Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Ауғанстанда мешіттегі жарылыстардан 30 жуық адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 18 қазан. Ауғанстан шығысында мешітте қатарынан екі рет жарылыс болып, 30-ға жуық адам қаза тапты, 100-ден астам адам жараланды деп хабарлады жергілікті билік өкілдері, деп Азаттық хабарлайды. Қолда бар ақпарат бойынша, 18 қазанда түс кезінде жұма намазына қатысу үшін жұрт мешітке жиналған кезде жарылыс болған. Шенеуніктердің сөзіне қарағанда кейбір адамдар үйінді астында қалған. «Зардап […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Түркия астанасында ИМ 10 агенті ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 16 қазан. Түрік Республикасының астанасы Анкарада жергілікті қауіпсіздік басқармасының терроризмге қарсы күрес бөлімінің бөлімшелері елге заңсыз жолмен келген 10 шетел азаматын ұстады, деп REGNUM жазады. Түркияның Anadolu Ajansı жаңалықтар агенттігінің хабарлауынша, құзырлы түрік органдары ұсталғандардың қызметін ИМ (ҚР-да қызметіне тыйым салынған ұйым)   құрылымы шеңберінде жүзеге асырғанын анықтады. Оларға»лаңкестер жағындағы шетелдік содырлар» сипаттамасы берілді. Тергеу […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның Тахар провинциясында тәлібтердің жоғары лауазымды командирі қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 16 қазан. 15 қазанда Тахар провинциясы полициясының ресми өкілі (провинцияның астанасы — Талукан қаласы) осы аймақтың аумағында Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс күштері жүргізген операция нәтижесінде «Талибан» қозғалысының (ҚР-да қызметіне тыйым салынған ұйым) жоғары лауазымды командирі Мулла Дауд жойылғанын мәлімдеді, деп жазады Regnum.  «Bakhtar News Agency» ауғандық жаңалықтар басылымының хабарлауынша, Ауғанстанның қорғаныс және Ұлттық қауіпсіздік […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Индонезияда лаңкестік әрекетке қатысы бар 22 күдікті ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 16 қазан. Индонезияның ұлттық полиция басшысы Деди Прасетио 2019 жылдың 10-14 қазаны аралығында елдің бірқатар аймақтарында лаңкестік әрекетке қатысы бар кем дегенде 22 күдікті құрықталғанын мәлімдеді, деп Antara агенттігіне сілтеме жасап Regnum хабарлайды. «Терроризмге қатысты қылмыстық істер бойынша барлығы 22 күдікті ұсталды», — деп мәлімдеді Деди Прасетио Джакартада. Басылым күдіктілерді қамауға алу Индонезияның қауіпсіздік […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Күрдтер Сириядағы лагерьлерден содырлардың отбасы мүшелері қашып шыққанын хабарлады

    НҰР-СҰЛТАН, 15 қазан. Сирияның солтүстік-шығысындағы күрдтердің автономия әкімшілігі Айн-Исса лагерінен «Ислам мемлекеті» террористік тобына қатысы бар бірнеше жүз адамның қашып шыққанын хабарлады. Лагерь «Сирия демократиялық күштері» бақылауындағы аумақта орналасқан, деп Азаттық хабарлайды.  Күрдтер «Ислам мемлекеті» террористік тобының қайта күшеюі мүмкін екенін айтып, ендігәрі «жиһадшыларды» күзетуге басымдық бере алмайтынын хабарлады. Бұл лагерьлерде шамамен 12 мың тұтқын […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Сирия-Түркия шиеленісі: БҰҰ мен ЕО алаңдап отыр

    НҰР-СҰЛТАН, 14 қазан. Түркия әскері Сириядағы күрд жасақтарын шабуылдап жатқаны белгілі. Ондаған адам опат болды. Олардың арасында бейбіт тұрғындар да бар. Дүниежүзілік қауымдастық осыған алаңдап, «Бейбітшілік қайнары» деп аталған әскери операцияның арты гуманитарлық дағдарысқа әкеліп соғуы мүмкін деп дабыл қақты, деп жазады 24.kz.  Өкінішке қарай соғыстың аты соғыс. Қарулы қақтығыста содырлар мен қоса жазықсыз жандар […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Сирияның Камышлы қаласында жарылыс болды

    НҰР-СҰЛТАН, 13 қазан. Сирияның Түркия шекарасына жақын жатқан Камышлы қаласында жарылыс болып, 3 адам қаза тапты, деп хабарлайды  24.kz.  Тағы 9 тұрғын жарақат алды. Ақпарға қарағанда, көлікке жасырылыған бомба іске қосылған. Лаңкестікті «Ирак және Левант лаңкестік ұйымы» мойнына алды. Еске сала кетейік, Түркия бірнеше күн бұрын Сирияның солтүстігіндегі күрд жасақтарына қарсы әскери операция бастаған болатын. […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • ИМ Сириядағы Ресей әскеріне жасалған шабуыл үшін жауапкершілікті алды

    НҰР-СҰЛТАН, 13 қазан. «Ислам мемлекеті «террористік ұйымы (ҚР-да қызметіне тыйым салынған ұйым) Ресей әскери полициясының қозғалысы жолындағы жарылыс үшін жауапкершілікті өз мойнына алды, деп SITE Intelligence Group порталына сілтеме жасап REGNUM хабарлайды. Бұған дейін, 11 қазанда, Сирияда Ресей әскери полициясы патрулінің қозғалысы бағытында екі жарылғыш құрылғы іске қосылды. Оқиға Анхуль елді мекенінде орын алды. REGNUM  хабарлағандай, […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • БАҚ – Галледе оқ атқан айыпталушы кінәсін мойындады

    НҰР-СҰЛТАН, 11 қазан. Штефан Б. (жергілікті заңдар бойынша толық аты жарияланбайды) немістің Галле қаласындағы (Саксония федералды жері)  синагоганың жанында атыс кезінде ұсталған сотта өз кінәсін мойындап, шабуылды экстремистік себептер бойынша жасағанын хабарлады. Бұл туралы 11 қыркүйекте Dpa-international порталына сілтеме жасап Regnum  хабарлады. Тергеудің алдын ала болжамы бойынша, 27 жасар ер адам 9 қазан күні синагога […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Терроризммен күрес ұжымдық сипатқа ие болуы керек- Ауғанстан өкілі

    НҰР-СҰЛТАН, 09 қазан. Терроризммен күрес ұжымдық сипатқа ие болуы керек. Бұл туралы Ауғанстан Ислам Республикасының қауіпсіздік және шекаралық істер мәселелері бойынша ынтымақтастық департаментінің директоры Мохаммад Файзи айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Жылдар бойы Ауғанстан терроризмнің құрбаны болып келеді. Біздің ел — бұл жағдаймен күресуде бәрінен көп зардап шеккен мемлекет. Біз терроризммен күрес ұжымдық сипатқа ие болу […]
    • 5 Years ago
    • 0