Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Парижде аурухана алдында болған шабуылда 1 кісі қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір.Францияның астанасы Парижде бір аурухананың алдында қарулы шабуыл ұйымдастырылды, деп TRT хабарлайды.   Шабуылда бір кісі қаза тапты, бір кісі де жараланды. Шабуылшы мотоциклмен қашып кетті. Полиция жаралының оқиға болған Генри Данант ауруханасында емделгенін хабарлады. BFM  телеарнасы қаза тапқан ер адам екенін, жаралының аурухананың әйел қауіпсіздік қызметкері екенін білдірді. Қарулы шабуылдың себебі әлі белгісіз.
    • 3 Years ago
    • 0
  • Түркияда жыл басынан бері 40 лаңкестік шабуылдың алды алынды

    НҰР-СҰЛТАН, 11 сәуір. 2016 жылдың 15 шілдесінен бастап, яғни Түркиядағы төңкеріс әрекетінен кейін 462 террористік басшы бейтараптандырылды. Бұл туралы Түркияның ішкі істер министрі Сулейман Сойлу әлеуметтік желіде хабарлады, деп жазады Анадолу агенттігі. Министр олардың 30-ның есімдері Түркия ІІМ-нің ерекше қауіпті қылмыскерлерінің «қызыл», 27-сі «көк», 28-і «жасыл», 63-і «қызғылт сары»  және 314 — «сұр» тізімінде болғанын […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • France Info: Францияда лаңкестік шабуылды ұйымдастырған күдікті 24 жылға сотталды

    НҰР-СҰЛТАН, 11 сәуір. 2016 жылғы футболдан Еуропа чемпионаты қарсаңында алды алынған лаңкестік әрекетті дайындады деп айыпталған француз Реда Крикет 24 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы France Info радиосына сілтеме жасап ТАСС хабарлайды. 34 жастағы француз Реда Крикет 2016 жылдың 24 наурызында Брюссельдегі лаңкестік әрекеттерден бірнеше күн өткен соң Париж маңында арнайы операция кезінде ұсталды. […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Пентагон басшысы АҚШ Қарулы Күштері қатарында экстремизммен күрес туралы бұйрыққа қол қойды

    НҰР-СҰЛТАН, 11 сәуір. АҚШ қорғаныс министрі Ллойд Остин АҚШ Қарулы Күштері қатарындағы экстремистік көзқарастар мен көңіл-күйлермен күресу және тиісті қызметпен айналысатын жұмыс тобын құру туралы бұйрықтар шығарды . Бұл туралы ТАСС Пентагонның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады. Остин қол қойған жаңа меморандум, атап айтқанда, «экстремистік топтардың әскери қызметкерлерін» тартуды анықтау бойынша жұмысты күшейтуді көздейді. Сонымен […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Сомалідің оңтүстік-батысында жарылыс салдарынан кем дегенде төрт адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 10 сәуір. Сенбі күні таңертең Сомалінің оңтүстік-батысындағы Байдоа қаласында жанкешті ұйымдастырған жарылыстан кем дегенде төрт адам қаза тауып, алтауы жараланды, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі. Федералды үкіметтің баспасөз-хатшысы Мохамед Ибрахим Моалиму қысқаша мәлімдемесінде оқиға Сомалінің оңтүстік-батысындағы Байдоа қаласындағы мейрамханада ер адамның өзін-өзі жарып жіберген кезде болғанын айтты.
    • 3 Years ago
    • 0
  • Пентагон: американдық әскерлерді Ирактан шығару кестесі әлі келісілмеген

    НҰР-СҰЛТАН, 09 сәуір. Вашингтон мен Бағдад американдық контингентті Ирактан шығару кестесі туралы әлі келіскен жоқ. Бұл туралы Вашингтондағы журналистерге Пентагон өкілі Джон Кирби хабарлады, деп жазады Анадолу агенттігі. Кирби АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен мен Ирактың Сыртқы істер министрі Фуад Хусейн бастаған екі елдің делегациялары арасындағы стратегиялық диалогтың үшінші кезеңінің қорытындылары бойынша «Ирактан американдық әскерлерді […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Мысыр соты «Ағайынды мұсылман бауырлар» қозғалысының қазіргі жетекшісін өмір бойына бас бостандығынан айырды

    НҰР-СҰЛТАН, 09 сәуір. Бейсенбі күні Мысыр соты бірнеше ай бұрын Каирдегі пәтерде ұсталған «Ағайынды мұсылман бауырлар» тобының  бұрынғы жетекшінің міндетін атқарушы Махмуд Эззатты өмір бойына бас бостандығынан айырды, деп жазады REUTERS. Қауіпсіздік күштері Эззатты өткен жылдың тамыз айында Каирдегі Бесінші елді мекен аймағында болған рейд кезінде тұтқындады, бұл 2013 жылы биліктен кетірілгеннен бері қуғын-сүргінге ұшыраған […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Террорлық ұйым мүшелерінің Түркиядағы активтері кепілдікке алынды

    НҰР-СҰЛТАН, 08 сәуір.Фетуллахшы террор ұйымы (FETÖ), ДАИШ, PKK/KCK және DHKP/C террор ұйымдарына мүшесі 377 адамның Түркиядағы активтері кепілдікке алынды, деп TRT жазады.  Қазына және қаржы министрлігі тақырыппен байланысты шешімі «Ресми Газетте» жарияланды. Активтері кепілдікке алынған 205 ФЕТӨ мүшесі арасында ұйым басшысы Фетуллах Гүленнің аты бірінші орында. Тізімде аталмыш ұйымға мүше Хамди Акын Ипек, Экрем Думанлы, Хидайет […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Нигерияның оңтүстік-шығысында содырлардың шабуылынан үш адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 08 сәуір. Сәрсенбі күні Нигерияның оңтүстік-шығысындағы Бенуэ штатындағы құрылыс алаңына белгісіз қарулы содырлар шабуыл жасап, Қытай азаматы мен Нигерияның екі полиция қызметкерін өлтіріп, тағы екі Қытай азаматын кепілге алды. Бұл туралы Синьхуа агенттігі жергілікті полицияға сілтеме жасап хабарлады. Сәрсенбі күні сағат 07:30 шамасында қытайлық қызметкерлер  мен оларды алып жүруге жауапты бірнеше нигериялық полиция қызметкерлеріне […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • ТР ІІМ: Наурыз айында 86 террорист залалсыздандырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 06 сәуір.Наурыз айында ел көлеміндегі операцияларда 86 террорист залалсыздандырылған, деп Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап  TRT жазады.  Ішкі істер министрінің орынбасары және министрлік мәлімдемешісі Исмаил Чатаклы министрліктің конференция залында «Ай сайынғы баспасөз жиналысында» наурыз айында ұйымдастырылған ішкі қауіпсіздік операцияларында 86 террористің залалсыздандырылғанын мәлімдеді. Чатаклы есірткімен күрес аясында 29 наурыз — 5 сәуір күндері арасында 5 […]
    • 3 Years ago
    • 0