Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Архангельск облысының тұрғыны терроризмді ақтады деп күдіктелуде

    НҰР-СҰЛТАН, 06 шілде. Архангельск облысында Северодвинск қаласының 37 жастағы тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғалды, әйел терроризмді жария түрде ақтады деген күдікке ілінді, деп ФҚҚ аймақтық басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды. Бұл туралы REGNUM агенттігіне сілтеме жасап  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. Тергеушілердің мәліметінше, күдікті 2021 жылдың ақпанынан шілдесіне дейін өзінің «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі жеке […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Кипрдің Пафос қаласында жұма күні екі жарылыс болды

    НҰР-СҰЛТАН, 21 тамыз. Жұмаға қараған түні Кипрдің Пафос қаласында екі жарылыс болды. Бұл туралы Кипр полициясының мәлімдемесіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды. 31 жастағы әйелге тиесілі көлік түнгі сағат 3-те жарылды. Содан бірнеше минут өткен соң, 28 жастағы ер адамның үйдің ауласында тағы бір жарылыс болды. Тәртіп сақшыларының ақпаратына сәйкес, жарылыс салдарынан көлік пен үйге айтарлықтай […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Иракта ДАИШ-тік 3 террорист залалсыздандырылды

    НҰР-СҰЛТАН,24 тамыз. Ирактың Салахаддин уәлаятында террор ұйымы ДАИШ-ке қарсы операция ұйымдастырылды. Операцияда 3 террорист залалсыздандырылды, деп TRT хабарлайды.  Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде қауіпсіздік күштерінің Салахаддиннің солтүстігінде ДАИШ мүшелеріне қарсы операция жасалғаны білдірілді. Мәлімдемеде операция барысында шыққан қақтығыста ДАИШ-тік 3 террористтің залалсыздандырылғаны, 2 Ирак әскерінің жарақат алғаны баяндалды.
    • 4 Years ago
    • 0
  • Алматы қаласында синтетикалық есірткі өндіретін зертхана жойылды

    АЛМАТЫ, 30 наурыз. Зертхана Алматы қаласының Медеу ауданындағы бау-бақша қоғамының аумағында орналасқан елеусіз жеке үйде болған, – деп хабарлайды Polisia.kz. Оны 1996 және 1997 жылы туған екі ер адам басқарған. – Үйді санкцияланған тінту кезінде “мефедрон” синтетикалық психотроптық затын өндіру барысында қолданылатын ұнтақ және кесек түріндегі заттар, химиялық заттар салынған пластикалық ыдыстар, түрлі сұйықтықтарға толы зертханалық […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Үндістан астанасындағы мешітке шабуыл жасалды

    НҰР-СҰЛТАН, 27 ақпан. Үндістан астанасы Нью-Делидегі мешітке аласұрған топ шабуыл жасады. Оқиға тәртіпсіздіктер жиі болатын қаланың солтүстік-шығысындағы Ашок-Нагар ауданында орын алды, деп gossluzhba.kz хабарлайды.  Экстремистер мешіт мұнарасына шығып алып, дауыс зорайтқыштарды өшіріп тастаған. Бұнымен қойма, мешітке үнді храмдарында қолданылатын жалауларын тіккен. Содан кейін наразылық білдірушілер «Джай Шри Рам» (Қуан, Рама Құдай) деп ұрандап, мешітті өртеп жіберген. Жергілікті бақылаушылар Үндістандағы тәртіпсіздіктер […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • «Аш-Шабаб» лаңкестері жыл сайын қару-жарақтарына $24 млн жұмсайды

    НҰР-СҰЛТАН, 23 ақпан. Сомалидегі «Аш-Шабаб» террористік ұйымы жыл сайын қару сатып алуға 24 миллион доллар жұмсайды, деп Anadolu агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  хабарлайды. «Аш-Шабабтың» кіріс көздері мен әскери шығындары туралы есепті  Могадишода орналасқан Hiraal Institute үкіметтік емес ұйымы дайындады. Есепте «Аш-Шабаб» қару-жарақ, оқ-дәрі және жарылғыш заттарды елдің қара нарығынан немесе […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Түркия ДАИШ-қа қосылған 10 қазақстандықты еліне депортацияламақ

    НҰР-СҰЛТАН, 15 қараша. Түркия «Ислам мемлекеті» террористік ұйымының (ДАИШ) 956 мүшесін келген елдеріне депортация жасайтынын хабарлады. Олардың арасында Қазақстанның 10 азаматы, 82 өзбекстандық, 23 қырғызстандық, 6 түркіменстандық, 99 ресейлік бар. Бұл туралы түркиялық ақпарат агенттіктеріне сілтеме жасап Азаттық  хабарлады. Түркия тарапының бұл мәлімдемесіне қатысты Қазақстан билігі әзірге ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ. Бұған дейін Түркия президенті Режеп […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Нигерияда жарылыс салдарынан кем дегенде 30 адам қайтыс болды

    НҰР-СҰЛТАН, 07 қаңтар. Нигерияның солтүстік-шығысындағы Борно штатында көпірде жарылғыш зат жарылғаннан кейін кем дегенде 30 адам қаза тапты, деп хабарлайды Reuters  ақпарат көздеріне сілтеме жасап. Бомба жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 5 шамасында (Мәскеу уақытымен 1600) көрші Камерунға апаратын Гамбору базарындағы көпірде жарылды. Базардағы куәгерлер шабуылдан кейін 35-тен астам жарақат алған адамдар жергілікті ауруханаға жеткізілді […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Сирияда шабуыл салдарынан 40-тан астам бейбіт тұрғын қаза тауып, жараланды

    НҰР-СҰЛТАН, 31 желтоқсан.Сирияда лаңкестер бейбіт тұрғындар мінген автобусқа шабуыл жасады, 40-тан астам адам қаза тауып, жарақат алды, деп SANA агенттігіне сілтеме жасап REGNUM АА хабарлайды. Автобусқа шабуыл Дейр-эз-Зор-Пальмира тас жолында түс қайта жасалды. 28 бейбіт тұрғын қаза тапты, тағы 13 адам жараланды. «Шамамен сағат 16:00-де Дейр-эз-Зор-Пальмира тас жолында Кабажеб елді мекені маңында автобусқа лаңкестік шабуыл […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • FETÖ-мен күрес табанды түрде жалғасады

    НҰР-СҰЛТАН, 14 шілде.Президент Режеп Тайып Ердоған Фетуллахшы террор ұйымы (FETÖ) соңғы мүшесінің залалсыздырдырылғанға дейін күресетіндерін білдірді, деп TRT хабарлайды.  Президент, Әділет және даму партясы төрағасы Режеп Тайып Ердоған партияның Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіндегі топтық жиналысында сөз сөйледі. Баяндамасында ертең 15 шілде төңкеріс әрекетінің 5-ші жылдығы болғанын еске салған Ердоған «Мәжілісіміз сол түні батыл тұғырымен ардагерлік атағына лайықты екенін тағы […]
    • 4 Years ago
    • 0