Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Сирияның солтүстігіндегі террорлық шабуылдарда 10 кісі қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 01 ақпан.  Сирияның солтүстігіндегі Баб пен Азиз аудандарында ұйымдастырылған террорлық шабуылдарда 10 кісі қаза тапты, 24 адам жараланды, деп TRT хабарлайды.  Азиздің аудан орталығында Сирия өтпелі үкіметі ғимаратына және Азиз Мәдениет орталығының қасындағы көлікке орналастырылған бомбалар жарылды. Шабуылда 4 кісі қаза тапты, 20 кісі жараланды. Азиздегі жарылыстан кейін Баб ауданының 5 километр шығысындағы Зерзур аймағындағы […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Сомали астанасындағы террорлық шабуыл үшін «Аш-Шабаб» тобы жауапкершілікті өз мойнына алды

    НҰР-СҰЛТАН, 01 ақпан.  Сомали астанасы Могадишода жанкешті-лаңкес жарылғыш зат тиелген көлікті жарып жіберді, салдарынан, кем дегенде бес адам қаза тауып, бірнеше адам жараланды, деп ел полициясына сілтеме жасап Синьхуа хабарлайды. Оқиға 31 қаңтарда шамамен 17.00-де болған, Могадишодағы Аден Адде халықаралық әуежайына жақын орналасқан бақылау-өткізу пунктінің жанындағы Afrik Hotel қонақ үйінің жанында бомба салынған көлік жарылды […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Францияда 2020 жылы мұсылмандарға қарсы шабуылдар 53% артты

    НҰР-СҰЛТАН, 31 қаңтар.  Францияда Исламға қарсы шабуылдар 2020 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда 53 пайызға өсті.Бұл туралы Франция Исламофобия бақылау орталығының басшысы Абдулла Зекри мәлімдемесіне сілтеме жасап  TRT хабарлайды.  Француз Ислам Кеңесіне қарасты Франция Исламофобия бақалау орталығы басшысы Абдулла Зекри мәлімдемесінде елде шабуылдардың көбінесе Рона-Альпі провинциясы, Паджа, Париж және Иле-де-Франс аймақтарында болғанын мәлімдеді. Былтыр мұсылмандарға қарсы 235 шабуыл […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның Нангархар провинциясында сегіз қауіпсіздік қызметкері қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 30 қаңтар. Сенбі күні Нангархар провинциясындағы застава маңында болған жарылыс салдарынан кем дегенде Ауғанстанның қауіпсіздік күштерінің сегіз қызметкері қаза тапты. Бұл туралы Tolo News телеарнасына сілтеме жасап ТАСС хабарлайды. Провинция губернаторы кеңсесіндегі дереккөздің хабарлауынша, Шерзад ауданындағы армия бақылау бекетінің жанында жарылғыш затқа толы автокөлік жарылған.
    • 3 Years ago
    • 0
  • «Талибан» қозғалысының делегациясы Мәскеуде ауғанаралық келіссөздерге келді

    НҰР-СҰЛТАН, 29 қаңтар. «Талибан» қозғалысының өкілдері келіссөздер жүргізу үшін Мәскеуге келді, деп хабарлады Ресей сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі. 28 қаңтарда Ресей Федерациясы Президентінің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі, Ресей Сыртқы істер министрлігінің Екінші Азия департаментінің директоры З.Н.Кабулов «Талибан»* қозғалысы  делегациясымен консультациялар өткізді. Іс-шара барысында ресейлік тарап қанды ішкі соғыстың тоқтауы мен ықпалды үкіметтің құрылуын қамдауды, […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • «Эрен-5” операциясы: 53 баспана мен 62 қойма жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 28 қаңтар. Ішкі істер министрлігі КЖП ұйымына қарсы жүргізген “Эрен-5” операциясында 53 баспана мен 62 қойманы жойды.Бұл туралы Түркия ІІМ-ге сілтеме жасап TRT хабарлайды.  Ішкі істер министрлігі жасаған мәлімдемеге қарағанда КЖП террор ұйымының қысқы базаларын жою мақсатты Мардин Қалалық жандармерия қолбасшылығы құрамындағы арнайы десанттардың қатысуымен жүргізілген операция жалғасуда. Операция аясында 53 баспана мен 62 қойма жойылды. […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Йеменде атақты генерал өлтірілді

    НҰР-СҰЛТАН, 28 қаңтар. Йеменде Худейде провинциясының полиция бастығы генерал Ибрахим Харид Аденде өлтірілді, деп TRT жазады.  Йеменнің ресми ақпарат агенттігіне мәлімдеме жасаған мемлекет басшысы Абдураббу Мансур Хади Харидке көңіл айту жеделхаты жолдады. Харидтің опасыз террор шабуылында шәйіт болғанын атап көрсеткен Хади бұл қылмысты жасаған террор ұйымының әділеттен қаша алмайтынын атап көрсетті. Худейде губернаторының орынбасары Велид әл-Кудейми […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Қытайдың оңтүстік-батысында полиция 5,5 кг метамфетаминді тәркіледі

    НҰР-СҰЛТАН, 28 қаңтар.  Қытайдың оңтүстік-батысындағы Юньнань провинциясының полициясы жедел-cәлемдеме түрінде жасырылған метамфетаминнің контрабандасын анықтады, деп Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап REGNUM АА  хабарлайды. Полицейлер 13 қаңтарда Чжаотун қаласының Чжэньсюн үезінде сәлемдеме алып, стерео жүйеде жасырылған 5,49 кг метамфетаминнің 10 орамасын тәркіледі. Тәртіп сақшылары Юннань провинциясының астанасы Куньминнен Чжэнсюнге есірткі тасымалдауды жоспарлап жатқан есірткі сатушыларға қатысты хабардан […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның Урузган қаласындағы лаңкестік шабуыл, 2 адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар.  Ауғаныстанның оңтүстігіндегі Урузган қаласында бірінен соң бірі жарылыс болып, салдарынан екі бейбіт тұрғын қаза тауып, он адам жараланды, деп провинция губернаторы әкімшілігінің өкілі Ахмад Шах Сахилге сілтеме жасап  Анадолу агенттігі хабарлайды. Оның айтуынша, миналанған мотоциклдер Урузган провинциясының әкімшілік орталығының адам көп жүретін көшелерінің бірінде жарылған. Жарақат алғандардың арасында үш тәртіп сақшысы бар. […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Түркия мен Сирия шекарасында 12 террорист ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар.  Түркияның қорғаныс министрлігі Сирия-Түркия шекарасын заңсыз өтпек болған «Ислам мемлекеті»  (ҚР тыйым салынған ұйым) террористік тобының он екі содырының ұсталғаны туралы хабарлады.Бұл туралы Риа Новости АА хабарлайды. «Олардың бесеуі Ресейдің, төртеуі Өзбекстанның, ал үшеуі Қырғызстанның азаматтары . Олардың ИМ  мүшелері екендігі анықталды», — делінген министрліктің хабарламасында. Содырлар былтыр 31 желтоқсанда Хатай провинциясының […]
    • 3 Years ago
    • 0