Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Ливияда лаңкестердің лагері талқандалды

    Ливия. 29 мамыр. Мысырдың әскери-әуе күштері лаңкестер бекінген Ливиядағы лагерлерді әуеден соққылады. Содырлардың мекенін жермен-жексен еткен Египет билігі бұл әрекетті автобусқа жасалған шабуылға жауап деп мәлімдеді. Өйткені қастандықты мойынына алған экстремистер дәл осы лагерлерде жасырынған деген мәлімет бар. Айта кеткен жөн, өткен аптада Мысырдың Эль-Минья провинциясында әлдекімдер христиан діні өкілдері мінген автобусқа оқ жаудырған болатын. […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Филиппиндегі Марави қаласында лаңкестер 19 тұрғынды мерт қылды

    Джакарта. 28 мамыр. Филиппиннің Марави қаласына басып кірген лаңкестер шаһардың 19 тұрғынын мерт қылды. Қаза тапқандардың арасында үш әйел мен бір бала бар. Әскерилер олардың мәйіттерін шаһардағы университеттің маңынан тапты. Бірақ жергілікті билік бұл өлімге қатысты әлі тексеру басталмағанын хабарлады. Өйткені қаладағы ахуал оған мұрша бермей отыр. Ал елдің оңтүстігінде орналасқан шаһарда кескілескен ұрыстар әлі […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Египетте автобусқа жасалған шабуылдан 26 адам қаза тапты

    Каир. 26 мамыр. Әулие Самуила монастрінің жанында қажылыққа бара жатқан христиан ұстанулышары бар автобусқа лаңкестердің шабуылынан аз дегенде 26 адам қаза тауып, 30 жарақат алған.  Бұл туралы Египет дін сақтау министрлігінің ресми өкілі хабарлады. Сонымен қоса, кейбір ақпарат көздерінің хабарлауынша, шабуыл құрбандарының саны 35 жетті. Оқиға Египеттің оңтүстігіндегі Эль-Минья провинциясында болған. Дереккөз:  ТАСС
    • 7 Years ago
    • 0
  • Джакартадағы қос жарылыстан полиция қызметкерлері қаза тапты

    Джакарта. 25 мамыр. Индонезия астанасы Джакартада екі жарылыс болып, 3 адам қаза тапты.Тағы 10 кісі жараланған. Полицияның мәлімдеуінше, оқиға шаһардың шығысындағы автобус аялдамасы мен мотоциклдер тұрағында болған. Алдымен жарылыс аялдамада, одан кейін 5-10 минут өткеннен соң тұрақта жасалған. Тәртіп сақшыларының айтуынша, қаскөйлікті ұйымдастырған жанкешті де қаза тапқан. Әзірге шабуылды ешбір лаңкестік топ мойнына алған жоқ. […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Манчестердегі теракт құрбандарының есімдері анықталды

    Манчестер. 24 мамыр. «Манчестер Аренасында» жарылыс кезінде құрбан болған адамдардың есімдері толық анықталды, деп хабарлады Манчестердің полициясы. «Манчестер Арена» стадионында террористік әрекеттен зардаб қайтыс болған адамдардың есімдері толық анықталғанына толықтай сенімдіміз» — делінген полиция хабарламасында. Алайда опат болғандардың аты-жөні криминалистік сараптамадан кейін ғана жарияланады. Еске сала кетейік, Манчестердегі жарылыс 22 мамыр күні кешке, американдық әншң Ариана […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Ұлыбританияда террористік қауіптің жоғарғы деңгейі белгіленді

    Лондон. 24 мамыр. Ұлыбритания Премьер-министрі Тереза Мэй мемлекетте террористік қауіптің деңгейін қазірге орташа деңгейден ең жоғарғысына көтерді. Бұл террористік әрекетінің қауіпін білдіреді, деп хабарлайды BBC Ресей қызметі. Террористік қауіптің деңгейі Терроризмді талдау бірлестігімен белгіленеді, онда полиция, тінту қызметінің және басқа қарулы күштер құрылымдары қызметкерлерінің арасындағы сарапшылар кіреді. «Олардың бағалауы бойынша, шабуыл ықтималдылығы жоғарғы болып қана […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Манчестердегі жарылысты ұйымдастырған лаңкестің есімі анықталды

    Манчестер. 24 мамыр. Манчестердегі жарылысты 22 жастағы Салман Абеди жасаған. Полиция өкілдерінің мәлімдеуінше, лаңкестің аты-жөні оның өзінен табылған төлқұжат бойынша анықталды. Салман Абеди Манчестер қаласында ливиялық мигранттардың отбасында дүниеге келген. Екі бауыры мен қарындасы бар. Еске сала кетейік, 22 мамыр күні Манчестер қаласындағы стадионда жарылыс болды. Оқыс оқиға кезінде америкалық әйгілі әнші Ариана Гранденің концерті өтіп жатқан. […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанда әскери базаға шабуыл жасалды

    Кабул. 24 мамыр. Ауғанстанның Кандагар аймағында «Талибан» радикалды қозғалысы әскери базаға шабуыл жасап, 11 сарбаз қаза тапты. 9-ы жараланған. Полицияның мәлімдеуінше, тәліптер ұрыс кезінде жарақат алған бақылау-тексеру бекетінің командирін өздерімен бірге алып кеткен. Бірақ жауынгерлерге көмек келіп, содырлар базаны басып ала алмаған. Айта кетейік, бұған дейін тәліптер Гельменд өңіріндегі Сангин уезінде де полиция бекетіне шабуыл […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Манчестердегі террористік әрекет: 22 адам қаза тапты, 59 ауруханаға жатқызылды

    Лондон. 23 мамыр. Жойқын жарылыс «Манчестер-арена» стадионында орын алды. Террористік әрекет нәтижесінде 22 адам қаза тауып, 59 ауруханаға жатқызылды, және екі жасөспірім хабарсыз кеткенші болып санылуда. Жарылыс билеттер сатылатын дәлізде болған. Қазіргі уақытта оқиға орнында арнайы мамандар жұмыс жүргізуде. Айта кетейік, америкалық әнші Ариана Гранденің концерті өткен «Манчестер-Арена» стадионында екі дүркін жарылыс болды. Стадионға 21 […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Бангкоктегі госпитальде жарылыс болды

    Бангкок. 22 мамыр. Таиланд астанасы Бангкоктегі әскери госпитальде жарылыс болып, 24 адам жараланды, деп хабарлайды Хабар 24 телеарнасы.  Жапа шеккендердің ешбіреуі ауыр жарақат алмаған. Бастапқыда газ атылған деп болжанған. Бірақ алдын ала тергеуден кейін полиция дәріханада пакетке жасырылған жарылғыш зат жарылғанын мәлімдеді. Салдарынан ғимарат түтінге оранып, адамдардың арасында дүрбелең туды. Дегенмен полиция науқастар мен қызметкерлерді […]
    • 7 Years ago
    • 0