Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • АҚШ Ауғанстаннан төрт мың әскери қызметкерді шығаруды жоспарлап отыр

    НҰР-СҰЛТАН, 16 желтоқсан. АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі келесі аптаның басында Ауғанстаннан 4000-ға жуық әскери қызметкердің шығарылғанын жарияламақ ниетте, деп  NBC News сілтеме жасап   gossluzhba.kz хабарлайды. Ресми тұлғалардың айтуынша, бұның нәтижесінде елде 8000-нан 9000-ға дейін америкалық сарбаз қалады. Бұл мәлімдеме «Талибан» қозғалысымен Катардағы келіссөздердің қайта басталуы аясында жасалады, келіссөздер қыркүйекте лаңкестік шабуыл салдарынан тоқтатылған болатын. Бұрынғы әскери […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Қытайдың оңтүстік-батысында 133,2 кг метамфетамин тәркіленді

    НҰР-СҰЛТАН, 16 желтоқсан. Қытайдың  шығысындағы Юньнань провинциясының полиция қызметкерлері үш күдіктіні ұстап, олардан 133.2 кг метамфетамин тәркіледі, деп  Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап REGNUM  хабарлайды. Ағымдағы жылдың қыркүйек айының ортасында Қытай шекарасынан заңсыз есірткі тасымалы жоспарланғандығы туралы құпия хабар алғаннан кейін, Юньнань провинциясының Баошань қаласының Лонглинг округінің полициясы тергеу жүргізу үшін жұмыс тобын жинады. 6 желтоқсанда […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ирак күрдтері ИМ содырларына қарсы арнайы операцияны бастады

    НҰР-СҰЛТАН, 16 желтоқсан. Ирактың Күрдістандағы күрдтік пешмерга ИМ содырларына (ҚР тыйым салынған ұйым) қарсы арнайы операцияны бастады, деп Kurdistan.ru сілтеме жасап REGNUM хабарлайды. Журналистердің айтуынша, соғыс әрекеттері Грмиян аймағында күрдтер қауіпсіздік күштерінің позицияларына жасалған террорлық шабуылға жауап ретінде басталды. Естеріңізге сала кетейік, Ирак билігінің ИМ (ҚР тыйым салынған ұйым) содырларын толық жеңгені туралы мәлімдемелеріне қарамастан, […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Иракта жүздеген адамның мәйіті бар бауырластар зираты табылды

    НҰР-СҰЛТАН,  16 желтоқсан.  Ирактың құқық қорғау органдары 643 мәйіт бар зираттың табылғанын мәлімдеді, деп Кurdistan24 сілтеме жасап REGNUM хабарлайды. Журналистердің айтуынша, бұл зират елдің  астанасы Бағдадтың солтүстігінде табылды. Қаза тапқандар 2016 жылы жойылған әл-Мұхамда тайпасынан екендігі айтылған. Бүкіл тайпаның жойылуы «Ислам мемлекеті» (ҚР тыйым салынған ұйым) содырларының мойнында қалады. Террористер бауырластар зираты табылған аймақта  2016 […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Францияның СІМ басшысы «террорлық доғаның» құрылуы туралы айтты

    НҰР-СҰЛТАН, 16 желтоқсан. Француз дипломатиясының басшысы Жан-Ив Ле Дриан Африкадағы Сахел аймағындағы террористік топтар Таяу Шығысқа жылжуы мүмкін деп ескертті, деп BFM TV сілтеме жасап  REGNUM хабарлайды. Франция сыртқы істер министрінің сөзіне қарағанда Сахелдегі террористік топтар Чад пен Нигерияға «доға» жасап , Таяу Шығысқа «оралуы» мүмкін. «Осындай қауіп бар, лаңкестік топтардың доғасы құрылуда. Бұл террористік […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Нигерияда «Боко Харам» содырларымен болған шайқаста 19 малшы қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 15 желтоқсан.  «Боко Харам» содырлары Нигерияның солтүстік-шығысында 19 адамды өлтірді, деп Associated Press-ке сілтеме жасап  REGNUM хабарлайды. Фулани халықтарының малшылары содырларға қарсы әрекет көрсеткен кезде құрбан болды. «Террористер қақтығыстар кезінде 19 малшыны өлтірді » , — деді полицияның өкілі Умар Качалла. Естеріңізге салсақ, «Боко Харам» содырлары Нигерия территориясында лаңкестік әрекеттерге белсенді қатысады. Содырлар шариғат […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Түркияда 36 келіден астам героин тәркіленді

    НҰР-СҰЛТАН, 15 желтоқсан. Түркияның құқық қорғау органдары Коджаэли провинциясындағы арнайы операция кезінде шамамен 36 кг героин тәркіледі, деп Anadolu Ajansi сілтеме жасап REGNUM хабарлайды. Арнайы қызмет өкілдері күдікті көлікті тоқтатты, оның ішінен заңсыз есірткі заттары табылған. Көлік жүргізушісі есірткі тасымалдады деген айыппен қамауға алынды. Еске сала кетейік, Түркияның құқық қорғау органдарының есірткінің таралуымен белсенді күресі […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Нигерияда террористер кепілге алынған төрт адамды өлтірді

    НҰР-СҰЛТАН, 14 желтоқсан. 2019 жылдың шілдесінде ұрланған «Аштыққа қарсы әрекет»  үкіметтік емес ұйымның төрт мүшесі өлі  табылды. Бұл туралы 13 желтоқсанда ұйымның сайтында хабарланған, деп REGNUM жазады. «Аштыққа қарсы әрекет» өкілдері бұл өлтіруді айыптап, ұрлаушылар үкіметтік емес ұйым үндеулерін тыңдамағанына өкініш білдірді. Бұған дейін хабарлағандай , 6 желтоқсанда нигериялық  «Боко Харам» террористік  тобының мүшелері елдің шекарасына […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Перуде әскерилер екі тоннадан астам кокаинды тәркіледі

    НҰР-СҰЛТАН, 14 желтоқсан. Перу әскерилері елдің солтүстік жағалауында екі тоннадан аса кокаин тиелген сүңгуір қайықты қолға түсірді, деп 24.kz хабарлайды. Су көлігінің Мексикаға бет алғаны анықталды. Арнайы операция барысында 4 экипаж мүшесі қамауға алынған. Барлығы да шетел азаматтары. Айта кеткен жөн, есірткі саудасымен айналысатын топтар өз тауарын тасымалдау үшін соңғы уақытта сүңгуір қайықтарды жиі қолданатын […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Данияда арнайы операция кезінде 20 лаңкес ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 12 желтоқсан. Дания полициясы елде ауқымды операция жүргізіп, 20 лаңкесті ұстады, деп хабарлайды 24.kz. Мәліметке қарағанда, олар қару-жарақпен жарылғыш заттарды ұстап, елде лаңкестік әрекеттер ұйымдастырмақ болған. Қазір тергеу жүріп жатыр. Айта кетейік, биыл тамыз айында Копенгагендегі салық агенттігінің жанында жарылыс болып, 3 адам тұтқындалған. Осыдан кейін билік Швециямен шекараға уақытша бақылау енгізген болатын.  
    • 4 Years ago
    • 0