Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Кабулда Орталық банктің көлігіне шабуыл жасалды

    НҰР-СҰЛТАН, 23 қаңтар.  Ауғанстан астанасы Кабулда көлік жарылысынан бір адам қаза болды. Көлікте елдің Орталық банкінің қызметкерлері болған, деп Кабул полиция бөлімінің өкілі Фирдевс Фарамарзаға сілтеме жасап Анадолу агенттігі хабарлайды. Фарамарзаның айтуынша Кабулдың оңтүстік-шығысындағы Шах Шехид аймағында бомба қойылған көлік жарылды. Ауғанстанның Орталық банкі шабуыл кезінде оның бір қызметкері қаза тауып, екеуі жарақат алғанын хабарлады. Әзірге […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғанстандағы қарулы қақтығыс: әскери қызметкерлер жарақат алды

    НҰР-СҰЛТАН, 23 қаңтар.  Ауғанстанда қауіпсіздік күштері мен «Талибан» қозғалысының содырлары арасындағы қақтығыста алты әскери қызметкер жарақат алды, деп Анадолу агенттігі хабарлайды. Оқиға елдің солтүстігінде, Балх провинциясының Шөлгере аймағында болды. Содырлар бақылау бекетіне қарулы шабуыл жасады, атыс салдарынан алты сарбаз жарақат алды. Бес содыр өлтірілді, үшеуі жараланды. «Талибан» қозғалысы бұл оқиғаға қатысты әлі түсініктеме берген жоқ.
    • 3 Years ago
    • 0
  • Лос-Анджелестің маңындағы баптисттер шіркеуінде жарылыс болды

    НҰР-СҰЛТАН, 23 қаңтар.  АҚШ билігі сенбіге қараған түні Калифорния штатының Лос-Анджелес маңындағы баптисттер храмында болған жарылысты тергеп жатыр. Бұл туралы NBC телеарнасына сілтеме жасап ТАСС хабарлайды . Полиция қызметкерлері шіркеуде қолдан жасалған жарылғыш зат жарылды деп санайды . Ол жерде сондай-ақ вандализм әрекеті жасалды. Белгісіз біреулер ғимараттың қабырғаларына қорлайтын мазмұндағы жазулар жазған. Жарылыстан кейін оқиға […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Могадишодағы лаңкестік шабуыл, 5 адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 24 қаңтар.  Магадишода экс-депутат Хасан Афрахтың көлігінің бағытында жарылғыш зат іске қосылды, деп Анадолу агенттігі хабарлайды. Қауіпсіздік көздерінен алған ақпаратқа сәйкес, жарылғыш зат Сомали астанасының Шибис ауданында экс-депутат Хасан Афрахтың көлігінің жолына қойылды. Алдын ала ақпарат бойынша бес адам қаза тапты, тағы үш адам жараланды, оның ішінде экс-депутат Афрах бар. Оқиға болған жерге қауіпсіздік […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Иракта КЖП-ның 3 содыры залалсыздандырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 23 қаңтар.  Ирактың солтүстігінде КЖП-ның  3 содыры  залалсыздандырылды, деп TRT хабарлайды.  Ұлттық Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде КЖП лаңкестік ұйымына қарсы операциялардың табандылықпен жалғасқаны білдірілді. Мәлімдемеде «Ирактың солтүстігіндегі Хакурк аймағында тыныштық пен бейбітшілікті бұзу мақсатымен шабуыл жасауға тырысқан 3 КЖП-ның содыры залалсыздандырылды» делінді.
    • 3 Years ago
    • 0
  • Бағдад әуежайына тағы да зымыран атылды

    НҰР-СҰЛТАН, 23 қаңтар. Бағдат әуежайына бағытталып үш зымыран атылғаны, қаза болған және жараланған адам болмағаны хабарланды.Бұл туралы TRT жазады.  Иракта Бағдат әуежайына зымыран шабуылы ұйымдастырылды. Қорғаныс министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеге қарағанда кеше түнде жасалған шабуылда Бағдат әуежайына бағытталып үш зымыран атылғаны, өлген және жараланған адам болмағаны хабарланды. Атылған зымыранның екеуі әуежайдың маңына түскені, үшінші зымыранның Бағдаттың […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • БАҚ: Ауғанстанның шығысында 16 содырдың көзі жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 23 қаңтар.  Бейсенбі күні Ауғанстанның үкіметтік күштері елдің шығысындағы Нангархар провинциясындағы Хогиани және Ширзад аудандарындағы «Талибан» қозғалысының жасырынған жерлеріне шабуыл жасаған кезде барлығы 16 содыр өлтірілген. Бұл туралы провинция әкімшілігі таратқан мәлімдемеге сілтеме жасап Синьхуа агенттігі жазады. Мәлімдемеде операциялардың бейсенбі күні кешке Хогиани амағының Акрам-Хил ауданында және Ширзад аймағының Хашим-Хил ауданында жүргізілгені атап өтілді. […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Кабулда әскери көлікке шабуыл жасалды

    НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар.Ауғанстан бас қаласы Кабулда әскери көлікке жасалған қарулы шабуылда екі әскер қаза тапты, деп TRT  хабарлады.  Ауғанстан Ішкі істер министрлігі баспасөз хатшысы Тарық Арьен Кабулдың Коте-и Санги аймағында кім екені белгісіз адамдардың әскери көлікке қарулы шабуыл жасағанын жариялады. Арьен шабуылда 2 әскердің қаза тапқанын және шабуылдаушылардың аймақтан қашқанын мәлімдеді. Шабуылды қазірше ешкім мойындамады.
    • 3 Years ago
    • 0
  • Бағдад базарындағы шабуылды «Ислам мемлекеті» мойнына алды

    НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар. Ирак астанасында 21 қаңтарда тіркелген шабуылдан кем дегенде 32 адам қаза тауып, 110 адам жараланды. Екі жанкешті адам көп жиналған базарда өзін жарып жіберген. «Ислам мемлекеті» террористік тобы шабуыл жауапкершілігін мойнына алды.Бұл туралы сentralasian.org хабарлайды.  Билік мәліметі бойынша, жарылыстар Таяран алаңындағы базарда болды. «Ислам мемлекетімен» байланысы бар Amaq жаңалықтар агенттігі telegram-арнасында ұйымның екі мүшесі […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Мысырда төтенше жағдай режімі тағы үш айға ұзартылды

    НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар. 15-ші мәрте ұзартылған төтенше жағдай тәртібі 2021 жылы 24 қаңтардан бастап атқарылады, деп TRT хабарлайды.  Мысыр Мәжілісі «Төтенше жағдайды» ел көлемінде тағы 3 ай ұзарту шешімін мақұлдады. Мысыр Мәжілісінің төрағасы Ханефи Джибали жалпы отырыстағы сөзінде: «Президент Абдулфеттах ес-Сисидің ел көлемінде «Төтенше жағдайды» тағы 3 ай ұзарту жөніндегі шешімі Мәжілісте үштен екі көпшілік дауыспен қабылданды» деді. […]
    • 3 Years ago
    • 0