Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Ауғанстандағы ИМ жауынгерлік ядросын жастар құрайды

    АСТАНА, 11 ақпан. Бүгінгі таңда Ауғанстан мен Пәкістандағы ИМ франчайзаға айналуда, бұрынғы кезде «Аль-Каида» (Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым) сияқты. Аймақта оның жаңа базасы құрылуда. Егер Сирия мен Иракта халықаралық лаңкестік ұйымдардың негізгі табыс көзі мұнай саудасы болса, Ауғанстанда бұл опиат саудасы. Sputnik Kazakhstan газетінің колумнисті Марианна Кочубей өз материалында аймақтағы жағдайды талдайды. Терроризмге қарсы […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Петропавл тұрғынынан 70 кг марихуана тәркіленді

    ПЕТРОПАВЛ, 10 наурыз. Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер «Арлан» арнаулы жасағымен бірге арнайы операция жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, рейд кезінде Петропавлдың 37 жастағы тұрғыны ұсталған. Ол тарату мақсатымен ерекше ірі мөлшерде есірткі заттарын сатып алды деген күдікке іліккен. Тәркіленген марихуананың жалпы салмағы 70 килограмнан асады. «Күдікті қазір қамауда, ҚР Қылмыстық кодексінің […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Алматыда «синтетиканың» аса ірі партиясы тәркіленді 

    АЛМАТЫ, 28 желтоқсан. Алматы полициясы қызылордалықтан синтетикалық есірткінің аса ірі партиясын тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz. Есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімінің жедел қызметкерлері арнайы іс-шараны Алматының Наурызбай ауданында жүргізді. – Қызылорда облысының 24 жастағы тұрғыны ұсталды, ол анықталғандай, бетбелгілер арқылы синтетикалық есірткі сатумен айналысқан. Оның тұрғылықты жерінде полиэтилен пакеттерге оралған шөп, сондай-ақ күдіктінің орағанда және есірткіні […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • СҚО-да синтетикалық есірткі саудалап келген 50 жастағы тұрғын ұсталды

    ПЕТРОПАВЛ, 18 қараша.  Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының 50 жастағы тұрғыны «синтетикалық есірткі заттарын сатты» деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары Аққайың ауданының орталығы Смирновтың 50 жастағы тұрғынын «синтетикалық есірткі заттарын сатты» деген күдікпен ұстады. Полицейлерге оның «спайс» психобелсенді есірткі затын сатумен айналысатыны туралы оперативті ақпарат түскен. […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Теміртау тұрғынынан жарты келіден астам гашиш тәркіленді

    ТЕМІРТАУ, 14 қараша. Теміртауда тұратын жас жігіттен жарты келіден астам гашиш тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Теміртау қаласы Полиция басқармасының есірткіге қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлеріне белгісіз бір азаматтың есірткі сатып жүргені туралы ақпарат келіп түскен. Жедел тексеру барысында полиция қызметкерлері осы іске қатысы бар деген күдікпен 28 жастағы азаматты қолға түсірді. Ұсталған азаматтың […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ердоған Сириядағы операция «әлдекімге бағытталмағанын» мәлімдеді

    Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған «Сирияның солтүстігіндегі түрік қарулы күштерінің мақсаты — террорлық ұйымдармен күресу» деп мәлімдеді. Ол операцияның «әлдебір елге не жеке адамдарға» бағытталмағанын айтты. Ердоған екі күн бұрын түрік армиясы мен сириялық көтерілісшілер бірге өткізіп жатқан «Евфрат қалқаны» операциясының мақсаттарының бірі — Сирия президенті, «қатыгез диктатор Башар Асадтың билігін құлату» екенін мәлімдеген.Түркия президентінің […]
    • 8 Years ago
    • 0
  • Теракт кезінде не істеу керектігін мектеп қызметкерлері мен оқушылар  үйренеді

    НҰР-СҰЛТАН, 30 маусым.  Ішкі істер министрлігі мұғалімдер мен оқушыларға төтенше жағдай кезінде қалай әрекет етуге үйретеді. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Ол төтенше және апатты жағдайларда мұғалімдер мен оқушылардың әрекет ету алгоритмін енгізу жұмысын жеделдету қажет екенін айтты. «Осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап мектеп қызметкерлері мен оқушылар үшін тұрақты […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Бангладеште жанкешті шабуыл жасап, 6 адамды өлтірді

    Дакка. 26 наурыз. Бангладештің Силхет округінде лаңкестік әрекеттен 6 адам қаза тапты. Тағы 40-қа жуығы жараланған. Бұл туралы Хабар 24 телеарнасы хабарлайды. Мұнда жанкешті жарылғышты елдің Үндістанмен шекарасына жақын тұрған әскери тексеру бекетінде іске қосқан. Шабуылды «Ирак және Левант лаңкестік ұйымы» мойындады. Қазір оқиға орны қоршалып, тергеу жүріп жатыр. Айта кетейік, бұл осы елде соңғы екі […]
    • 8 Years ago
    • 0
  • Ниццада қырғын ұйымдастырған Тунис азаматы лаңкестік топпен байланыста болды

    НҰР-СҰЛТАН, 01 қараша. Ниццаның орталығындағы Нотр-Дам соборының келушілеріне шабуыл жасаған тунистік Ибраһим әл-Исауи бұған дейін «Тунистегі Ансар аш-Шария» лаңкестік тобының өкілдерімен байланыста болған. Бұл туралы Shems FM радиостанциясына сілтеме жасап ТАСС хабарлады .  «Құқық қорғау органдарындағы ақпарат көзіне сүйенсек, Ниццада шабуыл жасаған Тунис азаматы он бір жасқа толғаннан кейін 2012-2013 жылдары Кайруан провинциясында өткен «Тунистегі […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • ДАИШ  содырлары Ирактың солтүстігіндегі мұнай ұңғымасына шабуылдады

    НҰР-СҰЛТАН, 05 мамыр.Террор ұйымы ДАИШ-тің Ирактың Киркук қаласының солтүстік батысында Бай-Хасан аймағындағы мұнай ұңғымаларының екеуіне жасаған шабуылда 1 полиция қызметкері қаза тауып,  2 полиция жарақат алды, деп TRT хабарлайды. Киркук полиция департаментінің мәлімдемешісі Амир Нури ондаған мұнай ұңғымасы орналасқан қаланың солтүстік батысындағы Бай-Хасан аймағында 177 және 183 нөмірлі ұңғымалардың нысанаға алынғанын мәлімдеді. Нури террор ұйымы […]
    • 4 Years ago
    • 0