Филиппин. 29 желтоқсан. Филиппиннің Лейте провинциясында жойқын жарылыс болып, 27 адам жарақат алды. Бұл туралы Хабар 24 хабарлайды. Билік өкілдерінің айтуынша, 28 желтоқсан күні жарылыс мереке қарсаңында өтетін бокс турнирі кезінде, шамамен 19:00 (Астана уақытымен) сағатта болған. Кейбір дереккөздер 10 адамның қаза тапқаны туралы ақпарат таратты. Дегенмен билік өкілдері оны растаған жоқ. Полиция істің анық-қанығын […]