Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Берік Арын: Қоғамда радикалдық діни идеяларға қарсы көзқарас күшейді

    Астана. 15 маусым. Елбасы бастамасымен құрылған ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі бүгінде дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында кешенді жобалар мен жұмыстарды жүргізіп келеді. Бұл қатарда зайырлылық қағидаттарын ілгерілету, діни бірлестіктермен дәйекті қарым-қатынастарды дамыту,  дәстүрлі емес діни ағымдардың теріс идеяларына тосқауыл қою тәрізді жұмыстардың маңызы үлкен. Ең бастысы – Елбасы Жарлығымен Үкімет […]
    • 8 Years ago
    • 0
  • Павлодарда жалған хабар берген «телефон террорисі» сотталды

    ПАВЛОДАР, 13 қараша. Сот Павлодар қаласының «телефон террорисіне» үкім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған хабар берген Павлодар қаласының тұрғыны сот шешімімен екі жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Сондай-ақ мәжбүрлі түрде бір жыл ішінде 100 сағат еңбекке тарту және айыппұл салу жазасы тағайындалды. Жазасын өтеу кезінде ер адамның тұрғылықты жерін ауыстыруына, […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Түркия әскері 18 лаңкестің көзін жойды

    Анкара. 4 қаңтар. Түркия әскері Сирияның солтүстігінде 18 содырдың көзін жойды. Олардың барлығы «Ирак пен Левант лаңкестік тобының» жендеттері. Тағы 37 радикал жарақат алды. Шабуылдар Әл-Баб қаласының маңында жасалған. Айта кетейік, Түркияның қарулы күштері 24 тамыздан бастап «Сириялық азат әскермен» бірігіп «Евфрат қалқаны» операциясын жүргізіп келеді. Оның мақсаты – Сириядағы шекара аумағын лаңкестерден тазартып, босқындар […]
    • 8 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның батысында жарылыс кезінде екі полиция қызметкері қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 02 сәуір.Бейсенбі күні Ауғанстанның батысындағы Герат провинциясында болған жарылыстан екі полиция қызметкері қаза тапты. Бұл туралы провинцияның денсаулық сақтау қызметінің өкіліне сілтеме жасап Синьхуа агенттігі жазады. Бейсенбі күні таңертең  аттас провинцияның орталығы Герат қаласының маңындағы полиция бақылау бекетінің жанында қолдан жасалған жарылғыш зат іске қосылды, деді ақпарат көзі. Оқиға екі тәртіп сақшысының өмірін қиды, […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Трамп тәліптермен бейбіт келісімге қол қоюға дайын екенін айтты

    НҰР-СҰЛТАН, 24 ақпан. АҚШ президенті Дональд Трамп Ауғанстандағы бастапқы бітім сақталса, ауған тәліптерімен бейбіт келісімге қол қоюға дайын екенін мәлімдеді, деп centralasian.org хабарлайды.  23 ақпанда Үндістанға сапары алдында журналистер сұрағына жауап берген Трамп «Біз оларды [тәлібтер] келісім жасасқысы келеді деп санаймыз. Біздің де келісім жасасқымыз келеді. Менің ойымша, болатын сияқты, көреміз», — деді. Бұған дейін […]
    • 5 Years ago
    • 0
  •  РФ-ға кетуге бағыт алған Қазақстан азаматтарынан жүк пен қол жүгін тексеру кезінде суық қару тәркіленді

    НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар. 2022 жылғы 16 қаңтарда «Нұр-Сұлтан» Шекаралық бақылау басқармасының әскери қызметшілері Астана әуежайының нысандарын күзету мен қорғауды жүзеге асыру кезінде мінез-құлық белгілері бойынша Ресей Федерациясына кетуге бағыт алған Қазақстан Республикасының 2 азаматын ұстады, деп ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. Олардың жүгі мен қол жүгін тексеру барысында пышақтар, кастеттер […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Лаңкестердің арбауына түскендерді құтқару мүмкін бе

    Астана. 1 мамыр. 27 сәуірге қараған түні Калининградта «Ислам джихады — Джамаат моджахедов» халықаралық террористік ұйымы ұяшығының басшысы ұсталды. Ол адамдарды террористер қатарына тартумен бұрыннан бері айналысады екен әрі Өзбекстанда экстремизмге айыпталып, оған қарсы бірнеше қылмыстық істер қозғалған. Терроризмді насихаттаушылардың әдіс-тәсілдері мен оларға ілесуге бейім адамдар туралы полиция генерал-полковнигі, ТМД мүше елдерінің Антитеррористік орталығының басшысы Андрей […]
    • 8 Years ago
    • 0
  • Польшада Шешенстан мемелекетінің тумасы ИМ жағында соғысты деген күдікпен ұстады

    Варшава. 1 сәуір. Польшаның Ішкі қауіпсіздік агенттігімен  «Ислам мемлекеті» (Қазақстан аумағында тыйым салынған) террористік ұйым қатарында соғысқан, Шешенстан тумасы ұсталынды. Бұл туралы РИА Новости жергілікті БАҚ сілтеме жасап хабарлайды. Польшаның арнайы қызмет жұмысын үйлестіруші министрдің баспасөз-хатшысы Станислав Жариннің айтынша, ұсталынған Кыури А. екі жылдай Сирияда ИМ террористік ұйымының қатарында соғысқан. Ол Ресей Федерациясының азаматы болып табылады, ал Польшада босқын […]
    • 8 Years ago
    • 0
  • БАҚ: Британия арнайы жасағы әуе жайларда теракт қауіп қатерлері туралы ескертті

    Лондон. 3 сәуір. Ұлыбритания арнайы жасағы, әуе жайлар және АЭС мекемелерін террористік қауіп қатерге қарсы қауіпсіздік шараларын күшейтуге шақырды.  Бұл туралы РИА Новости Telegraph газетіне сілтеме жасап хабарлайды. Британдық барлаудың хабарлауынша, ИМ (Қазақстан аумағында тыйым салынған) террористік ұйымы және басқада деструктивті ұйымдар жарылғыш заттарды ноутбук және ұялы телефон ішіне тығу амалдарын ойлап табуы мүмкін. Осыған байланысты, […]
    • 8 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның шығысындағы ИМ-нің 25 содыры  билікке берілді 

    НҰР-СҰЛТАН, 07 қараша. Бүгін Жалалабад қаласында «Ислам мемлекеті» (ИМ)* радикалды тобының 25 содыры қаруларын тастап, билікке берілді. Бұл туралы Нангархар (Шығыс Ауғанстан) провинциясының барлау басқармасының басшысы Мохаммад Баширге сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады. Оның айтуынша, бұл содырлар Спингхар, Пачирагам және Батикот аудандарында белсенділік танытқан. Қауіпсіздік күштері Нангархар провинциясы мен оның маңындағы аудандардағы жағдайды тұрақтандыру үшін […]
    • 4 Years ago
    • 0