Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Алматыда қала әкімінің төрағалығымен терроризмге қарсы комиссияның отырысы өткізілді

    АЛМАТЫ, 30 қазан. Мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті мәселелері бойынша терроризмге қарсы комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Арнайы қызметтер, құқық қорғау органдары мен қалалық басқармалар басшыларының қатысуымен өткен кеңес барысында деструктивті элементтердің құқыққа қарсы әрекеттерін дер кезінде анықтау және жолын кесу жөнінде қабылданатын шаралар қаралды. Алматы қаласы Дін істері басқармасының басшысы […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • БАҚ: Кандагар әуежайына үш снаряд атылды

    НҰР-СҰЛТАН, 01 тамыз.  Ауғанстанның Кандагар қаласындағы әуежайға үш снаряд атылды. Бұл туралы жексенбі күні  Agence France-Presse агенттігіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды. «Екі снаряд ұшып-қону жолағын зақымдады <…>, сондықтан барлық рейстер тоқтатылды», — деп әуе айлағының басшысына сілтеме жасап агенттік хабарлайды. Басқа ақпарат берілмеген.
    • 4 Years ago
    • 0
  • Швеция лаңкестікке қарсы заңдарды күшейтеді

    АСТАНА, 18 қараша. Швеция парламенті мақұлдаған терроризмге қарсы заңнаманы күшейтетін конституциялық түзету 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді, деп  Anadolu агенттігіне  сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады  Парламентте өткен дауыс беруде 270 депутат «ия», 37-сі «қарсы» дауыс берді. Солшылдар партиясы мен Жасылдар партиясы қарсылық танытқан конституциялық өзгеріске дауыс беруге 42 депутат қатыспады. Конституцияға енгізілген түзетуде терроризмге қатысы […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Нұрлан Ермекбаев Елшімен деструктивтік діни ағымдар мәселесін талқылады

    Астана. 26 шілде. Бүгін Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінде министр Нұрлан Ермекбаевтың Сингапур Республикасының Қазақстандағы Елшісі Зулкифли бин Бахарудинмен кездесуі өтті, деп хабарлайды аталған ведомстваның баспасөз қызметі. Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Сингапур арасында тығыз әріптестік байланыс орнағанын және гуманитарлық, экономикалық, инновациялық салаларда ынтымақтастық дамуының негізгі бағыттары айқындалғанын атады. Нұрлан Ермекбаев Елшіні […]
    • 8 Years ago
    • 0
  • Тәжікстан мен Өзбекстанның шекара қызметтерінің басшылары шекара қауіпсіздігін талқылады

    НҰР-СҰЛТАН, 13 қараша. Өткен жексембі күні Өзбекстан мемлекеттік қауіпсіздік қызметі шекара әскерінің қолбасшысы Руслан Мырзаев мен Тәжік ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің басшысы Раджабали Рахмонали тәжік-өзбек шекарасындағы «Дусти» өткізу пунктінде кездесті. Бұл туралы тәжік ақпарат құралдары Тәжікстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің шекара  әскерлеріне сілтеме жасап хабарлады, деп REGNUM жазады. Тараптар мемлекеттік шекараны қорғауды күшейту, сондай-ақ тату көршілік қатынастарды […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Санкт-Петербургтегі терактіге қолдау жасағандардың ішінде қазақстандықтар жоқ — СІМ

    Астана. 6 сәуір. Санкт-Петербургтегі терактіге қолдау жасады деген күдікпен ұсталған Орталық Азия елдерінің 6 азаматы қатарында қазақстандықтар жоқ. Бұл туралы «ҚазАқпарат» тілшісіне ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. «Ақпарат тексерілді. Ұсталғандардың қатарында қазақстандықтар жоқ», — деп атап өтті «ҚазАқпарат» тілшісіне ҚР СІМ баспасөз қызметінде. Бұның алдында хабарланғанындай, 5 сәуірде Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметі, Ішкі істер […]
    • 8 Years ago
    • 0
  • Сомалидың оңтүстігінде арнайы операция кезінде «Аш-Шабабтың» алты содыры жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 26 маусым.Сомали ұлттық армиясы сәрсенбі күні Сомалидың оңтүстігіндегі Джамам мен Кисмайо қалаларының маңында операция кезінде «Аш-Шабаб» тобының алты содырын жойды, деп Сомали ұлттық армиясының 16-шы дивизиясының 5-ші бөлімшесінің командирі Хасан Аден Иракқа сілтеме жасап Синьхуа ақпарат агенттігі жазады.   Әскери офицер журналистерге әскердің жоспарлы операция өткізгенін және содырлардың елеулі шығындарға ұшырағанын хабарлады. «Операция барысында […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Түркия ДАИШ-қа қосылған 10 қазақстандықты еліне депортацияламақ

    НҰР-СҰЛТАН, 15 қараша. Түркия «Ислам мемлекеті» террористік ұйымының (ДАИШ) 956 мүшесін келген елдеріне депортация жасайтынын хабарлады. Олардың арасында Қазақстанның 10 азаматы, 82 өзбекстандық, 23 қырғызстандық, 6 түркіменстандық, 99 ресейлік бар. Бұл туралы түркиялық ақпарат агенттіктеріне сілтеме жасап Азаттық  хабарлады. Түркия тарапының бұл мәлімдемесіне қатысты Қазақстан билігі әзірге ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ. Бұған дейін Түркия президенті Режеп […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Нигерияда «Боко Харам» алып қашқан 15 адам ұйымнан қашып үлгерді

    НҰР-СҰЛТАН, 13 қазан. Борно уәлаяты Әйел істері жөніндегі комиссары Зувайра Гамбо бір жыл бұрын Борно уәлаятында Боко Харам алып қашқан 15 әйел мен баланың террористердің қолынан қашып құтылғанын мәлімдеді.Бұл туралы TRT агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты  хабарлайды. Гамбо араларында жүкті бір әйел де бар тұтқындардың шамамен 6 сағаттай жүрген соң жергілікті қауіпсіздік күштері […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • YPG-лік 10 террорист залалсыздандырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 23 қантар. Сириядағы «Бейбітшілік бұлағы» аймағында PKK/YPG-лік 10 террорист залалсыздандырылды, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Ұлттық Қорғаныс министрлігі (ҰҚМ) жасаған мәлімдемеде террор ұйымы PПK/YPG-нің «Бейбітшілік бұлағы» аймағында халықтың тыныштығы мен қауіпсіздігінің бұзылуына рұқсат берілмейтіні атап көрсетілді. Мәлімдемеде аймақта десанттардың шабуылға дайындалған PПK/YPG-лік террористтерге қарсы оқпен 10 террористті залалсыздандырғаны білдірілді. Ирактың солтүстігіндегі […]
    • 3 Years ago
    • 0