Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Жітіқара тұрғынынан 700 грамм гашиш пен мылтық тәркіледі

    ҚОСТАНАЙ, 11 наурыз. Қостанай облысының Жітіқара кентінде үйде аса ірі көлемде есірткі сақтаған жігіт ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 25 жастағы тұрғынның үйін тінтіп шыққан полицейлер жасыл түсті зат салынған 11 пакет пен электронды таразыны тәркіледі. Сот-химиялық сараптама табылған заттың “гашиш” екенін анықтады. Оның жалпы салмағы 693,15 грамм болды. Тұрғын ол заттармен шектелмепті. Полиция қызметкерлері […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Өскеменде  42 жасар есірткі өткізуші ұсталды

    ӨСКЕМЕН, 10 наурыз. Өскеменде полицейлер есірткі мен психотроптық заттарды өткізумен айналысқан ер адамды ұстады,- деп хабарлайды  Polisia.kz. 42 жастағы Өскемен қаласының тұрғынының гаражынан 10 пластикалық орама мен ерекше иісі бар өсімдік тектес зат табылды. “Тойота Матрикс” автокөлігінен тағы да осындай пакеттер анықталды. Сараптама көрсеткендей, тәркіленген зат-салмағы 500 грамм кептірілген марихуана. Сондай-ақ, автокөлікті тінту барысында күдіктіден […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Түркия мен Нидерланд полициясының бірлескен операциясы кезінде 3 тоннаға жуық героин тәркіледі

    НҰР-СҰЛТАН, 06 наурыз. Түркия мен Нидерландтың есірткіге қарсы полиция бөлімшелерінің бірлескен операциясының нәтижесінде 2384 кг героин тәркіленді. Бұл туралы Түркияның ішкі істер министрі Сүлейман Сойлуға сілтеме жасап Анадолу агенттігі хабарлады. Оның айтуынша, операция Қазақстан, Германия, Польша, Нидерланды және Түркияның аумағын қамтыды. Осылайша, Түркияның шығыс шекараларындағы бірқатар елдерден Еуропаға есірткі жеткізетін арна тоқтатылды.
    • 5 Years ago
    • 0
  • Тәжікстанның кеден бекетінде 2 келі героин тасымалдаған Ауғанстан азаматы ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 06 наурыз. Тәжік-ауған шекарасындағы Төменгі Пяндж кеден бекетінде Тәжікстан кеден қызметкерлері 2,1 келіден астам героин тәркіледі, деп ТаджикТА хабарлайды. «Төменгі Пяндж кеден терминалының қызметкерлері 1988 жылы туған Ауғанстан азаматы Нұри Аминуллохты ұстады. Аминуллохқа тиесілі шабаданды тінту кезінде кеденшілер бадам салынған екі целлофан пакетін тапты. Осы пакеттерде бадам арасынан ерекше иісі бар сұр түсті ұнтақ […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • БҚО-да қарасора өсірумен айналысқан әкелі-балалы сотталушыларға үкім шықты

    ОРАЛ, 05 наурыз. БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қарасора өсірумен айналысқан әкелі-балалы сотталушыларға үкім шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Судья Бақыт Ермахановтың мәлім еткеніндей, 1986 жылғы Николай мен 1961 жылғы Владимир Полянскийлер айыпты деп танылды. Н.Полянский ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі (есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Қостанай облысында ірі көлемде есірткі сатқан қылмыстық топ ұсталды

    ҚОСТАНАЙ, 04 наурыз. Қостанайлық тәртіп сақшылары облыс аумағында есірткі таратумен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Полиция бастығы Бекет Аймағамбетовтің айтуынша, бұл іс сотқа жеткен. Осы дерек бойынша 200 жедел-із кесу шаралары жүргізілген. Алты күдіктіге қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша айып тағылды. Олар есірткіні заңсыз […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Түркістан облысында отбасылық жұп марихуана сатқаны үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

    ТҮРКІСТАН, 03 наурыз. Түркістан облысында полиция қызметкерлері марихуана сатумен айналысқан ерлі-зайыптыларды ұстады,-деп хабарлайды Polisia.kz. Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция басқармасына Түркістан қаласының тұрғындары есірткі сатумен айналысатыны туралы ақпарат келіп түсті. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция қызметкерлері есірткі затын өткізді деген күдікпен Түркістан қаласының тұрғындары, ерлі-зайыптыларды құрықтады. Белгілі болғандай, ер адам мен оның […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Есірткі граффитиі үшін үш жылға бас бостандығынан айырылады

    НҰР-СҰЛТАН, 02 наурыз. Ақмола полицейлері есірткіні жарнамалаған Павлодар қаласының тұрғынын ұстады,-деп хабарлайды Polisia.kz. Қылмыс осы жылдың 27 ақпанында Ерейментау қаласында жасалды. Учаскелік полиция инспекторы өзінің әкімшілік учаскесін аралау кезінде көп қабатты үйлердің біріндегі кіреберісінің қабырғасынан есірткі құралдары мен психотроптық заттарды тарату бойынша тыйым салынған сайттың атауын қамтитын жазулар тапты. Бұл ақпарат дереу тіркелді. Криминалдық полиция бөлімшесінің […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Есірткісіз қоғам: граффити жазулары өшірілді

    АҚТАУ, 01 наурыз. Маңғыстаулық полицейлер ерікті жастармен бірге граффити жазуларды өшірді,-деп хабарлайды Polisia.kz. Маңғыстау облысы Полиция департаменті Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасы Ақтау қаласы «Арман» жастар орталығының ерікті жастарымен бірге қала аумағындағы граффити жазуларды өшіруде. Мақсаты — есірткіден азат қоғамды қалыптастыру, жастар арасында саламатты және салауатты өмір салтын насихаттау, бүкіләлемдік зұлматқа айналып отырған дерттің кең етек […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Түркістан облысында өткен жылы есірткіге еліткен 166 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылған

    ТҮРКІСТАН, 29 ақпан. Түркістан облысында өткен жылы есірткіге еліткен 166 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылған, бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Қ.Дәлбеков айтып өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ. «Есірткі — бұл ғасыр дерті. Онымен күрес жүйелі түрде жүргізіліп келеді, алайда оны пайдаланып, тұзағына түсіп қалатындар аз емес. Сонымен қатар бүгінде есірткінің синтетикалық түрлері де көбейген. […]
    • 5 Years ago
    • 0