НҰР-СҰЛТАН, 14 шілде. Ауғанстан үкіметтік күштері бір тәулік ішінде 200-ге жуық содырдың көзін жойды, деп республиканың қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды. «Талибан*» қозғалысының жүз тоқсан бір террористі өлтірілді, 154-і жараланды» делінген хабарламада. Сонымен қатар, қолдан жасалған 14 жарылғыш құрылғы табылып, залалсыздандырылды. Әскери операциялар Пактия, Гильменд, Ганзи, Хост, Кандагар, Нимруз және Такар провинцияларында жүргізілді. […]