Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Маравиден 300-ге тарта бала эвакуацияланды

    Марави. 8 маусым. Филиппиннің Марави қаласынан 300-ге тарта бала эвакуацияланды. Барлығы автобустармен таяудағы қалаға көшіріліп, арнайы орталыққа жайғастырылған. Айта кеткен жөн, жарты ай бұрын радикалдық ұйымның 500-ге жуық жендеті Марави қаласын басып алған болатын. Қаскөйлер мұнда жерасты туннельдеріне қару-жарақ жеткізіп, шабуылға жіті дайындалған екен. Осыдан кейін өңірде әскери тәртіп жағдайы енгізілді. Қарулы қақтығыстар кезінде 95 […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • «Боко Харам» Нигерияда жарылыстар ұйымдастырды

    Абуджа. 8 маусым. Нигерияда «Боко Харам» тобының содырлары Майдугури қаласына шабуыл жасады. Олар мұнда атыс ашып, жанкештілердің көмегімен жарылыстар ұйымдастырған. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, бейбіт тұрғындар арасында адам шығыны бар. Алайда құрбандардың нақты саны әзірге белгісіз. Жергілікті билік қазір жағдайдың бақылауға алынғанын мәлімдеді. Айта кеткен жөн, «Боко Харам» – негізінен Нигерияда әрекет ететін топ. Алайда қаскүнемдер […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Тегеранда Ислам Республикасы ІІМ басшысы шұғыл отырыс өткізді

    Тегеран. 7 маусым. Иран Ислам Республикасы ІІМ басшысы Тегеранда  парламентке және Хомейни имамы мавзолейіне шабуыл жасалуына байланысты шұғыл мәжіліс өткізетіні туралы хабарлады, деп жазады ИРНА. ИИР СІМ басшысының медиаконсультанты Рухолла Джомеи өзінің Twitter-іне Иран Республикасы ішкі істер министрі Абдолреза Рахмани Фазли Тегеранда шұғыл отырыс өткізуге бұйрық бергенін жазды. Еске салсақ, қарулы адамдар жергілікті уақыт бойынша […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Иранның барлау қызметі Тегеранда үшінші лаңкестік әрекетінің алдын алды

    Тегеран. 7 маусым.  Иран барлау министрлігі Тегеранда тағы бір терактінің алдын алынғанын айтты, деп хабарлады ИРНА. Министрліктің терроризммен күрес министрлігінің бас директоры парламент пен мавзолейге жасалған шабуылды лаңкестік деп таныды. Сондай-ақ оның айтуынша, Тегеранда үшінші шабуылға әзірленіп жатқан лаңкестер тұтқындалған. Бұдан бұрын агенттік лаңкестік салдарынан зардап шеккен, ауруханаға жатқызылған 37 адам туралы хабарлаған. Олардың басым […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Лаңкестер Иран астанасында парламент үйіне және Хомейни кесенесіне шабуыл жасады

    Тегеран, 7 маусым. Белгісіз адамдар Иран парламент үйінен шабуыл жасады, нәтижесінде жеті адам қаза тапты, деп хабарлайды Tasnim агенттігі. Сондай-ақ лаңкестер Тегеран қаласының оңтүстігінде орналасқан Хомейни кесенесіне шабуыл жасады, бір адам қаза тапты және бесеуі жарақат алды. Шабуылдарды «Ислам мемлекеті» (Қазақстанда тыйым салынған) террористік ұйымы өз мойнына алды., деп хабарлайды «Аль-Арабия» телеарнасы. Security forces rushing towards #NationalParliament in #Tehran […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Австралиядағы қызды кепілдікке алу оқиғасы лаңкестік әрекет деп айыпталды

    Мельбурн. 7 маусым. Австралия премьер-министрі Малкольм Тернбулл Мельбурндағы қызды кепілдікке алу оқиғасын лаңкестік әрекет деп айыптады. Айта кетейік, онда сомалилік Якуб Хаир есімді босқын жергілікті әйелді кепілдікке ұстап отырған. Оған дейін ол бір адамды мерт қылған еді. Оқиға орнына келген полиция қаскөйдің көзін жойды. Шабуыл барысында үш тәртіп сақшысы қатты жараланды. Кепілдегі адам жапа шеккен […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Парижде террористік әрекет болды

    Париж. 7 маусым. Франция полициясы Париждегі қастандықты лаңкестік әрекет деп таныды. Бұл туралы «Рейтер» ақпарат агенттігі хабарлайды. Ел астанасындағы оқыс оқиға кеше болған еді. Мұнда Нотр-Дам де Пари шіркеуі жанында ер адам тәртіп сақшысына балғамен шабуыл жасаған. Салдарынан полицей жеңіл жараланды. Жауап ретінде қарсы оқ атылып, қаскөй ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оның ахуалын ауыр деп бағалап […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Лондон полициясы теракт жасаған күдіктілердің есімдерін атады

    Лондон. 6 маусым. Британиялық полиция Лондонда 3 маусымдағы шабуылды жасаған екі күдіктінің есімдерін атады. 27 жастағы Курам Батт, екі баланың әкесі, отбасымен бірге бірнеше жыл бойы Лондонның шығысындағы Баркин ауданында тұрған. Ол Пәкістаннан көшіп келген, Ұлыбритания азаматтығын алған. Лондон полициясының мәліметі бойынша, Батт құқыққорғау органдары мен MI5 агенттігіне бұрын таныс болған. Екінші күдіктінің есімі — […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Тереза Мэй Ғаламторда экстремизмге қарсы түру бойынша халықаралық келесімге шақырды

    Лондон, 5 маусым. Ұлыбритания үкіметі экстремизммен жаңа күшпен күреспек, сонын ішінде, ғаламторда экстремистік ақпараттың таратылуына қарсы тұру туралы халықаралық келісім шартқа отыру, сондай-ақ мемлекет ішінде шараларды қатандандыру, деп хабарлады Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй. «Біз барлығы бұрыңғышыдай секілді деп жүре бере алмаймыз… Біз жаңа үрдістің орнығуын көрудеміз: терроризм терроризмді өсіреду, террористер жаңа террористік әрекеттерге жігерлендіреді, өз өздерін […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Ұлыбритания ІІМ басшысы: Лондондағы террористік әрекет исламшылдықпен байланысты

    Лондон, 4 маусым. Өткен түнде Ұлыбритания астанасында болған террористік әрекет исламшылдықпен байланысты, деп хабарлады Ұлыбритания ІІМ басшысы Эмбер Радд. « Біз террористердің радикалды ислам идеологиясын ұстанғанына толықтай сенімдіміз. Енді біз радикализмнің көзін тауымыз керек», — Reuters агенттігі министр сөзінен үзінді келтірді. Естеріңізге сала кетейік, өткен сенбі күні кешкісін 3 лаңкес көлікпен көпірде жүрген адамдарды барып қағады. Осыдан кейін […]
    • 7 Years ago
    • 0