Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Австралияда ұшаққа жасалмақ болған лаңкестік әрекеттің жолы кесілді

    Сидней. 30 шілде. Австралияның премьер-министрі Малкольм Тернбулл ұшақ жоюға бағытталған лаңкестік әрекеттің әшкере болғандығын мәлім етті, деп хабарлайды Франс Пресс агенттігі. «Өткен түнде ұшақты апатқа ұшырату мақсатында жасалмақшы болған лаңкестік әрекетке қарсы ірі операция жасалды», — деді ол журналистерге берген сұхбатында. Саясаткердің мәліметінше, Сиднейдегі рейд барысында төрт адам ұсталған. Австралияның барлық әуежайларында қосымша қауіпсіздік шаралары жүргізілді. […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Террористік ұйымның беделді тұлғасы қолға түсті

    Анкара. 29 шілде. Түркия құқық қорғау органдарының хабарлауынша елдің оңтүстік шығысында Диярбакр елді мекенінде «Күрдістан жұмыс тобы» атты террористік ұйымның беделді тұлғасы Мұрат Иылмаз қолға түсті. Тергеу барысында Мұрат Иылмаз аталмыш ұйымның қаржы істері жөніндегі басқармасына жауапты тұлға екендігі анықталды. Осыған байланысты бұл азаматқа террористік ұйымды қаржыландыру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Атап кетсек, бүгінге […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымында болған әйелдер халифат қатарына неге қосылғандарын айтып берді

    Дамаск. 27 шілде. BBC ақпараттық агенттігі Сирияда «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымының қатарында болып, кейіннен жихадшылардың қолынан қашып құтылған әйелдер туралы репортаж дайындады. Алғаш рет камера алдында халифат қатарына неге қосылғандарын бүкпесіз баяндаған әйелдер әлі де террористердің жанында өмір сүріп жатқандарға, «бұл әрекет сендерді уәде етілген жұмаққа апармайды» деген үндеу жолдады. Бұл әйелдер әлемнің әртүрлі бұрышынан […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Ирак әскерилері «Ислам мемлекеті» ұйымының зауытын жарып жіберді

    Мосул. 26 шілде. Ирак әскерилері «Ислам мемлекеті» (Қазақстан аумағында тыйым салынған) лаңкестік ұйымының жарылғыш заттар өндіретін зауытын жарып жіберді. Зауыт Мосул қаласының батыс бөлігінде орналасқан. Соңғы 5 күнде Ирактың террористерге қарсы күрес жасағына 40 жихадшы өз еркімен берілген. Олар қаланың тарихи бөлігінде бір айға жуық уақыт қоршауда қалып қойған болатын. Сондай-ақ лаңкестердің қолына түскен Мосул […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Ауғанстандағы жарылыстан ондаған адам қаза тапты

    Кабул. 24 шілде. Бүгін Кабулда жарылыс болып, кем дегенде 24 адам мерт болып, 40 адам жарақаттанған. Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, бүгін таңертең жетілер шамасында Кабулдың батыс аймағында автобусқа қойылған бомба жарылған. Автобуста тау-кең министрлігінің қызметкерлері болған. Жарылыстан кейін бірнеше сағат қанша адамның зардап шеккені белгісіз болған. Алдын ала дерек бойынша, жарылысты ұйымдастырушы да қаза тапқан. […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанда экстремистер ондаған адамды ұрлап, жетеуін өлтірген

    Кабул. 23 шілде. Ауғанстанның оңтүстігіндегі Қандағар уәлаятында «Талибан» экстремистері ондаған адамды ұрлап, кейін жетеуін өлтірген. Бұл туралы жергілікті билік орындары хабарлады. Оқиға шілденің 21-і күні болған. «Талибан» Қандағар-Таринкот тасжолы бойындағы ауылдан70 адамды үйлерінен ұстап әкеткен, кейін олардың кемінде жетеуін өлтірген, олардың сүйектерін сенбі күні таңертең ауыл тұрғындары тауып алған», — деп мәлімдеді Қандағар аймақтық полициясының басшысы […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Интерпол Еуропада террорлық шабуыл жасауы мүмкін азаматтардың тізімін жариялады

    Париж. 22 шілде. Интерпол Еуропада террорлық шабуыл жасауы мүмкін 173 лаңкестің тізімін жариялады, деп жазады The Guardian басылымы. Интерпол жариялаған тізімдегі лаңкестердің басым көпшілігі Сирия мен Иракта «Ислам мемлекеті» (Қазақстан аумағында тыйым салынған) ұйымының қатарында соғысып жүрген содырлар. Тізімге енгін террористер жайындағы барлық мәліметті АҚШ барлау қызметі халықаралық ақпарат алмасу заңына сәйкес Интерполға жіберген. Қазіргі […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Францияда лаңкестікпен күрес туралы жаңа заң қабылданды

    Париж. 21 шілде. Франция Сенаты лаңкестікпен күрес туралы заң жобасын мақұлдады. Ол экстремистік қауіп-қатерге төтеп беру үшін құқық қорғаушылардың өкілеттігін арттырады. Атап айтсақ, енді күдіктілердің пәтерін тексеру шарасы біршама жеңілдетілмек. Экстремистік сипаттағы үгіт-насихат жүргізілген жағдайда діни орындарды уақытша жабуға да рұқсат беріледі. Жалпы сарапшылардың пікірінше, құжат елдегі төтенше жағдай тәртібін алмастыруы тиіс. Бұл режим 2015 […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Стамбул қаласында терроризмге қарсы арнайы операция өтуде

    Стамбул. 19 шілде. Түркия полициясы Стамбул қаласында лаңкестікке қарсы арнайы операция өткізуде, деп хабарлайды Oxu.Az сайты. Стамбул полициясның мәліметінше, операция барсында «Күрдстан жұмысшылар партиясы» лаңкестік ұйымына қатысы бар деген күдікпен 12 адам ұсталған. Олардың барлығы Түркия азаматтары. «Күрдстан жұмысшылар партиясы» 2002 жылдан бері халықаралық дәрежеде лаңкестік ұйым деп жарияланған. Оған Германия, Ұлыбритания, Канада, АҚШ, Әзербайжан, […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Сириядағы соғыс зардабынан 330 мың адамның өмірі қиылды

    Дамаск. 18 шілде. Сирияның адам құқықтары жөніндегі бақылау кеңесінің мәліметінше, 2011 жылдан ағымдағы жылдың шілде айына дейінгі жүргізілген есеп қорытындысы бойынша елдегі соғыс 331 мың 765 адамның өмірін қиған. Асқан зорлықпен көз жұмған құрбандардың 99 мың 617-сі — қарапайым тұрғындар. Сириядағы соғыстың зардабынан өлім құшқан балалардың саны 18 мың 243-ді құрайды. Құқық қорғау органы қызметкерлері […]
    • 7 Years ago
    • 0