Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Сыктывкар қаласының тұрғыны жарылыс туралы жалған хабар бергені үшін үш жылға сотталды

    НҰР-СҰЛТАН, 29 маусым. Бұрын сотты болған Сыктывкар тұрғыны жарылыс  туралы жалған хабар бергені үшін қатаң режимдегі колонияға үш жылға сотталды, деп Сыктывкар қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды. Бұл туралы  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. «Сыктывкар қалалық сотының үкіміне сәйкес, Амосов Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 207-бабының 2-бөлігі  (« Әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Нұр-Сұлтан қаласының «Қарасор» ЖААШ аясында  тұрғынынан 40 келі марихуана тәркіленді

    НҰР-СҰЛТАН, 29 маусым.Елордалық полиция қызметкерлері “Қарасора” жедел-алдын алу іс-шарасы аясында аса ірі көлемде есірткі жеткізумен және сатумен айналысатын адамдарды ұстау бойынша арнайы операция жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz. Есірткі өткізу арнасының жолын кесуге бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде 37 жастағы күдікті ұсталды. Тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізу барысында оның гараждағы автокөлігінен салмағы 40 келі “марихуана” есірткі […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Көкшетаудағы облыстық сот ғимаратын полиция қоршап алды: қызметкерге бомба қойылғаны туралы ескертілді

    КӨКШЕТАУ, 28 маусым. Көкшетаудағы Ақмола облыстық сотының ғимаратын таңертең полиция қоршауға алды. Арнайы операцияға бомба қойылғаны туралы хабарлама себеп болған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Облыстық соттың баспасөз қызметі ақпаратты растады. «Бүгін таңертең Ақмола облыстық сотының ғимаратында жарылғыш зат қойылғаны туралы сот маманына хабарлама келіп түсті. Қазіргі уақытта ақпаратты арнайы қызмет тексеріп жатыр», — деп атап өтті […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Өзбекстан астанасында екі тоннаға жуық есірткі жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 28 маусым. Ташкентте Халықаралық есірткіге қарсы күрес күні аталып өтті. Оған арналған шарада құқық қорғау органдары тәркілеген 1,9 тоннадан астам түрлі есірткі заты өртенді, деп хабарлайды Өзбекстан жаңалықтары (NUZ.Uz). Бұл туралы Stopterror.uz сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. Есірткі заттары журналистер мен халықаралық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен жойылды, олардың арасында БҰҰ Есірткі […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Дағыстанда Ыстамбулдағы лаңкестік әрекетке қатысы бар ИМ мүшесі ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 28 маусым. Дағыстанда Ресей Федерациясында тыйым салынған «Ислам мемлекеті» * ұяшығының мүшесі ұсталды, ол 39 адам қаза болған Ыстамбұлдағы түнгі клубта теракт жасаған, деп ФҚҚ  қоғаммен байланыс орталығы мәлімдеді. Бұл туралы РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. «Ресейдің Тергеу комитетінің Дағыстан Республикасы бойынша Тергеу басқармасы  Қылмыстық кодексінің 205.1-бабының 1-бөлігі […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Дондағы Ростовта «Хайят Тахрир аш-Шам» жақтаушы 4 жылға сотталды

    НҰР-СҰЛТАН, 27 маусым. Дондағы Ростов қаласының Оңтүстік округтік әскери соты Сирияның «Хайят Тахрир аш-Шам»* террористік ұйымын қаржыландырған Орталық Азия тумасын 4 жылға бас бостандығынан айырды, деп РБК хабарлайды. Бұл туралы  Stopterror.uz сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. «2021 жылы аталған азамат Telegram интернет мессенджерінде «ХТШ» ХТҰ жетекшілерінің бірімен байланыс орнатып, қызметін қамтамасыз […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Волгоград облысының тұрғыны экстремизмге шақырғаны үшін шартты түрде 1 жыл 10 айға сотталды

    НҰР-СҰЛТАН, 27 маусым. Волгоград облысында әлеуметтік желілер арқылы экстремистік әрекетке шақырған (РФ Қылмыстық кодексінің 280-бабының 2-бөлігі) 29 жастағы жергілікті тұрғын сот алдына келді, деп Extremism.net сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Сот үкімімен оған шартты түрде 1 жыл 10 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ интернет-экстремист бір жыл мерзімге интернетте […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Норвегияда түнгі клубқа жасалған қарулы шабуылда 2 адам қаза болып, 21 жараланды

    НҰР-СҰЛТАН, 27 маусым.Норвегияда түнгі клубқа жасалған қарулы шабуылда 2 адам қаза тапты, деп TRT сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Бас қала Ослода қарулы адам түнгі клубқа кіріп, айналаға кездейсоқ оқ жаудырған. Шабуылда екі адам қаза тауып, 21 адам жараланды. Оқиғадан кейін аймаққа полиция мен жедел жәрдем топтары жіберілді. Лауазымдылар оқиғаның жалғыз кінәлі […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Тунисте лаңкестермен байланысы бар деген күдікпен сегіз әйел ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 27маусым. Тунис астанасының солтүстігінде орналасқан Крам қаласында лаңкестік топпен байланысы бар деген күдікпен сегіз әйел ұсталды, деп елдің ішкі істер министрлігі хабарлады.  Бұл туралы Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. Екі әйел арасындағы қақтығыс туралы ақпарат алғаннан кейін қауіпсіздік күштері Крам аудандарының біріне жетіп, оларды қамауға алды», — делінген […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Сомалидің солтүстік-шығысында әскерилер ИМ-нің жеті содырын тұтқынға алды

    НҰР-СҰЛТАН, 25 маусым. Сомалидің Пунтленд штатының әскери жасақтары бүгін елдің солтүстік-шығысындағы жағадағы Хафун қаласындағы лаңкестік ұяшықты жою бойынша арнайы операция барысында «Ислам мемлекеті» /ИМ/* лаңкестік тобына қатысы бар жеті содырды залалсыздандырды,  деп Синьхуа агенттігне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Пунтленд қауіпсіздік күштері (PSF) олар сондай-ақ Иссе ауылы мен Тимирше қаласы арасындағы […]
    • 2 Years ago
    • 0