Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Қазақстандық әйел 7 жасар қызын Сирияға алып кетті

    Астана. 31 мамыр. Жеті жасар қазақстандық қызды жасырын түрде Сириядағы әскери қимылдар алаңына алып кеткен. Бұл туралы қыздың туыстары «Жди меня. Казахстан» телебағдарламасының командасына хабарлады. «Евразия бірінші арнасы» қыздың анасы ажырасқаннан кейін Жезқазғанда тұрғанын хабарлады. Кейін ол екінші рет тұрмыс құрады, күйеуі радикалды діни наным-сенімді ұстанатын болып шыққан. Жолдасы көз жұмғаннан кейін әйел қызын Сирияға, әскери […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Бельгияда ер адам екі полицейді атып өлтірді

    Брюссель. 30 мамыр. Бельгияның Льеж қаласында ер адам екі полицейді атып, кепіл ретінде бір адамды тұтқынға алған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның меншікті тілшісі RTBF телерадиокомпаниясына сілтеме жасап. Қарулы қаскөй сейсенбі күні таңертең Льеждің орталық даңғылдарының бірінде полицейлерге оқ атып, соның салдарынан тәртіп сақшыларының екеуі де оқиға орнында қаза тапқан. Полицейлерден тыс, сол маңнан өтіп бара […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Қазіргі таңда Ауғанстандағы жағдай қандай?

    Астана, 28 мамыр. 2001 жылдың қыркүйегінде болған террорлық акті естеріңізде болар? АҚШ-та лаңкестер жасады дейтін алапат лаң туралы қазір алыпқашпа әңгіме көп. Бірі оны соңғы ширек ғасырда Исламға именбей теңеу болып жабысқан терроршылардан көрсе, енді бірі солардың отына май құйып, қолына қару мен қаржы беріп отырған алып державалардың ойыны дейді. Кім біледі, мүмкін екеуінікі де рас шығар?! Бірақ, бір […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Сирия үкіметінің әскері Дамаскіні толық бақылауға алды

    Дамаск. 23 мамыр. Сирия үкіметінің  әскері Дамаскіні толық бақылауға алды. Бұл туралы Рейтерс агенттігі, осы елдегі Қарулы Күштер қолбасшысының мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып, хабарлады. Сирия  астанасында әскери операциялар аяқталғаннан кейін, ДАИШ-тан (Қазақстанда тыйым салынған)  бір де бір лаңкес қалмаған. Қазір Дамаскіде полиция қызметі мен кейбір мемлекеттік органдар жұмыс істей бастады. Еске салайық, БҰҰ-ның деректері бойынша, […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Парижде жаяу жүргіншілерге шабуыл жасаған адамның кім екені анықталды

    Париж. 14 мамыр. Өткен сенбі күні, 12 мамырда сағат 21:30 Париждің Монсиньи көшесінде жаяу жүргіншілерге 20 жастағы Хамзат Азимов шабуыл жасаған, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Тексеру барысында оның Шешенстан тумасы екені анықталды. Ол 2010 жылы Франция азаматтығын алған. Хамзат Азимов адамдарға пышақпен шабуыл жасап 2 адамды өлтірді, 8 адамды жаралады. Өзі полицей оғынан көз жұмды. Куәгерлерге психологиялық […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Индонезияда түрмеде бүлік шығып, бес полицей қаза болды

    Джакарта. 10 мамыр. Индонезияда түрмелердің бірінде терроризм бойынша сотталғандар бүлік шығарып, нәтижесінде бес полицей қаза болған, — деп хабарлайды Tengrinews. Басылымның мәліметінше, сотталғандар шығарған бүлік салдарынан тағы бір құқық қорғау органының қызметкері тұтқынға алынған. Бұл шу сейсенбі күні түстен кейінгі уақытта басталған. Соңғы ақпараттарға сәйкес, Индонезияның қауіпсіздік қызметі бүлікті басып тастады. Көптеген сотталушылар қырсылық көрсеткен жоқ. Газеттің […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Сирия әскері Дамасктің оңтүстігіне бекінген ДАИШ содырларын қоршауға алды

    Дамаск. 4 мамыр. Сирия үкіметінің әскері Дамасктің оңтүстігіндегі Эль-Хаджар әл-Асвад қаласына бекінген «ДАИШ» (Қазақстанда тыйым салынған) содырларын қоршауға алды, деп хабарлайды Хабар 24 телеарнасы. Нәтижесінде әскерилер бұл мекенді екіге бөліп, лаңкестердің сыртпен байланыс жолдарын кесіп тастады. Қазір үкімет жасақтары осы шаһар мен Ярмук босқындар лагеріне шабуылды жалғастырып жатыр. Әскерилердің айтуынша, олардың алға жылжуына қаладағы ғимараттардың […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Әлемдік діни ұйымдардың көшбасшылары Астанаға келеді

    Астана. 28 сәуір. Әлемдік діни ұйымдардың көшбасшылары Астанаға келеді, деп хабарлайды Хабар 24 телеарнасы. Олардың қатарында Біріккен Ұлттар Ұйымы Өркениеттер альянсының Жоғарғы өкілі Насир Абдулазиз әл-Насер және «Діндер бейбітшілік үшін» Дүниежүзілік ұйымының Бас хатшысы Уильям Вендли бар. Бұл туралы олар әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезіне арналған БҰҰ форумында мәлімдеді. Қазақстанда алтыншы рет өткізілетін […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • ШЫҰ СІМ кеңесінде 14 құжаттың жобасы бекітілді

    Бейжің. 25 сәуір. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлер кеңесі отырысының қорытындысы бойынша 14 құжаттың жобасы бекітілді. Ол құжаттар осы жылдың 9-10 маусымында Қытайдың Циндао қаласында өтетін ШЫҰ мүше елдер басшыларының саммитінде қол қойылуы тиіс, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Қытайдағы меншікті тілшісі. Тараптар 2019-2021 жылдарға арналған терроризм, сепаратизм және экстремизммен күрес салаларындағы, сондай-ақ ШЫҰ […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Былтырғы жылы әлем бойынша қанша жан терроризм құрбаны болды?

    Мәскеу. 9 сәуір. Біріккен Ұлттар ұйымының (БҰҰ) Бас хатшысының орынбасары, Терроризмге қарсы басқарма басшысы Владимир Воронков баспасөз конференциясында террорлық оқиғалардың былтырғы жылғы көрсеткіштерімен бөлісті. Мәлімдемеде айтылғандай, 2017 жылы әлем бойынша 11 000-ға жуық террорлық акт тіркелген. Ал, қаза тапқандардың саны 25 000-ға жуықтаған. «2017 жылы әлемнің жүзден астам елінде 11 000 теракт жасалған. Нәтижесінде 25 000 адам қаза тауып, […]
    • 7 Years ago
    • 0