Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Ауғанстанда Ислам мемлекетінің 20 содырының көзі жойылды

    НҰР-СҰЛТАН 25 мамыр. Өткен түні шығыс Нангархар провинциясының аумағында ауған қауіпсіздік күштерінің операциясы нәтижесінде Ресейде тыйым салынған Ислам мемлекеті тобының 14 содыры өлтірілді,деп хабарлайды Афганистан.Ру  Бахтар АА сілтеме жасап. Жауынгерлік әрекеттер Ачин мен Хаска Мина уездерінде өтті. Қаза тапқан содырлардың қатарында басқа елдің келімсектері бар. Сондай-ақ, бүгін таңертең Кунар провинциясында әуе соққысы нәтижесінде тағы 6 […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Лионда болған жарылыс қашықтан басқарылған

    НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр. Лион қаласында жарылыс қашықтан басқарылып, жүзеге асырылған. Бұл туралы жергілікті телеарнаның бірі тергеуге сілтеме жасап хабарлады, деп Хабар 24 агенттігі жазды. Мәліметке қарағанда бомба салынған сөмкеден қашықтан басқарылатын электрондық бөлшектер табылған. Еске сала кетейік, кеше кешкісін Лионның Виктор Гюго көшесінде жарылыс болып, 13 адам жарақат алды. Полиция жарылысты велосипедке мінген жасы 30 […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Франциядағы жарылысты ұйымдастырды деген күдікті іздестірілуде

    НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр. Францияның Лион қаласында теракт болып, 13 адам жарақат алды.Бұл туралы Хабар 24 агенттігі хабарлайды.  Жапа шеккендердің арасында 8 жасар қыз бар. Лаңкестік шаһардың Виктор Гюго көшесіндегі наубайханаға жақын жерде болды. Сөмкеге салып тастап кеткен бомба жарылды. Лаңкес көшедегі сыртқы бейнекамераның біріне түсіп қалған. Ол бомбаны велосипедпен келіп қойып кеткен. Бірақ бейнежазба анық […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанда мешіттегі жарылыстан 3 адам көз жұмды

    НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр —  Ауғанстан астанасы мен Пәкістанның Кветта қаласында екі жарылыс болды, деп  РИА Новости сілтеме жасап  Sputnik Kazakhstan хабарлайды. Кветта мешітінде жұма намазы кезінде жарылыс болды. Намазға 40-қа жуық адам жиналған. Қолдан жасалған жарылғыш зат мінбердің артына қойылыпты. Жарылыстың күшті болғаны соншалық, көрші үйлердің терезелеріне дейін сынып кеткен. Соңғы мәліметтерге сәйкес, оқиға салдарынан 25 адам […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Саудиялық имамдар өлім жазасына кесілді

    НҰР-СҰЛТАН, 23 мамыр. Сауд Арабиясында Рамазан айынан кейін белгілі үш шейх өлім жазасына кесіледі, деп Islam Today сілтеме жасап Kazislam жазады . Middle East Eye басылымының мәліметінше, іс әлем мұсылмандары арасында беделге ие, өмір мен дінге философиялық, прогрессивті көзқараспен қарайтын шейх Салман әл-Саудқа қатысты болып отыр. Шейх Салман әл-Сауд 2017 жылдың қыркүйек айында 13 миллион […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Үндістанда лаңкестердің шабуылынан 11 адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 22 мамыр. Үндістанның Аруначал-Прадеш штатында қаруланған топтың шабуылынан 11 адам көз жұмды.Бұл туралы Хабар 24 ақпараттық портал хабарлайды.  Қаза тапқандардың ішінде жергілікті парламенттің депутаты бар. Марқұм Ассам штатынан келе жатқанда лаңкестердің шабуылына тап болған. Атыс-шабыстан тағы екі адам ауыр жарақат алып ауруханаға түсті. Тәртіп сақшыларының болжауынша, лаңкестік оқиғаға аймақтағы атышулы террорлық ұйымның қатысы бар болуы […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Дамаскіде антитеррорлық орталық ашылды

    НҰР-СҰЛТАН, 22 мамыр. Сирия президенті Башар Асадтың қатысуымен Дамаскіде діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес бойынша халықаралық ислам орталығы өз жұмысын бастады, деп Islam Today cілтеме жасап Kazislam хабарлайды . Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметінше, республика басшысы бұл орталық экстремизм идеологиясының таралуына қарсы тұратын және ислам құндылықтарын қорғауға алатын маңызды алаңға айналатынын мәлімдеді. «Соғыс бәріміз үшін де сабақ […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Иранның елордалық аймағында екі тоннадан астам апиын тәркіленді

    НҰР-СҰЛТАН, 21 мамыр. Тегеран провинциясының полиция бастығы Мохсен Ханчерли екі арнайы операция нәтижесінде өңірдің батысында 2 тонна 293 кг есірткі табылды деп мәлімдеді. Бұл туралы IRNA агенттігіне сілтеме жасап ИрТАГ хабарлайды. Мохсен Ханчерли дүйсенбі күні арнайы операция нәтижесінде 4 наркодилердің құрықталғаны туралы хабарлады. Сонымен 155 кг гашиш, 2 , 464 тонна апиын, 39 кг морфин […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Жалған террорист Буэнос-Айрестегі сауда орталығын «миналады»

    НҰР-СҰЛТАН, 21 мамыр. Буэнос-Айрестің Сан Исидро ауданында орналасқан сауда орталығында миналау туралы хабарламадан кейін жүргізілген тексеру нәтижесінде жарылғыш заттар табылған жоқ, деп хабарлады РИА Новости муниципалитет басшысы Густаво Поссэге сілтеме жасай отырып. «Унисентрға кіруге рұқсат берілген. Кешенді тексергеннен кейін ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ. Жауапсыз адамдар басқалардың қорқынышымен ойнайтыны өкінішті», — деп жазды ол Twitter-де. Бұған дейін […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Бішкекте ШЫҰ елдерінің қауіпсіздігі мәселелері талқыланды

    НҰР-СҰЛТАН, 20 мамыр. Бішкекте Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымы кеңістігіндегі қауіпсіздік пен тұрақтылық саласындағы жағдайы талқыға салынды. Қырғызстан астанасында аталған ұйымға мүше-мемлекеттердің Қауіпсіздік кеңесі хатшыларының 14-ші дәстүрлі кездесуі өтті.Бұл туралы Kazakh TV хабарлайды.    «Ұйымға мүше-мемлекеттердің Қауіпсіздік кеңестерінің хатшылары сегіз жақты форматта ұйым кеңістігіндегі, аймақтағы және жалпы, әлемдегі  ахуал жайлы пікір алмасты. Сонымен қатар, елдердің қауіпсіздігіне төнген қатер […]
    • 5 Years ago
    • 0