ирак азаматы екенін жариялады.Бұл туралы TRT хабарлайды.  Қарулы Күштер бас қолбасшылығы мәлімдемешісі Яхия Ресул мемлекеттік телеарнаға берген сұхбатында Бағдаттың орталығы Таяран алаңында тауар мен киім сататын және табысы төмен адамдар жиі баратын базарға жасалған шабуылмен […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • ІІМ: Тәжікстанда ИМ мүшесі болуы мүмкін күдікті милиция қызметкерлерін өлтіруді жоспарлаған

    НҰР-СҰЛТАН, 22 ақпан. Тәжікстанның құқық қорғау органдарының қызметкерлері Шахринав ауданында террористік шабуылдың жолын кесті. Бұл твуралы Ішкі істер минстрлігі Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының басшысы Шоди Хафиззодаға сілтеме жасап centralasian.org хабарлайды.  «Ислам мемлекеті» тобының мүшесі болуы мүмкін күдікті Шахринав ауданының милиция қызметкерлерін өлтіруді жоспарлаған. Ол ұсталды, қазір қамауда отыр», — деді министрлік басқармасының басшысы. Іске қатысты басқа мәлімет […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Екібатұзда ірі көлемде марихуана тәркіленді

    ПАВЛОДАР, 20 мамыр. Екібастұз қаласында арнайы операция барысында есірткі тасымалдады деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, аталған фактіге қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 296-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. — Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері «Toyota Carina» маркалы […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Францияда «Әл-каида» қаупі себепті террор сигналы берілді

    НҰР-СҰЛТАН, 24 шілде.  Әлеуметтік байланыс қосымшасы Telegram-да «Әл-Каидаға» тиесілі екені атап көрсетілген Ас-Сахаб арнасында 15 шілде күні жарияланған видеомен Францияға қоса президент Эммануэль Макрон мен Ішкі істер министрі Жеральд Дарманеннің аттары аталып қорқыту жасалды, деп TRT хабарлайды. Ішкі істер министрлігі губернаторлықтарға жолдаған хатында олардан жаз бойы террористік актілерден сақ болуды сұрады. Министр Дарманин өзінің Твиттердегі аккаунтынан […]
    • 4 Years ago
    • 0