Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Германияның Вюрцбург қаласында Сомалиден шыққан 24 жастағы жігіт көшедегі үш адамды пышақтап өлтірді

    НҰР-СҰЛТАН, 26 маусым.  Германияның Вюрцбург қаласында Сомалиден шыққан 24 жастағы жігіт көшедегі жұртқа пышақ салды, деп хабарлайды 24.kz. Әлгі жігіттің әрекеті шектен шығып, үш бірдей кісіні пышақтап өлтірді. Алты адамның жарақат алғаны жайында ақпарат бар. Тіпті бір балаға да пышақ салған секілді. Баланың әкесі қандықол қарақшының қолынан қаза тапқан көрінеді. Көпшілік қылмыскерді ұстауға тырысып еді, […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • БҰҰ: 2020 жылы Ауғаныстанда 2,6 мыңнан астам бала қаза болып не жарақат алған

    НҰР-СҰЛТАН, 25 маусым.  Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Ауғанстанда соғыс кезінде қайтыс болған не жарақат алған балалар санының көбейіп жатқанына алаңдайды.Бұл туралы centralasian.org  жазады. Ұйымның 22 маусымда жариялаған «Балалар және қарулы жанжалдар» атты баяндамасында 2020 жылы Ауғанстанда 760 бала қаза тауып, 1859-ы жарақат алғаны жазылған. Олардың ішінен 1 098 жеткіншек тәлібтердің не басқа көтерілісшілердің қолынан оққа ұшып немесе жараланған […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Талибан тағы екі ауданды билігіне алды

    НҰР-СҰЛТАН, 25 маусым.  Ауғанстанның Фариаб уәлаятында екі ауданның бақылауы Талибанның қолына өтті, деп TRT хабарлайды. Фариаб депутаты Бабур Жемал сарбаздардың Фариабтың Карамкол, Куган және Андхой аудандарына қарулы шабуыл жасағанын білдірді. Шабуыл нәтижесінде Карамкол және Курган аудандары Талибанның билігіне өтті.  Андхой ауданы маңында қақтығыстар жалғасуда. Талибан болса аты аталған үш ауданды да алғандарын хабарлады. Кеше де […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Түркия ІІМ: Түркияда террорист саны азайды

    НҰР-СҰЛТАН, 25 маусым. Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу Түркиядағы террорист санының 240-қа азайғанын білдірді, деп TRT хабарлайды. Муштың Хаскөй ауданында мәлімдеме жасаған Сүлейман Сойлу Мушта қауіпсіздік тақырыбында бір жиналыс өткізілгенін айтты. Түркиядағы террорист санының 240-қа азайғанын айтқан Сойлу: «Үңгірлерге тығылған террористтер бастарын  шығара алмауда. Телефон арқылы сөйлесе алмауда. Бір жерге бара алмауда» деді.
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның 13 провинциясында бір тәулікте 220-дан астам тәліп өлтірілді

    НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым.  Ауғанстанның 13 провинциясында қауіпсіздік күштері мен «Талибан» қозғалысы бөлімшелері арасындағы қақтығыстарда бір тәулікте 221 талибан өлтіріліп, 88-і жарақат алды, деп бейсенбі күні Ислам Республикасының Қорғаныс министрлігіе сілтеме жасап Анадолу агенттігі хабарлады, деп ТҚК РҚБ  ресми сайты жазады. Қорғаныс министрлігі қақтығыстардың Кунар, Газни, Кандагар, Урузган, Забул, Фарах, Гор, Балх, Фарьяб, Гильменд, Нимруз, Кундуз […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның оңтүстігінде бомбалы шабуылда 5 адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым.  Ауғанстанның оңтүстігіндегі Кандахар уәлаятында ұйымдастырылған бомбалы шабуылда 5 адам қаза тапты, деп TRT хабарлайды. Кандахар қауіпсіздік басқармасы мәлімдемешісі Джемал Насыр Барикзей Мейвенд ауданы Гедж Кариз аймағында жолдың шетіне төселген бомбаның адамдарды тасымалдаған көліктің өтуі барысында жарылғанын айтты. Жарылыста 5 адам қаза тапты және 18 адам жарақат алды.
    • 3 Years ago
    • 0
  • Сирия бойынша кезекті кездесу 7-8 шілдеде Нұр-Сұлтанда өтеді

    НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым. 7-8 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласында Астана форматында Сирия бойынша жоғары деңгейдегі 16-шы халықаралық кездесу өтеді, деп  Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Sputnik Kazakhstan хабарлайды. «Алдағы кездесуде кепілгер елдер — Иран, Ресей және Түркия, сондай-ақ Сирияның үкіметі мен қарулы оппозициясы өкілдерінің қатысуы жоспарлануда. Бақылаушылар ретінде БҰҰ, Иордания, Ирақ пен Ливанның жоғары деңгейдегі өкілдері […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Eуропол: 2020 жылы ЕО-дағы террорлық шабуылдардан 20-дан астам адам қаза болды

    НҰР-СҰЛТАН, 23 маусым.  2020 жылы 20-дан астам адам Еуропалық Одақтағы лаңкестік шабуылдардың құрбаны болды. Бұл туралы Еуропалық полиция агенттігінің (Еуропол) сейсенбіде таратқан есебінде айтылады, деп хабарлайды ТАСС. «Барлығы 2020 жылы ЕО аумағында орындалған, алды алынған  және сәтсіз болған 57 террористік акт тіркелген, — делінген құжатта. — Сонымен қатар, Ұлыбритания 62 террористік оқиға туралы, ал Швейцария […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Доминикан Республикасында 260 кг-нан астам кокаин тәркіленді

    НҰР-СҰЛТАН, 23 маусым.  Доминикан Республикасында есірткінің айналымын бақылау жөніндегі Ұлттық басқарманың қызметкерлері елдің батысындағы Бараона елді мекенінің жанында есірткінің ірі партиясын тәркіледі. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап REGNUM АА хабарлады. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, есірткі басқармасының қызметкерлері есірткі контрабандасына күдік бойынша Венесуэланың екі азаматын ұстау барысында қайықтардың бірінен 263 келі кокаин тәркілеген. Естеріңізге […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның оңтүстігінде жол бойындағы минаның жарылуы салдарынан бес адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 23 маусым.  Сейсенбі күні кешке Ауғанстанның оңтүстігіндегі Кандагар провинциясының тынышсыз Миванд ауданында жолаушылар автобусы жол бойындағы минаға ұрынып, бес адам қаза тауып, 18 адам жарақат алды. Бұл туралы сәрсенбі күні жергілікті полиция өкілі Джамал Барикзайға сілтеме жасап Синьхуа  агенттігі хабарлады. «Миванд ауданындағы жолға содырлар орнатқан минаға сейсенбі күні кешке жолаушылар автобусы ұрынды. Нәтижесінде бес […]
    • 3 Years ago
    • 0