Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Өскеменде марихуана сатқан жаттықтырушы ұсталды

    ӨСКЕМЕН, 14 қазан. Өскемен қаласында есірткі саудалаған фитнес-жаттықтырушы ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қарасора» жедел алдын алу шарасы барысында Өскеменде ұзақ уақыт бойы марихуана сатумен айналысып келген фитнес-орталықтардың бірінің жаттықтырушысын қолға түсірді.  
    • 4 Years ago
    • 0
  • 2020 жылдың басынан бері Украинада ширек тоннадан астам кокаин тәркіленді — УМШҚ

    НҰР-СҰЛТАН, 13 қазан. Ағымдағы жылдың тоғыз айында украиналық шекарашылар 379 келі есірткіні анықтап, тәркіледі. Бұл туралы Украинаның Мемлекеттік шекара қызметінің (УМШҚ) баспасөз қызметі хабарлады, деп REGNUM АА жазады. Баспасөз қызметі 379 кг есірткінің 310-ны  Украина аумағына әкелу кезінде ұсталғанын хабарлады. Есірткінің басым бөлігі теңіз арқылы тасымалданды — 259 кг, Ресеймен шекарада 47 кг, Польшамен шекарада […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Атырау облысының тұрғыны үйінде есірткі өсірген

    АТЫРАУ, 12 қазан. Атырау облысының тұрғыны үйінде жылыжай жабдықтап, есірткі өсірген, – деп хабарлайды Polisia.kz. “Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу  барысында голландиялық марихуананы өсіретін зертхананы анықтады”, – деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев. Атырау қаласының тұрғыны өзінің жатын бөлмесінде желдеткіші бар, сонымен қатар температурасы мен жарық жағдайлары […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Қарағанды тұрғынының үйінен полицейлер  есірткі зертханасы мен құны 76,5 млн теңге болатын есірткі заттарын тапты

    ҚАРАҒАНДЫ, 11 қазан. Тәртіп сақшылары синтетикалық есірткі жасаған қарағандылықты қолға түсірді. Ұсталған азаматтың пәтерінен 5 келі тыйым салынған зат табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ағымдағы жылдың 10 қазанында «Қарасора-2020» жедел алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында полиция қызметкерлері аспалы дорба көтерген ер адамды ұстады, оның ішінде салмағы шамамен 750 гр ақ түсті кристалды зат салынған целлофан пакеті […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 170 есірткі қылмысы анықталды

    ӨСКЕМЕН, 10 қазан. Шығыс Қазақстан облысында синтетикалық есірткі көбейіп барады, деп хабарлайды Алтайньюс. Бұл туралы жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары Әсет Өтепов мәлімдеді. Мәселен өткен жылы тәртіп сақшылары «скорость» (амфетамин) деп аталатын 899 грамм затты тәркілеген. Ал осы жылдың 9 айында дәл осы есірткі затының 3,7 келісі табылды. Сондай-ақ маманның айтуынша, бүгінге дейін 222 келі […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Елімізде жыл басынан бері заңсыз ай­налымнан 22 тоннадан астам есірткі тәркіленді 

    НҰР-СҰЛТАН, 09 қазан. Нашақорлық – замана зауа­лы, әлем дерті. Күннен-күнге жаңа сипатпен белең алып бара жатқан бұл құбылыстан ең бір­ін­ші кезекте құқық қорғау ор­ган­дарының үздіксіз күресі құтқаратыны анық. Өйткені өр­кениет прогресінің ең биік шыңы – озық тех­нологиялық ком­му­никациялар да әзірге есірткі бизнесінің шырмауына қолайлы болып тұр. Қашанда қолға түспеудің қитұрқы жол­дарын іздейтін наркодилерлер онлайн жүйенің […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Испания полициясы есірткіге қарсы ірі операция жүргізді

    НҰР-СҰЛТАН, 08 қазан. Испанияның Каталония аймағының полициясы есірткіге қарсы ірі операция жүргізіп, 51 адамды тұтқындады, деп хабарлайды 24.kz. Барселона қаласы мен оның шеткі аудандарында жүргізілген ірі шараға 1 мыңнан аса агент қатысты. Шаһарда 40-тан астам пәтерде тінту жүрді. Полицияның мәлімдеуінше, бұл баспаналар есірткіні сақтау және сату ұясына айналған. Айта кетейік, Испания полициясы өткен жылдары да осындай […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Жыл басынан бері Ресейде 140 есірткі зертханасы жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 07 қазан. Ресейде жыл басынан бері полиция қызметкерлері 139 есірткі зертханасын жойды. Бұл туралы 7 қазанда ішкі істер министрі Владимир Колокольцев мәлімдеді, деп REGNUM АА жазады. «Жыл басынан бері Ресей Федерациясында негізінен синтетикалық есірткі шығаратын 139 зертхана жойылды», — деді ол. Сонымен қатар, 130 мыңға жуық есірткі қылмысы анықталды, 12 тонна тыйым салынған заттар […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Алматы облысында қызметтік ит 1,5 кг астам гашиш тапты

    ТАЛДЫҚОРҒАН, 07 қазан. Алматы облысында үйінде есірткі сақтаған күдікті 11 рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған рецидивист болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Алматы облыстық Полиция департаменті есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Талғар ауданынлағы Тұздыбастау ауылының тұрғынын ұстады. «Қарасора-2020» жедел алдын алу іс-шарасы барысында 37 жастағы азаматтың жеке үйіне қызметтік итпен тінту жүргізіп, сатының астындағы пакеттен есірткі […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Марокко полициясы 4 тоннаға жуық марихуананы тәркіледі

    НҰР-СҰЛТАН, 05 қазан.Марокко полициясы сенбі күні елдің солтүстігіндегі Дриоуч қаласының маңынан 3,729 тонна марихуана тәркіледі. Бұл туралы Корольдіктің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі Бас басқармасына сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады. Мәлімдемеде айтылғандай, операция барысында полиция 3,729 тонна есірткі затын тауып, жеті автокөлікті тәркілеп, төрт күдіктіні ұстады. Құқық қорғау органдары бұл істі тергеуді жалғастыруда. Естеріңізге сала кетейік, Марокконың […]
    • 4 Years ago
    • 0