Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Сомали астанасындағы террорлық шабуыл: қаза тапқандар бар

    НҰР-СҰЛТАН, 10 наурыз. Сомали астанасы Могадишода сәрсенбі күні лаңкестік шабуыл салдарынан бір адам қаза болып, үшеуі жараланды.Бұл туралы Anadolu агенттігіне Африка республикасының қауіпсіздік күштеріндегі ақпарат көздері хабарлады. Жарылыс 10 наурыз күні таңертең елорданың  Каран ауданында болды. Террористер жарылғыш затты Денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлері  жүретін жолға орнатқан. Жарылыс болған жерге қауіпсіздік күштерінің жасақтары жіберілді. Әзірге ешқандай […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Нигерияның солтүстік-шығысында «Боко Харамның» 33 содыры залалсыздандырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 10 наурыз. Нигерияның солтүстік-шығысындағы Борно штатында «Боко Харам» террористік ұйымының 33 содыры залалсыздандырылды, көптеген адамдар жараланды, деп жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасап Анадолу агенттігі хабарлайды. БАҚ хабарлауынша, армия мен лаңкестер арасында қақтығыс Чикингуду аймағында басталды. Армия жасақтары көптеген оқ-дәрілерді ұстап қалды. Қақтығыс кезінде екі әскери қаза тауып, жетеуі жараланды. «Боко Харам» Нигерияда 2000-шы […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ирактың солтүстігінде КЖП содырларының көптеген қару-жарақтары мен оқ-дәрілері тәркіленді

    НҰР-СҰЛТАН, 10 наурыз. Түрік арнайы күштерінің Ирактың солтүстігіндегі Хакурк аймағында жүргізілген терроризмге қарсы операциясы аясында КЖП террористерінің паналары мен үңгірлерінен көптеген қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылды, деп Ұлттық қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап Анадолу агенттігі хабарлады. Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде Түрік арнайы күштерінің бүкіл аумақты мұқият тексеріп, тиімді операция өткізгені атап өтілді. Операция барысында РПГ-7 граната атқышы, төрт […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның оңтүстігінде «Талибанның» кем дегенде 35 содыры залалсыздандырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 10 наурыз. Ауғанстанның оңтүстігіндегі Забул провинциясында арнайы операция кезінде кем дегенде 35 «Талибан» содыры жойылды, 19-ы жарақат алды, деп Avesta.Tj сілтеме жасап Анадолу агенттігі хабарлайды. Ауған армиясының операциясы әуе күштерінің қолдауымен өтті. Операция кезінде топтың екі мүшесі қолға түсті. Ауғанстан Қорғаныс министрлігі Мизан аймағында талибаннан бірнеше ауыл босатылып, көлік, мотоциклдер мен қару-жарақ ұсталғанын хабарлады. […]
    • 3 Years ago
    • 0
  •  Сириядан Түркияға заңсыз кіруге әрекет жасаған ДАИШ-тың 11 мүшесі  ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 09 наурыз.Хатайдың Алтынөзү шекара желісінде Түркияға Сириядан заңсыз кіруге әрекет жасаған террор ұйымы ДАИШ-ке мүше 11 террорист ұсталды, деп TRT жазады.  Ұлттық қорғаныс министрлігі жасаған мәлімдемеге қарағанда Сириядан елге заңсыз кірмек болған ДАИШ террор ұйымына мүше 11 террорист Хатайдың Алтынөзү шекара желісінде ұсталды. Жасалған тергеу нәтижесінде ұсталғандардың бірінің қызыл бюллетеньмен іздеу салынған ДАИШ-тік террорист […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Түркия әскери-әуе күштері Ирактың солтүстігінде КЖП-ның ондаған террористерін залалсыздандырды

    НҰР-СҰЛТАН, 09 наурыз. Түрік әскери-әуе күштері Ирактың солтүстігіндегі Хакурк және Кандил аймақтарындағы әуе операциясы кезінде 25 Күрдістан жұмысшы партиясының (КЖП/ РКК)  террористін залалсыздандырды, деп Түркия ұлттық қорғаныс министрлігінің басшысы Хулуси Акарға сілтеме жасап Анадолу агенттігі хабарлады. Оның айтуынша, жойылған содырлардың арасында топ жетекшілерінің бірі бар. «Біз КЖП-сы еш жерде, соның ішінде Қандилде өзін еркін сезінбейтіндігін […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • АИР президентінің кеңесшісі: «Талибанмен» келісім Ауғанстанға бейбітшілік әкелмейді

    НҰР-СҰЛТАН, 09 наурыз. Ауғанстан президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Хамдуллах Мухиб елде тұрақты бейбітшілікті қамтамасыз ету үшін «Талибанмен*» келісімдер жеткіліксіз деп мәлімдеді. Бұл туралы  Anadolu жазады. Бұл туралы Мұхиб Кабулда өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді. Оның айтуынша, тәлібтермен келісімдер аймаққа тек уақытша тыныштық әкеледі. Мухиб бейбітшілікке жету үшін келіссөздердің аймақтық және жаһандық аспектілері мұқият қарастырылуы керек […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның солтүстігінде шабуыл салдарынан 8 полиция қызметкері қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 07 наурыз.  Ауғанстанның солтүстігіндегі Балх провинциясында «Талибан» қозғалысы содырларының қарулы шабуылы салдарынан сегіз полиция қызметкері қаза тапты, деп Анадолу агенттігі хабарлайды. Балх полиция басқармасының өкілі Адилшах Адилдің «Aнадолу» агенттігіне берген мәліметіне сәйкес, тәлібтер Нахри-Шахи аймағындағы Шахрак Түркмания ауылындағы полиция бөлімшесіне қарулы шабуыл жасады. Шабуыл салдарынан сегіз полиция қызметкері қаза тауып, төртеуі жарақат алды. Тәлібтермен […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Швецияда балтамен қаруланған адам мұсылмандарды қорқытты

    НҰР-СҰЛТАН, 07 наурыз.  Швецияның Мальмё қаласында бір адам қолына балта алып қала әкімшілігі автобусында мұсылмандарды қорқытты, деп TRT хабарлайды.  Aftonbladet газетінің хабарына қарағанда балталы адам автобусқа шығып «Исламшылдар қайда? Барлығыңды өлтіремін» деп айқайлағаны білдірілді. Мальмё қаласы полиция басқармасының мәлімдемешісі Олссон балталы адамның қысқа уақытта ұсталғанын және ұсталған кезде де полицияға құқай көрсеткенін айтты.
    • 3 Years ago
    • 0
  • Сомали астанасында жойқын жарылыс салдарынан кем дегенде 20 адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 07 наурыз.  Сомали астанасы Могадишода жұма күні болған жарылыстан кем дегенде 20 адам қаза тапты. Бұл туралы Reuters агенттігіне  сілтеме жасап ТАСС хабарлады .  «Әзірге біз жарылыс болған жерден 30 жаралы және 20 қаза тапқан адамды шығарып алдық», — деді агенттікке жедел жәрдем өкілі. Куәгерлердің айтуынша, мейрамхананың маңында үлкен жылдамдықпен келе жатқан көлік жарылған. […]
    • 3 Years ago
    • 0