Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Пәкістандағы жарылыс: 1 адам қаза тауып, 9-ы жарақат алды

    НҰР-СҰЛТАН, 07 тамыз. Пәкістанның оңтүстік-батысындағы Белуджистан провинциясының астанасы Кветта қаласында базарда болған жарылыстан бір адам қаза тауып, тоғызы жарақат алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Anadolu агенттігіне сілтеме жасап. Соңғы аптадағы екінші жарылыс шиит-хазар қауымы мүшелеріне тиесілі шағын базарда болған. Бұл туралы Anadolu агенттігіне провинцияның Ішкі істер министрі Мир Зия Лангов хабарлады. Әзірге ешқандай террористік ұйым лаңкестік […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанда жарылыстан 95 адам жарақат алған

    НҰР-СҰЛТАН, 07 тамыз. Бүгін Ауғанстан астанасы Кабулда жойқын жарылыс болды, деп 24.kz хабарлайды.  Ақпарат көздерінің хабарлауынша, оқиғадан 95 адам жарақат алған. Бұл туралы осы елдің денсаулық сақтау министрлігі хабарлайды. Мамандар олардың саны әлі де өсуі мүмкін екенін айтады. Әзірге мерт болғандар жайлы ақпарат түскен жоқ. Болжам бойынша, лаңкестер аймақтағы полиция учаскесін жаруды көздеген. Оқиғаға қатысты […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанда жол бойындағы бомба жарылысынан ондаған адам өлді

    НҰР-СҰЛТАН, 01 тамыз. Ауғанстанның батысындағы Фарах уәлаятында жарылыс салдарынан кемінде 35 бейбіт тұрғын қаза тауып, 27 адам жараланған. Бұл туралы ауған ресмилері хабарлады, деп Азаттық Радиосы жазады. Фарах уәлаяты полиция басшысының баспасөз хатшысы Мохибулла Мохибтің Азаттыққа айтуынша, 31 шілде күні таңертең жолаушы автобусы Аб-Хорма ауданында Қандағар-Герат бағытындағы жолмен өтіп бара жатқан кезде жол шетіне қойылған […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ауғанстандағы жарылыс салдарынан үш бала қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 30 шілде. Ауғанстандағы жарылыс салдарынан кем дегенде үш бала қаза тауып, 23 адам зардап шекті, деп хабарлайды РИА Новости  Khaama Press агенттігіне сілтеме жасап. Оқиға Ауғанстанның оңтүстігіндегі Кандагар провинциясында болған. Жергілікті үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, мотоциклде орнатылған қолдан жасалған жарылғыш құрылғы адам көп жиналған жерде іске қосылды. Агенттіктің мәліметінше, зардап шеккендердің арасында алты бала […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Нигерияда лаңкестер 23 адамды өлтіріп кетті

    НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде.Нигерияда «Боко Харам» лаңкестері Борно штатындағы 1 ауылға шабуыл жасап, 23 адамды жер жастандырды, деп 24.kz хабарлайды.  Содырлар жерлеуден қайтып келе жатқан тұрғындардың алдынан шығып, оқ жаудырған. Қазір лаңкестер іздестірілп жатыр. Айта кетейік, «Боко харам» лаңкестік ұйымы Африканың батысындағы бірнеше мемлекетте 2009 жылдан бері ойран салып келеді. Нигерияның өзінде бұл лаңкестік топ мүшелерінің […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанда автокөлік жарылысы нәтижесінде кем дегенде төрт адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде. Ауғанстанның шығысындағы Газни провинциясында болған көлік жарылысы нәтижесінде кем дегенде төрт адам қаза тауып, 20 адам зардап шекті, деп хабарлайды РИА Новости  Tolo News телеарнасына сілтеме жасап. Полиция басшысының мәліметінше, жарылыс сенбі күні таңертең Аб Банд ауданында орын алған. Қазіргі уақытта басқа да мәліметтер жоқ.
    • 5 Years ago
    • 0
  • Сомалиде жарылыстан 17 адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде. Сомали астанасы Могадишо қаласында жойқын жарылыс болып, 17 адам қаза тапты, деп хабарлайды  24.kz. Тағы 28 тұрғын түрлі деңгейде жарақат алған. Жергілікті билік өкілдерінің мәліметінше, бұл лаңкестік әрекет. Жарылғыш зат халықаралық әуежайдың тексеру-өткізу пунктінде іске қосылған. Шабуылға қатысты жауапкершілікті әлі ешқандай ұйым өз мойнына алмады. Бірақ құқық қорғау органдары жарылысты ұйымдастырған «Аш-Шабаб» […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Кабулдағы жарылыс. Сегіз адам қаза тапты, отыз үш адам жарақат алды

    НҰР-СҰЛТАН,  19 шілде. Кабулдағы Университет жанындағы жарылыс кезінде қаза болғандардың саны төртке жетті, 16 адам жарақат алды , деп хабарлайды РИА Новости 1TV телеарнасына сілтеме жасап. Бұған дейін екі адам қаза тауып, 10 адам зардап шекті деп хабарланған. Жарылыстың себебі автокөлікке бекітілген магнитті бомба болды. Жарылыс емтиханның басталуын күтіп тұрған студенттер тобының жанында болды.
    • 5 Years ago
    • 0
  • Жаңа Зеландияда теракт құрбандарының туыстары Сауд Арабиясының қонақтары болады

    НҰР-СҰЛТАН, 17 шілде. Жаңа Зеландияның Крайстчерч қаласындағы екі мешіттегі лаңкестік әрекет салдарынан қаза болғандардың туыстары мен жарақат алғандар қажылық кезінде Сауд Арабиясының қонақтары болады, деп SPA Сауд ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап  Анадолу  агенттігі хабарлайды. SPA ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы сауд арабиясы королінің Салман бин Абдельазиздің өкімінде айтылған. Өкімге сәйкес, Крайстчерчтен келген 200 адам Сауд […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Сириядағы Алеппоға лаңкестік шабуыл нәтижесінде алты бейбіт тұрғын қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 15 шілде. Лаңкестер сириялық Алеппо қаласының батыс орамдарына оқ жаудырды, кем дегенде алты бейбіт тұрғын қаза тапты. Бұл туралы SANA агенттігіне сілтеме жасап  REGNUM хабарлайды. «Джебхат ан-Нусра» тобының (ҚР-да қызметіне тыйым салынған ұйым) содырлары Халяб әл-Джадид және Миньян аудандарына ракеталық оқ атты. Тағы сегіз адам жарақат алды. Хабарламада айтылғандай, содырлар дүркіндете атудың реактивті жүйелерін  қолдана […]
    • 5 Years ago
    • 0
Бет 4 of 8« Бiрiншi...«23456 » ...Last »