Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Өскеменде есірткі жарнамалайтын 50-ден астам граффити жойылды

    ӨСКЕМЕН, 21 желтоқсан. Өскемен қаласында полиция қызметкерлері есірткі жарнамалайтын 50-ден астам граффити-суретті жойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері «ВИКИНДА» қоғамдық қорының және ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының өкілдерімен бірлесіп, нашақорлықтың алдын алу және психотроптық заттардың таралуын болдырмау мақсатында Өскемен қаласының көшелерінде рейд жүргізді. «Шаһардағы түрлі […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Украинада құны 12 миллион доллар болатын ірі кокаин партиясы тәркіленді

    НҰР-СҰЛТАН, 21 желтоқсан. «Старокозачье» халықаралық өткізу бекетінде (Одесса облысы) Украинаның құқық қорғау органдарының қызметкерлері  54 кг кокаин бар жүкті тоқтатты, деп Украинаның Мемлекеттік шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап REGNUM АА  хабарлады. Украинаның  «Южный теңіз портына»  есірткі заттары Эквадордан жеміс-жидек салынған контейнермен келді.  «Құқық қорғау органдарының қызметкерлері «элиталық есірткінің» соңғы жеткізі пункті ЕО елдерінің бірі […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Тараз қаласында есірткі жарнамалайтын граффити-суреттер өшіріліп, интернет-парақшалар бұғатталды

    ТАРАЗ, 20 желтоқсан. Жамбылдық полиция қызметкерлері облыс әкімдігінің Жастар саясаты мәселелері басқармасының қызметкерлерімен және еріктілермен бірге тұрғын үйлер мен ғимараттардың қабырғаларына кодтық сөздер мен байланыс нөмірлері жазылған граффиттилерді өшірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Іс-шара нәтижесінде бір күннің ішінде қала бойынша 100-ден астам жазба жойылды. Сондай-ақ, Жамбыл облысының ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері интернет желісіне күнделікті […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • СҚО-да «спайс» синтетикалық есірткіні сатқан адам қамалды

    ПЕТРОПАВЛ, 20 желтоқсан. Солтүстік Қазақстан облысында синтетикалық есірткі сатқан адам темір торға қамалды, – деп хабарлайды Polisia.kz. СҚО қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты “спайс” деген атпен белгілі синтетикалық есірткіні дайындап, өткізумен айналысқан 27 жастағы Петропавл қ. тұрғынын жеті жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Ол көктемде полицияның назарына іліккен. Шілде айында мұқият жедел бақылауда […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Қазақстан-қырғыз шекарасында героиннің ірі партиясын ұсталды

    ТАРАЗ, 16 желтоқсан.Қазақстан-қырғыз шекарасында шекарашылар героиннің ірі партиясын ұстады, деп ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлайды.  2020 жылғы 10 желтоқсанда инспекциялық-тексеріп қарау кешені мен «Джек» деген лақап атты қызметтік итті пайдалана отырып, автомобиль өткізу пунктінде Қырғызстаннан Қазақстанға «Б» деген азамат жүргізіп бара жатқан «Toyota Prado» автомашинасында қарап тексеруден жасырылған ерекше иісі бар ақ-сұр түсті заты бар […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Маңғыстау полицейлері жыл басынан бері заңсыз айналымнан 254 келі түрлі есірткі тәркіледі

    АҚТАУ, 14 желтоқсан. Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы биылғы жылдың 11 айында есірткіге байланысты 603 құқық бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Оның ішінде есірткі сатудың 61 фактісі, ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысудың 2 фактісі, есірткі сатудан түскен ақша қаражатын заңдастырудың 1 фактісі, […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Павлодарда заңсыз айналымнан аса ірі мөлшердегі есірткі тәркіленді

    ПАВЛОДАР, 11 желтоқсан. Павлодарлық жедел уәкілдер есірткінің ірі арнасын жойды, – деп хабарлайды Polisia.kz. – Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері аса ірі мөлшерде есірткі тасымалдаған күдіктіні ұстады. Жедел уәкілдер ер адамның есірткіні еліміздің оңтүстік өңірлерінен Павлодар қаласына жеткізуді ұйымдастырып, әрі қарай сатумен айналысқанын анықтады. Ұсталған кезде автокөліктің салонынан және жүк […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Биыл ақтөбелік полицейлер 500 келіден астам есірткі тәркіледі

    АҚТӨБЕ, 11 желтоқсан. Биыл ақтөбелік жедел уәкілдер қылмыстық істер бойынша заттай дәлел ретінде 500 келіден астам есірткі тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz. Бұл кептірілген марихуана, апиын, гашиш, қарасора және басқа да психотроптық заттар. Заң бойынша, осы қылмыстық арсеналдың барлығы жойылуға жатады және Ақтөбе қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері осы іс-шараларды үнемі өткізіп тұрады. Сотқа жіберілген істер […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Алматы полицейлері іс-шара барысында есірткінің “кең ассортиментін” тәркіледі

    АЛМАТЫ, 09 желтоқсан. Алматы қаласының полицейлері есірткінің “кең ассортиментін” ұсынған азаматтарды құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Алматы қаласы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және олардың аналогтарының шаһар аумағына таралуының жолын кесу мақсатында қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтауға бағытталған жедел-алдын алу іс-шараларын жүргізуде. – Біздің бөліністің қызметкерлері Рысқұлов даңғылы мен Ахременко […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Мәскеу тұрғынының пәтерінен нацистік әдебиет пен оқ-дәрі арсеналы табылған

    НҰР-СҰЛТАН, 09 желтоқсан. Мәскеудің солтүстік-шығысындағы пәтерден полиция қызметкерлері оқ-дәрі арсеналын тапты, оның ішінде минометтің төрт минасы мен жаяу әскерге қарсы қойылатын граната бар. Бұл туралы құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сілтеме жасап ТАСС жазады .  «Тексеру кезінде Холмогорская көшесі, 6 үй, 1 ғимарат, 53 пәтерде оқ-дәрілерді заңсыз сақтау фактісі анықталды. Осы мекен-жай бойынша тұратын ер адамнан […]
    • 4 Years ago
    • 0