НҰР-СҰЛТАН, 14 ақпан. Францияның Мец қаласында есірткі сатумен және таратумен айналысқан банда құрамына кіретін 7 адам қамауға алынды. Бұл туралы Le Figaro-ға сілтеме жасап REGNUM АА хабарлайды. Францияға Нидерландыдан есірткі әкелуге және оларды қайта сатуға күдікті адамдарды ұстау жөніндегі арнайы операцияға 70-тен астам полиция қызметкері қатысқаны нақтыланды. 20 кг-нан астам тыйым салынған заттар табылды.