Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Қарағандыда үш жасөспірім синтетикалық есірткі дайындайтын зертхана ұйымдастырған 

    ҚАРАҒАНДЫ, 26 қазан. Қарағандыда синтетикалық есірткі жасаумен айналысқан үш жасөспірім ұсталды. Бұл туралы ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қарағандыда есірткі бизнесімен күрес қызметкерлері синтетикалық есірткі дайындайтын зертхана ұйымдастырған үш жасөспірімді ұстады. Олар бұл үшін арнайы пәтер жалдаған. Тінту барысында арнайы құрылғылар мен химиялық реагенттер тәркіленді. Сотқа дейінгі іс қозғалып, […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • «Қарасора-2020»: Нұр-Сұлтанда есірткі сататын топ ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 26 қазан.  Елордада арнайы операция барысында есірткі сатушылардан құралған қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан полиция басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Қарасора-2020» жедел алдын алу шаралары барысында есірткінің заңсыз айналымының тұрақты каналы жойылып, елордаға есірткі жеткізіп, сатып келген қылмыстық топтың іс-әрекеттеріне тосқауыл қойылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Пермь қаласында есірткі курьері ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 24  қазан. Пермь қаласының полиция қызметкерлері төрт интернет-дүкенде жұмыс істеп,  ауыр есірткі таратқан жас жігітті ұстады, деп Пермь аумағы бойынша ішкі істер министрлігі басқармасының баспасөз қызметіне  сілтеме жасап  REGNUM хабарлады . Мекеме мәліметі бойынша, жас жігіт Пермь қаласы мен Пермь аумағында мефедрон сатумен айналысқан. Жабдықталған жасырын жерден тез шығу үшін ер адам электрсамакатпен жүрген. Ұстау кезінде […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Парагвайда құны 500 миллион долларды құрайтын  есірткі тәркіленді

    НҰР-СҰЛТАН, 21 қазан. Бұл ел тарихында болмаған жағдай, деп хабарлайды 24.kz. Тәртіп сақшыларының анықтауынша, есірткінің құны шамамен 500 миллион долларды құрайды. Полиция қызметкерлері кокаинді Израильге жол тартқан 6 жүк контейнерінен тапқан. Анықталғандай, контейнерлердің бәрі Кристиан Турринидің атына рәсімделіпті. Айта кетейік, бұл азамат бұрын Парагвай телеарналарының бірінде басшылық қызметін атқарған. Енді ол осы іске қатысты түсініктеме […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Маңғыстау облысының полицейлері есірткі сататын 72 сайтты бұғаттады

    АҚТАУ, 21 қазан. Өңірдегі есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі қылмысының 493 фактісін анықтап, есірткі сататын 72 сайтты бұғаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Департаменттің мәліметінше, жыл басынан бері есірткі саудасына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 493 есірткі қылмысын анықтаған. Нәтижесінде заңсыз айналымнан героин, марихуана, гашиш, апиын және синтетикалық […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Украина Қауіпсіздік қызметі: «батылдық пен шыдамдылық есірткісі» тәркіленді

    НҰР-СҰЛТАН, 21 қазан. Одессада Украина Қауіпсіздік қызметі 750 келі каптагон транзитін тоқтатты. Бұл туралы Украина Қауіпсіздік қызметі баспасөз қызметіне сілтеме жасап  REGNUM хабарлады. Мекеме хабарлауынша, каптагонды исламшыл террористік топтардың өкілдері содырлардың психикасына әсер ету үшін жиі пайдаланады. «Арнайы операция барысында жедел уәкілдер мен арнайы қызметтің тергеушілері есірткі тасымалын Одесса мен Львовтың екі тұрғыны ұйымдастырғанын анықтады. […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Түрік полициясы Бразилиядан келген кемеден 220 кг кокаин тәркіледі

    НҰР-СҰЛТАН, 21 қазан. Түркияның есірткі бизнесіне қарсы полиция қызметкерлері елдің оңтүстігіндегі Мерсин портты қаласында 220 келі кокаин тәркіледі, деп Анадолу агенттігі жазады. Арнайы операция елдің оңтүстігіндегі Мерсин портында жүргізілді. Мерсин прокуратурасының хабарлауынша, есірткі Бразилиядан келген жүк кемесінен табылған. Мекеме мәліметі бойынша, тәртіп сақшылары кемені тексеру кезінде кокаин жасырылған қағаз салынған контейнерлер тапты. Арнайы операция барысында […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Франция мен Марокко есірткі саудасымен күрес бойынша келісім жасасады

    НҰР-СҰЛТАН, 18  қазан. Францияның Ішкі істер министрі Жеральд Дарманен Мароккоға барып, әріптесі Абделуафи Лафтитпен келіссөздер жүргізді. Бұл туралы Le Figaro-ға сілтеме жасап REGNUM хабарлайды. Марокконың астанасы Рабат қаласында өткен екіжақты кездесу барысында тараптар көші-қон, терроризмге қарсы күрес және Дарманен бар жігерін салып күресіп жатқан есірткінің заңсыз айналымы мәселелерін талқылады. «Біз ұлттық қауіпсіздік пен терроризмге қарсы […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Синтетикалық есірткі сатқан Петропавл тұрғыны 12 жылға сотталды

    ПЕТРОПАВЛ, 16 қазан. Петропавлда синтетикалық есірткіні сақтап, сатып және жарнамалағаны үшін қала тұрғыны 12 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавлдың 29 жастағы тұрғыны наурыз айында ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу барысында бұрын есірткі қылмысы үшін сотталған оның «Telegram» мессенджері арқылы жұмыс істеген анықталды. Онлайн-ресурстың 3,5 мың […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Польшада қарасора плантациясы анықталды

    НҰР-СҰЛТАН, 14 қазан. Польша полициясы 1700 заңсыз өсірілген қарасора бұталарын тәркіледі. Гопло көлінің маңайындағы жасырын плантациядан табылған есірткі затының жалпы құны қара нарықта 1 миллион злотыйдан (шамамен 265 мың доллар) асты. Бұл туралы Polskie Radio 24-ке сілтеме жасап  REGNUM АА  хабарлады. Қарасора плантациясы «отбасылық бизнес» болды. Плантацияға жақын жерде екі қабатты жапсыра салынған шаруашылық ғимарат […]
    • 4 Years ago
    • 0