Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Колумбияда екі мина жарылып, үш сарбаз жарақат алды

    НҰР-СҰЛТАН, 02 наурыз.  Колумбияның шығысында екі мина жарылысынан елдің Қарулы күштерінің кем дегенде үш қызметкері жарақат алды. Бұл туралы RCN радиостанциясына сілтеме жасап ТАСС хабарлайды. Радиостанцияның ақпараты бойынша, оқиғалар дүйсенбі күні күндіз Норте-де-Сантандер шығыс департаментінде болған. Бірінші жарылыс Кукута муниципалитетінде болды, онда екі сарбаз  жарақат алды, екіншісі Тибу муниципалитетінде болды,ол жерде бір сарбаз жарақат алды. […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Сирияның солтүстігіндегі шабуылда 5 бейбіт адам жарақат алды

    НҰР-СҰЛТАН, 21 ақпан.Сирияның солтүстігіндегі Азез ауданының Сикко ауылында бомба тиелген көлікпен жасалған террор шабуылында алғашқы мағлұматтарға қарағанда 5 бейбіт адам жарақат алды, деп TRT хабарлайды.  Жарылыстан кейін шыққан өрт сөндіріліп, шабуылда айналадағы дүкендер мен үйлерге зиян келді. Шабуыл үшін  жауапкершілікті әлі ешкім мойнына алмаған. Қауіпсіздік күштері  шабуылды КЖП  (YPG/PKK)   террор ұйымы жасағанын болжады. Түркиямен шекаралас Сикко ауылы […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғанстандағы бомбалы шабуылда 7 полиция қызметкері қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 16 ақпан.Ауғанстанның солтүстігіндегі Фаряб провинциясында Алмар ауданында жасалған бомбалы шабуылда 7 полиция қызметкері қаза тапты, деп TRT хабарлайды.  Фаряб Полиция дирекциясы мәлімдемешісі Абдулкерим Юриш Алмар орталығында жолдың шетіне орналастырылған бомбаның полиция көлігі өтіп бара жатқан кезде жарылғанын білдірді. Юриш шабуылда 7 полицияның қаза тапқанын атап көрсетті. Шабуылды қазірше ешкім мойындаған жоқ.
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның Кундуз провинциясында лаңкестік шабуыл салдарынан екі бала қаза болды

    НҰР-СҰЛТАН, 13 ақпан. Ауғанстанның солтүстігіндегі Кундуз провинциясында болған шабуыл екі баланың өмірін қиды, деп Анадолу агенттігі жазады. Ауғанстан ұлттық армиясының «Памир» корпусының 217-ші қолбасшылығы хабарлағандай, лаңкестер жарылғыш затты Имам Сахиб ауданы, Котурбұлақ ауылының маңында жолдың шетіне қойған. Бомба балалар ойын алаңының жанында жарылды. Әзірге ешқандай топ шабуылға жауапкершілікті мойнына алған жоқ. Жергілікті билік шабуыл артында […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Кабулдың бірнеше аймақтарында болған шабуылдарда 2 адам қаза болды

    НҰР-СҰЛТАН, 10 ақпан.Ауғанстанның астанасы Кабулда арт артынан ұйымдастырылған бомбалы шабуылда 2 адам қаза тапты, деп TRT жазады.  Кабул қауіпсіздік басқармасы мәлімдемешісі Фердавс Фарамарз баспасөзге жасаған мәлімдемесінде Кабулдың Кале-и Абдул Али, Куваи Орталық және Бараки  аймақтарында бомбалы шабуылдар  ұйымдастырылғанын мәлімдеді. Фарамарз шабуылда 2 адамның қаза тапқанын және 5 адамның да жарақат алғанын білдірді.
    • 3 Years ago
    • 0
  • Кабулда СІМ қызметкерлеріне шабуыл жасалды

    НҰР-СҰЛТАН, 09 ақпан. Кабулдағы лаңкестік әрекет салдарынан бір адам қаза болды.Шабуылдың мақсаты елдің сыртқы істер министрлігінің шенеуніктері болды, деп сейсенбі күні  Ауғанстан сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап Анадолу агенттігі хабарлады. Жарылыс Чарахи Милли Бас аймағында дипломаттар мінген көліктің өтуі кезінде болды. Шабуылдың салдарынан автокөліктің жүргізушісі қаза тапты. Ауғанстан Сыртқы істер министрлігі бұл шабуылды айыптады. Жарылыс […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Кабулдағы жарылыстар сериясы, қаза тапқандар бар

    НҰР-СҰЛТАН, 07 ақпан. Сенбі күні Кабулдың екі ауданында болған жарылыстардан бір полиция қызметкері қаза тауып, алтауы жараланды, деп Кабул полиция департаментінің баспасөз хатшысы Фердевс Фарамарцқа сілтеме жасап Анадолу агенттігі жазады. Фарамарцтың айтуынша, бірінен соң бірі болған жарылыстар Хайир-хан мен Баг-Кази аймағында болды. Әзірге шабуылдар үшін жауапкершілікті ешкім мойнына алған жоқ.
    • 3 Years ago
    • 0
  • Сирияның солтүстігіндегі террорлық шабуыл, қаза тапқандар бар

    НҰР-СҰЛТАН, 03 ақпан.  Сирияның солтүстігіндегі Эль-Баб ауданында бомба қойылған автокөліктің жарылуы салдарынан бір адам қаза тауып, төртеуі жараланды, деп Анадолу агенттігі жазады. Оқиға Эль-Бабтың «өнеркәсіптік аймақ» деп аталатын  жерде болған. Жарақат алғандар ауруханаға жатқызылды. Өрт сөндірушілер шыққан өртті ауыздықтады. Жарылыс салдарынан жақын жерде тұрған көліктер зақымдалды. Апат орнына іргелес аумақта орналасқан сауда нысандарына зиян келтірілді. […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғанстандағы бомбалы шабуылдарда 5 қауіпсіздік қызметкері қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 03 ақпан. Ауғанстанның Урузган провинциясы мен Кабул қаласында бомбалы шабуыл жасалды, деп TRT жазады.  Ауғанстанның Урузган провинциясындағы әскери учаскеге бомба тиелген көлікпен жасалған шабуылда 4 қауіпсіздік қызметкері қаза тапты. Урузган губернаторы Мұхаммед Өмер Ширзад баспасөзге жасаған мәлімдемесінде шабуылдаушылардың Урузганның Чынарак аймағындағы әскери учаскені бомба тиелген көлікпен нысанаға алғанын мәлімдеді. Ширзад шабуылда 4 қауіпсіздік қызметкерінің қаза тауып, […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Кабулда бомба қойылған көлік жарылып, полицей қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 03 ақпан.  Сәрсенбі күні таңертең Кабулда полиция қызметкерлерінің көлігі  жарылысынан бір қызметкер қаза тауып, үшеуі жараланды, деп хабарлайды TOLO News полиция мәлімдемесіне сілтеме жасап. Оқиға жергілікті уақытпен сағат 08:30 шамасында PD15 Кабул учаскесінің Танги-Тарахил аймағында орын алған, полиция көлігіне магниттік бомба жарылған. Полиция оқиға туралы толық ақпарат берген жоқ. Әзірге шабуыл үшін жауапкершілікті бірде-бір […]
    • 3 Years ago
    • 0
Бет 15 of 32« Бiрiншi...10«1314151617 » 2030...Last »