Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарын қамауда ұстау мерзімі 6 тамызға дейін ұзартылды

    НҰР-СҰЛТАН, 19 шілде. Кәрім Мәсімов пен оның орынбасары Әнуар Садықұловты қамауда ұстау мерзімі 6 тамызға дейін ұзартылды, деп хабарлайды Zakon.kz. ҚР ҰҚК хабарлағандай, К.К. Мәсімовке, А.Т. Садықұловқа, Д.Е. Ерғожинге және басқаларға қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 175-бабы, 1-бөлігі; 179-бабы, 3-бөлігі; 218-бабы, 3-бөлігі, 3-тармағы; 362-бабы, 4-бөлігі, 3-тармағы; 366-бабы, 4-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері бойынша тергеу амалдары өз жалғастығын табуда. […]
    • 3 Years ago
    • 0
  •  Малидің солтүстігінде жарылыс салдарынан БҰҰ Бейбітшілік күшінің 3 қызметкері қаза болды

    НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар. Малидің Тимбукту аймағына жасалған террор шабуылында БҰҰ Бейбітшілік күшінің 3 қызметкері  өлтірілді, 6 әскер жарақат алды, деп TRT хабарлайды.  БҰҰ Мали Көпұлтты интеграциялық қызметі жасаған мәлімдемеде әскерлердің Тимбукту-Дуэнца аумағында шабуылға ұшырағаны жөнінде ақпарат түсті. Шабуылда БҰҰ Бейбітшілік күшінің 3 қызметкері қаза тауып, 6 әскердің жарақат алғаны білдірілді. БҰҰ Мали Көпұлтты интеграциялық қызметі басшысы […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Мосул маңындағы жанкештінің шабуылы салдарынан сегіз Ирак әскери қызметкері жарақат алды

    НҰР-СҰЛТАН, 05 сәуір. Ирак армиясының сегіз қызметкері елдің солтүстігінде орналасқан Мосул қаласының маңында бір топ әскери қызметшілерге жасалған жанкешті шабуылынан зардап шекті, деп хабарлайды Stopterror.uz. Бұл туралы  ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  жазады. Ирак армиясының қауіпсіздік басқармасына сілтеме жасаған Shafaq News ақпараттық порталының хабарлауынша, «алты сарбаз мен екі офицер, соның […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Атырау полицейлері 3 мыңнан астам синтетикалық есірткі дозасын заңсыз сақтаған күдіктіні құрықтады

    АТЫРАУ, 31 наурыз. Атырауда 24 жастағы азаматтан үш мың дозадан астам синтетикалық есірткі тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz. 29 наурызда Атырау облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қазақстан Республикасының 24 жастағы азаматын ұстады. Оның Атырау қаласының Гайдар көшесінде  орналасқан жалдамалы пәтерін тінту кезінде жалпы салмағы бір келі синтетикалық есірткі тәркіленді, […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Наиб мүфти облыстық әдістемелік семинарға қатысты

    Шымкент. 7 наурыз. Қазақстан мұсылмадары діни басқармасының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілдігі және Дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесі бірігіп ҚР дін саласындағы заңнамаға енгізілетін бірқатар өзгерістерді түсіндіру бойынша облыстық әдістемелік семинар өткізді. Шараға ҚМДБ-ның наиб мүфтиі Бауыржан қажы Есмахан мен Мешіт істері бөлімінің меңгерушісі Жәнділла қажы Мамытханұлы арнайы қатысып, өз ойларын […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Ош қаласында экстремизм мен терроризмге қарсы акция өтті

    АСТАНА, 23 қараша. 23 қарашада Ош қаласында терроризм мен экстремизмге қарсы көпшілік акциясы өтті. Шеруге шамамен 9 мың адам қатысты, деп әкімдік баспасөз қызметіне сілтеме жасап Кабар агенттігі хабарлайды. Акция қатысушылары лаңкестік пен экстремизм секілді жағымсыз құбылыстарға қарсы тұруға және бейбітшілік пен достықты сақтауға және дамытуға шақыратын транспарантар мен плакаттармен Ленин көшесі бойымен жүріп шықты. […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Германияда биологиялық теракт дайындаған Тунис азаматы 10 жылға түрмеге қамалды

    НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз. Дюссельдорф қаласының соты, 13 500-ге жуық адамның өмірің қиюы  мүмкін биологиялық терактіні жоспарлағаны үшін Тунистің азаматы 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп MIGnews.com хабарлайды.   Жаппай қырғынды 31 жастағы жиһадшы Сиф Аллах Х. 41 жастағы Ясмин атты неміс әйелімен бірге  жасауды жоспарлаған. Белгілі болғандай, ерлі-зайыптылар шабуылды рицин уын пайдаланып жасауды 2017 жылдың […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Өзбекстан 64 баланы Ирактан әкелді

    НҰР-СҰЛТАН, 13 қазан. 39 ұл, 25 қыз бала отырған ұшақ Ташкент әуежайына жұма, 11 қазанда қонды. Бұл туралы Өзбекстанның АҚШ-тағы елшісі Явлон Вахаповқа сілтеме жасап Азаттық хабарлайды. «Олардың 14-і үш жасқа да толмаған, екі нәресте бар» деп жазды дипломат Twitter желісінде. Бұл балалардың ата-аналары бірнеше жыл бұрын «Ислам мемлекеті» (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым) экстремистік […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • «Волнорез» операциясы жалғасуда: терроризмге күдіктілердің төртеуі ұсталды

    АСТАНА, 02 қараша.  ЦАХАЛ баспасөз қызметі өткен түнде Яһудея мен Самарияда лаңкестік әрекетке күдікті адамдарды ұстау бойынша  «Волнорез»  кең ауқымды операциясы жалғасты деп хабарлайды NEWSru.co.il. Бұл туралы «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Операцияға әскерилер, шекара полициясының жауынгерлері және жалпы қауіпсіздік қызметінің (ШАБАК) қызметкерлері қатысты. Операциялар Хеврон және Туль-Карем қалаларында, Мизра ан-Нубани, Арура, Харас, […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Қытайдың оңтүстік-батысында шамамен 33 кг есірткі тәркіленді

    НҰР-СҰЛТАН, 12 мамыр. Полиция Қытайдың оңтүстік-батысындағы Юньнань провинциясында тыйым салынған заттарды заңсыз тасымалдаудың жолын кесіп,  32,78 кг есірткі заттары бар төрт күдіктіні қолға түсірді, деп  Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап REGNUM хабарлайды. 21 сәуірде хабарламалар алғаннан кейін, Қытайдың осы шекаралас провинциясының Чжэнсюнь округінің полициясы жедел тергеу үшін арнайы жұмыс тобын жіберді. Нәтижесінде жалпы салмағы 32,78 кг болатын героин […]
    • 5 Years ago
    • 0