Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Халилзад: Егер «Талибан» бітімге келмейтін болса, АҚШ Кабулды қолдауды жалғастырады

    НҰР-СҰЛТАН, 09 мамыр. Егер «Талибан»* қозғалысы  бітімге келмейтін болса, АҚШ Ауғанстан үкіметіне қолдау көрсетуді жалғастырады және қазіргі билікті сақтауға баса назар аударады, АҚШ-тың Ауғанстандағы жанжалды шешу жөніндегі арнайы өкілі Залмай Халилзадтың әлеуметтік желілерде жарияланған мәлімдемесіне сілтеме жасап Анадолу агенттігі хабарлайды. Оның айтуынша, Ауғанстанда бейбітшілік орнату туралы белгілі бір халықаралық бәтуаластық бар. «Ауғанстанның саяси көшбасшылары осы […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Миллей: Басты мақсатымыз Ауғанстандағы АҚШ әскерлерінің жоспарлы, қауіпсіз және жүйелі түрде шегеру

    НҰР-СҰЛТАН, 07 мамыр.Америка Құрама Штаттары Бас штаб төрағасы генерал Марк Миллей мемлекетінің болашақта Ауғанстан Қарулы Күштерін басқа бір елде жаттықтыруы мүмкіндігін айтты, деп TRT жазады.   Миллей АҚШ  Қорғаныс министрі Ллойд Остинмен бірге ортақ баспасөз жиналыс өткізді. Әкімшіліктің 100 күндік қорғаныс жұмыстарын қолға алған екі министр АҚШ-тың Ауғанстаннан әскерлерді шегеру процесіне байласты мағлұматтарды да бөлісті. Миллей Ауғанстаннан Америка әскерлерінің шегеруіне байланысты […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғанстан астанасының маңында медицина қызметкерлері мінген автобустың жарылуы салдарынан бір адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 06 мамыр.  Сәрсенбі күні Кабулдың сыртындағы Калакан аймағында медициналық қызметкерлер мінген микроавтобустың жарылуы салдарынан бір адам қаза тауып, тағы үшеуі жарақат алды. Бұл туралы полиция өкілі Фердаус Фарамарзға сілтеме жасап Синьхуа агенттігі жазады . «Бір адамның өмірін қиған, тағы үшеуі жарақат алған сұмдық ышты оқиға жергілікті уақыт бойынша 06:40 — та Калакан аймағында Кабулды […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанда содырлардың шабуылынан бес полицей қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 06 мамыр. Ауғанстанның шығысындағы Логар провинциясындағы бақылау-өткізу пунктіне жасалған шабуылдан кем дегенде бес полиция қызметкері қаза тапты, деп жергілікті Tolo News телеарнасына сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды. Телеарнаның хабарлауынша, шабуылды «Талибан» радикалды қозғалысының содырлары жасаған. Шабуыл Пули Алам провинциясының орталығына жақын жерде болды. «Талибан» бұл оқиғаға қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ. Ауғанстанда үкіметтік күштер […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • АҚШ пен НАТО әскерлерін Ауғанстаннан шығара бастады

    НҰР-СҰЛТАН, 01 мамыр.Америка Құрама Штаттары мен НАТО 1 мамыр сенбі  күні  Ауғанстаннан әскери контингенттерді кезең-кезеңімен шығаруды бастады, деп Анадолу агенттігі хабарлайды. Ауғанстандағы американдық әскери контингенттің саны 2500-3000 адамды құрады. Ауғанстандағы НАТО контингенті шамамен 7000 адамды құрайды. АҚШ президенті Джо Байден 15 сәуірде америкалық әскерлерді Ауғанстаннан шығару процесі 11 қыркүйекке дейін аяқталады деп мәлімдеген. Пентагон әскерлерді […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанда жарылыста 3 полиция қызметкері  қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 30 сәуір.Ауғанстанның Перван провинциясында жол полициясы көлігіне жасалған бомбалы шабуылда 3 полиция қаза тапты, деп TRT хабарлайды. Перван Қауіпсіздік басқармасы төрағасы Абдул Васи Рахими Перван уәлаятының Чарикар қаласында жол шетіне төселген бомбаның жарылуы кесірінен полиция көлігінде болған 3 полицияның қаза тапқанын жариялады.
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ресейдің қорғаныс министрі: Ауғанстандағы жағдай нашарлап барады

    НҰР-СҰЛТАН, 28 сәуір. Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу Ауғанстандағы жағдайға баға берді, деп хабарлайды Sputnik Тәжікстан. Ол Ауғанстандағы ахуалдың нашарлап баратынын айтты . Сонымен бірге Шойгу, бұл Ресей мен Тәжікстанның ықтимал қауіп-қатерлерге тойтарыс беруді бірлесіп жоспарлауына себеп болады деп қосты. Министр Ресей мен Тәжікстанның Орталық Азия аймағында қауіпсіздікті қамтамасыз ету және тұрақтылықты сақтау бойынша ортақ […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • АҚШ пен НАТО Ауғанстандағы базалардан әскерлерді шығаруды бастады

    НҰР-СҰЛТАН, 26 сәуір.Скотт Миллер баспасөзге жасаған мәлімдемесінде шетел күштерінің барлық базалары ауған күштеріне тапсырылатынын хабарлады, деп TRT хабарлайды.  Ауғанстандағы НАТО мен АҚШ әскерлерінің қолбасшысы Скотт Миллер Ауғанстандағы шетелдік базалардың босатыла бастағанын айтты. Скотт Миллер баспасөзге жасаған мәлімдемесінде шетел күштерінің барлық базалары ауған күштеріне тапсырылатынын хабарлады. Ауғанстандағы кейбір базалардың босатыла бастағанын айтқан Миллер шетел күштері шегінгеннен […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғаныстанның солтүстік-батысында полиция басшысының көлігіне шабуыл жасалды 

    НҰР-СҰЛТАН, 26 сәуір. Ауғанстанның Герат уәлаятында Гулран полиция басшысының көлігіне бомбалы лаңкестік жасалды. Лаңкестікте полиция басшысы мен екі кісі қаза тапты, деп TRT хабарлайды.  Герат әкімі Сайед Вахид Катали ауданда полиция лауазым иелерінің көлігіне бомбалы лаңкестік жасалғанын білдірді. Ол Гулран аудандық полиция басшысының, ауданның бұрынғы әкімі мен бір кісінің қаза тапқанын хабарлады. Лаңкестіктің жауапкершілігін әлі […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның Логар провинциясында тәлібтер шабуылынан 7 қауіпсіздік қызметкері қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 26 сәуір. Логар провинциясында радикалды «Талибан*» қозғалысы мүшелерінің шабуылынан Ауғанстан қауіпсіздік күштерінің кем дегенде жеті қызметкері қаза тауып, үшеуі жараланды. Бұл туралы дүйсенбі күні «1TV» арнасына сілтеме жасап ТАСС хабарлады . Полицияның хабарлауынша, шабуыл торуыл құрылып жасалған. Арна бұдан басқа мәліметтерді келтірмеген.   * Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым
    • 3 Years ago
    • 0
Бет 19 of 48« Бiрiншi...10«1718192021 » 3040...Last »