Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Данияда бипатрид-содырларын азаматтықтан айыру туралы заң қабылданды

    НҰР-СҰЛТАН,25 қазан.  24 қазанда Дания үкіметі ұсынған даниялық бипатрид-содырларын азаматтығынан айыру туралы заң жобасы Фольклетингпен қабылданды. Бұл заң тек Сирия мен Иракта ИМ (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым) жағында соғысқан содырларға қатысты болады, деп REGNUМ хабарлайды. Заңның қабылдануы Данияның интеграция және шетелдіктердің істері жөніндегі министр Маттиас Тесфайеге ресми түрде сот қарауынсыз исламистерді азаматтығынан айыру құқығы […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • ШЫҰ БҰҰ және АСЕАН-мен есірткіге қарсы бірлескен іс-шараларды жоспарлап отыр

    НҰР-СҰЛТАН, 23 қазан. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы АСЕАН мен БҰҰ бейінді басқармасымен бірлесіп бірқатар есірткіге қарсы іс-шараларды жоспарлап отыр, деп мәлімдеді дүйсенбі күні ШЫҰ Бас хатшысы Владимир Норов, деп хабарлайды РИА Новости. «Біз БҰҰ — ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасымен белсенді түрде өзара іс — қимыл жасасамыз, БҰҰ ЕҚБ — ШЫҰ — АСЕАН форматында есірткіге […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Үндістандағы «ҚазИнд — 2019» бірлескен оқу-жаттығуы аяқталды

    НҰР-СҰЛТАН, 22 қазан. Екі апта бойы Қазақстанның Құрлық әскерлерінің «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері Үндістанның Қарулы Күштеріндегі әріптестерімен бірлесіп террорға қарсы операцияларды жүргізудің жаңа әдістерін зерделеп, пысықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат  «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оқу-жаттығуға қатысушылар кедергілер жолағынан өту, атыс қаруынан ату, жасанды және табиғи рельефтермен тауға өрмелеу, тікұшақтан фал арқылы түсіп, […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Мысырдың СІМ басшысы: Ресеймен ынтымақтастық экстремизммен күресуге көмектеседі

    НҰР-СҰЛТАН, 21 қазан. Ресей Африка елдеріне экстремизммен күресте және аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде көмектесе алады. Бұл туралы РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында Мысыр Сыртқы істер министрі Самех Шукри мәлімдеді, деп Islam-today жазады. «Африканың қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық, ақпарат алмасу мәселелеріндегі мүмкіндіктерін күшейту қажет. Сонымен қатар, континенттің ішінде ғана емес, халықаралық серіктестермен де, соның ішінде осы лаңкестік […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Австрияда діни қызметші жастарды ДАИШ қатарына тартқаны үшін сотталды

    НҰР-СҰЛТАН, 21 қазан. Австрияның Грац қаласында сот үкімімен шығу тегі түрік имамы жастарды «Ислам мемлекеті» халықаралық террористік тобының (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым) қатарына тартқаны үшін жеті жылға сотталды,деп Islam today хабарлайды. Сотталған діни қызметшінің аты аталмайды. Тек 47 жаста екені ғана белгілі.  Ол лаңкестер қатарына шетелдіктерді тартумен айналысқан діни топты құруда және басқаруда кінәлі […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның Кандагар провинциясында 30 содыр жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 21 қазан. 20 қазан күні елдің оңтүстігіндегі Ауғанстанның ұлттық армиясының жоғары лауазымды командирі Кандагар провинциясының аумағында (провинцияның астанасы — Кандагар қаласы) Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс күштері жүргізген операция нәтижесінде «Талибан» қозғалысының кем дегенде 30 содыры (ҚР-да қызметіне тыйым салынған ұйым) жойылып, көбі түрлі дәрежедегі жарақат алғандығын мәлімдеді, деп REGNUM жазады. «Bakhtar News Agency» ауғандық […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Алеппоның шығыс бөлігінде бірнеше жарылыс болды

    НҰР-СҰЛТАН, 20 қазан. Алеппо қаласының шығыс бөлігіндегі Телль-эз-Заразир ауданында бірнеше жарылыс болды,  деп Al Arabiya телеарнасына сілтеме жасап  REGNUM хабарлайды. Телеарна мәліметтері бойынша, сириялық барлау штабының жанында бірден бірнеше жарылыс болған. Жарылыс салдарынан қаза тапқандар болуы мүмкін. Жарылыс орны мен оған іргелес жатқан барлық аудандар қауіпсіздік күштерімен қоршауға алынған. Сириялық билік жарылыс туралы ешқандай ресми […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Пентагон басшысы «Талибанмен» келіссөздер үшін Ауғанстанға келді

    НҰР-СҰЛТАН, 20 қазан.  АҚШ Қорғаныс Министрі Марк Эспер «Талибан» (ҚР-да қызметіне тыйым салынған ұйым) содырларымен келіссөздерді жалғастыру мақсатында Ауғанстанға сапармен келді, деп Reuters агенттігіне сілтеме жасап REGNUM хабарлайды. «Сапардың мақсаты бейбіт келісім жасау әрекеті болып табылады. Жанжалдың саяси шешімі — біз үшін ең тиімді нұсқа», — деп басылым Эспердің сөзін келтіреді. Сондай-ақ, америкалық қорғаныс ведомствосының […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Мали әскерилері 50-ге жуық содырдың көзін жойды

    НҰР-СҰЛТАН, 20 қазан. Мали арнайы қызметінің арнайы операциясының нәтижесінде 50-ге жуық содыр жойылды, тағы 30 адам жарақат алды, деп Anadolu Ajansi сілтеме жасап Regnum хабарлайды. Қақтығыс нәтижесінде әскерилер, ағымдағы жылдың қыркүйек айында жаулардың қолына  түскен 36 әскери қызметшілерің босатып алды, 24 адам әлі күнге дейін тұтқында. Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың қыркүйегінде «Әл-Каида» (ҚР қызметіне […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанда мешіттегі лаңкестік құрбандарының саны 62-ге жетті

    НҰР-СҰЛТАН, 19 қазан. Мешіттегі лаңкестік әрекеттерден ажал құшқандардың саны 62-ге жетті.Тағы 100 ден астам тұрғын зардап шеккен, деп Хабар 24 жазады.  Еске сала кетейік, кеше Ауғанстанның Нангархар провинциясында орналасқан мешітте екі мәрте жарылыс болған. Салдарынан жұма намазға келгендердің үстіне ғимараттың шатыры опырылып құлаған. Қантөгісті кім ұйымдастырғаны әлі белгісіз. Жергілікті үкімет лаңкестік әрекетке «Талибан» радикалды қозғаласы жауапты […]
    • 5 Years ago
    • 0