Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Ауғанстан үкіметі мен «Талибан» қозғалысы бейбіт диалогты бастау үшін қажетті шарттарды толығымен орындады

    НҰР-СҰЛТАН, 04 қыркүйек. Ауғанстан үкіметі мен Талибан арасындағы тұтқын алмастыру аяқталды, деп TRT жазады.  Ауғанстан Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің баспасөз хатшысы Жавид Файсал Талибан мен үкімет арасында жүргізілген тұтқын алмасудың аяқталғанын білдірді. Талибанның қолындағы арнайы жасақ әскерлері босатылғаннан кейін 400 сарбаз еркін жіберілді. Файсал қалған бірнеше сарбаздың да жақында босатылуы үшін дипломатиялық кездесулердің жалғасуда екенін білдірді. Файсал […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Нигерияда қарулы шабуыл салдарынан он жеті адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 04 қыркүйек.Нигериядағы Нигер штатында белгісіз біреулердің қарулы шабуылы 17 адамның өмірін қиды, деп хабарлады Anadolu агенттігі . Жергілікті БАҚ мотоцикл мінген қарулы адамдар Рижау аймағының тұрғындарына бағытталған оқ жаудырды деп хабарлады. Африка елінің билігі бұған дейін бандалар мен қарулы топтар да қолданады деп  елде мотоциклдерді пайдалануға тыйым салған.
    • 4 Years ago
    • 0
  • Идлиб базарындағы жарылыс салдарынан 11 бейбіт тұрғын жарақат алды

    НҰР-СҰЛТАН, 04 қыркүйек.Идлиб провинциясының солтүстік-батысындағы Маарат Мысрин ауылындағы базарда болған лаңкестік әрекет салдарынан 11 бейбіт тұрғын зардап шекті, деп хабарлайды Anadolu . Азаматтық қорғаныс басқармасының («Ақ каскалар») мәліметінше, лаңкестер мотоциклге орнатылған жарылғыш құрылғыны іске қосқан. Жарақат алғандардың арасында екі бала бар. Жарылыс салдарынан жақын жердегі ғимараттар бүлінді. 2020 жылғы 5 наурыздағы түрік-ресей келісімі бойынша Идлиб […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Сирияның солтүстігінде төрт арнайы операция нәтижесінде ДАИШ-тың 10 содыры ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 03 қыркүйек.Сирияның солтүстігіндегі Аазаз ауданында ДАИШ лаңкестік ұйымына  бағытталған операциялар нәтижесінде он лаңкес тұтқындалды, деп TRT жазады.  Аазаз қауіпсіздік дирекциясының жазбаша хабарламасына қарағанда, Килис полиция дирекциясының координациясында Сирия міндет күші тарапынан жаттықтырылған Аазаз полиция дирекциясына қарасты жасақтар 6 маусым-10 тамыз күндері аралығында аудан орталығындағы төрт бөлек ДАИШ ұяшығына операция ұйымдастырды. Операциялар барысында көптеген жарылғыш […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанда «аса қауіпті» 200 «Талибан» содыры босатылды

    НҰР-СҰЛТАН, 02 қыркүйек. Ауғанстан билігі исламистермен тұтқын алмасу аясында «Талибан» қозғалысының 200 «аса қауіпті» содырын босатты, деп  Associated Press агенттігіне сілтеме жасап REGNUM АА жазады. «Ауғанстан үкіметі тағы бір партияны (содырларды) босатты, тұтқын алмасу процесі жалғасуда», — делінген Ауғанстан президенті Ашраф Ганидің мәлімдемесінде. Ауған үкіметі тәлібтермен  келіссөздерді бастау үшін мыңдаған содырларды босатты. Түрмелерде «аса қауіпті» […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • КЖП-ның үш лаңкесі Түркия билігіне берілді

    НҰР-СҰЛТАН, 02 қыркүйек. Көндіру әрекеті нәтижесінде Шырнакта 3 лаңкес қауіпсіздік күштеріне берілді, деп TRT жазады. Ішкі істер министрлігінің мәлімдемесіне қарағанда, полиция мен жандармерия күштерінің көндіру әрекеттері нәтижесінде КЖП-ның 3 мүшеcі Шырнакта қауіпсіздік күштеріне берілді. Лаңкестер ұйым қатарына 6 жыл бұрын қосылып, соңғы жылдары Ирактың солтүстігінде әрекет жасаған. Мәлімдемеде осы жылдың басынан қазірге дейін өз еркімен берілген лаңкестер санының 144-ге […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Күтпеген олжа: Флорида тұрғыны жағажайдан 35 кг кокаин тапты

     НҰР-СҰЛТАН, 02 қыркүйек. АҚШ-та Флорида штатының тұрғыны жағажайда серуендеп жүрген кезінде күдікті пакеттерді тауып, полицияға хабарлады. Бұл 35 келі кокаин болып шықты, деп жазады  Репортер UA CNN-ге сілтеме жасап. Американдық шекара қызметі Голливуд жағажайынан 30 пакет есірткі тәркіледі. Сарапшылардың пікірінше, тыйым салынған заттың құны миллион доллардан асады.  «Мұндай пакеттер штаттың жағажайларында көп кездеседі, өйткені контрабандашылар […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Жаңа Зеландия билігі Крайстчерч қаласында мешіттерге шабуылдаған атқышты террористік ұйыммен теңестірді

    НҰР-СҰЛТАН, 01 қыркүйек. Жаңа Зеландия өткен жылдың 15 наурызында Крайстчерчтегі мешіттерге шабуыл жасаған австралиялық Брентон Таррантты террористік ұйымға теңеді. Бұл туралы елдің премьер-министрі Джасинда Ардерн хабарлады, деп  ТАСС жазады.  «Қылмыскерді [террористік ұйым ретінде] анықтау болашақта оның терроризмді қаржыландыруға қатыспайтынына кепілдік береді. Бұл Жаңа Зеландияның терроризм мен зорлық — зомбылық  экстремизмді кез-келген түрде айыптайтының көрсетеді», — […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның Пактия қаласында «Талибан» шабуылынан 3 қауіпсіздік қызметкері қаза болды

    НҰР-СҰЛТАН, 01 қыркүйек. Ауғанстанның Пактия провинциясында  Талибан содырлары полиция басқармасына шабуыл жасады. Шабуылда 3 қауіпсіздік қызметкері қаза тапты, деп TRT жазады.  Пактия провинциясы әкімшілігінің мәлімдемешісі Абдул Рахман Мангел содырлардың Данд Патан ауданындағы полиция басқармасына шабуыл жасағанын айтты. Абдул Рахман Мангел Талибан шабуылы салдарынан 3 қауіпсіздік қызметкері қаза тапқанын, бір қорғаушының жараланғанын білдірді.
    • 4 Years ago
    • 0
  • ІІМ: Түркиядағы ДАИШ лаңкестерінің «әмірі» қамауға алынды

    НҰР-СҰЛТАН, 01 қыркүйек. Түркияның ішкі істер министрі Сулейман Сойлу Түркияда ДАИШ лаңкестік ұйымының «әмірі» қамауға алынғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Anadolu агенттігі . «Тінту кезінде содырдан зиянкестік әрекеттердің маңызды жоспарлары анықталды», — деп Сойлу өзінің Twitter-дегі парақшасында полицияға ризашылығын білдіріп жазды. Сойлу ДАИШ-тың (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) қамауға алынған басшысы нұсқамаларды Ирак пен Сириядан алғанын атап […]
    • 4 Years ago
    • 0