Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Иракта мешіттегі жарылыстан 10 адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым. Ирак астанасындағы мешіттің бірінде жарылыс болып, 10 адам қаза тапты. Тағы 30 тұрғын жарақат алды.Бұл туралы 24.kz хабарлайды. Лаңкестік әрекет адамдар мешітке намаз оқуға жиналған кезде болды. Бір содыр ғимаратқа кіріп, беліне байланған бомбаны іске қосқан. Терактіні қандай лаңкестік топ жүзеге асырғаны әзірге беймәлім. Қазір оны ұйымдастырғандар іздестіріліп жатыр.
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанда лаңкестіктен 20 тұрғын жарақат алды

    НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым. Ауғанстанның Джалалабад қаласында жарылыс болып, 1 адам қаза тапты, деп 24.kz  хабарлайды. Тағы 20 тұрғын жарақат алды. Ақпарға қарағанда, полиция көлігі жол шетіне қойылған бомбаға түсіп жарылған. Қастандықты қандай лаңкестік топтың ұйымдастырғаны белгісіз. Қазір содырлар іздестіріліп жатыр. Айта кетейік, өткен аптада осы шаһарда тағы бір көлік минаға жарылып, 9 адам опат болған […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • ҚР ҰҚК террористердің ықпалына ерген қазақстандық әйелдер туралы фильм түсірді

    НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті діни экстремизм мен терроризм қылмысына байланысты түрмеде жазасын өтеп жатқан әйелдер туралы «Құрсаудағы гүлдер» деректі фильмін түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. ҚР ҰҚК баспасөз қызметінен мәлім еткендей, деректі фильмнің басты кейіпкерлері ДАИШ халықаралық террористік ұйымының (Қазақстанда және бірқатар өзге елдерде тыйым салынған) ықпалына қалай түсіп қалғанын баяндайды. Сонымен қатар, […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Теракт кезінде қаза болғандарды еске алу шарасы өтті

    АҚТӨБЕ, 20 маусым. Кеше  Ақтөбедегі 66/55 әскери бөлімінде ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерді еске алу салтанатты шарасы өтті деп хабарлайды Aktobenews.kz. ҚР Ұлттық ұлан бас қолбасшысының оқ ату сайысы бойынша біріншілігі әскери борышын орындау кезінде ерлікпен қаза тапқандар құрметіне арналған. «Ақжар» оқу-жаттығу алаңында өтетін іс-шараға 70-тен аса әскерилер қатысады. Турнирге Астана, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан өңіріндегі әскери […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Нигерияда жарылыстан 30 адам қайтыс болды

    НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым. Нигерияның солтүстік-шығысында бірнеше жойқын жарылыс болды.Бұл туралы Хабар 24 жазады.  Салдарынан 30 адам көз жұмып, 40-қа жуық тұрғын жарақат алды. Жергілікті билік мерт болғандардың саны әлі де өсуі мүмкін деп отыр. Лаңкестік әрекетті жанкештілер ұйымдастырған. Оның бірі әйел адам болды. Қазір оқиғаның егжей-тегжейі анықталып жатыр.
    • 5 Years ago
    • 0
  • А.Сабдин: Олар ислам дінін кемсіткендерін мойындады

    НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым. – «Жусан» операциясымен Қазақстанға оралып, бүгінде Ақтаудағы тергеу изоляторында отырғандармен теолог Асқар Сабдин сөйлесіп қайтты, — деп «Актюбинский Вестник» басылымына сілтеме жасап KAZISLAM жазады . Теолог уақытша тергеу изоляторында отырғандармен үш сағаттық сөйлесу барысында олардың сенімі мен қағидасы, отбасылық жағдайлары, Қазақстанда жүргенде қай кезде намаз оқығандары және шетелге қалай шыққандары туралы толық ақпарат алған. Қамауда […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ақтөбеде үш жыл бұрын болған лаңкестік шабуылдың құрбандары еске алынды

    АҚТӨБЕ, 05 маусым. Ақтөбеде болған лаңкестік шабуыл оқиғаға бүгін тура 3 жыл толды, деп хабарлайды «Хабар 24». Мұздай қаруланған топ қару-жарақ дүкені мен әскери бөліміне шабуыл жасаған болатын. Бүгін қақтығыс орын алған әскери бөлімде ерлікпен қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Сол күндері Ақтөбенің 4 қарапайым тұрғыны мен Ұлттық ұланның 66/55 әскери бөлімінде қызмет ететін […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ливанда 4 адам содырдың қолынан қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 05 маусым. Ливаннның Триполи қаласында мемлекеттік мекеменің алдында шабуыл жасалды.Бұл туралы 24.kz хабарлайды.  Оқыс оқиғада екі тәртіп сақшысы мен екі әскери адам ажал құшты. Мәлім болғандай, шабуылды жалғыз адам ұйымдастырған. Ол алдымен жарылғыш бомба лақтырып, кейін қауіпсіздік қызметкерлеріне оқ жаудырған. Жедел әрекет еткен әскерилер содырдың тығылып жатқан жерін тауып алғанымен, қылмысқер өзін-өзі жарып жіберген. […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Мысырда ДАИШ содырлары 10 полицейді атып өлтірді

    НҰР-СҰЛТАН, 05 маусым. Синай түбегінде ТГИЛ лаңкестері полиция бекеттеріне шабуыл жасады.Бұл туралы NewsExecutive сілтеме жасап 24.kz хабарлайды.  Оқыс оқиға салдарынан 10 тәртіп сақшысы оққа ұшты. Айта кету керек, Синай түбегіндегі үкімет пен террорлық қарулы топ арасындағы текетірес 2011 жылғы революциядан бері жалғасып келеді.
    • 5 Years ago
    • 0
  • Израильде лаңкес екі адамды пышақпен жарақаттады

    НҰР-СҰЛТАН, 02 маусым. Иерусалимдегі Дамаск қақпасы маңында пышақпен қаруланған лаңкес жаяу жүргіншілерге шабуыл жасап, салдарынан екі тұрғын жарақаттанды.Бұл туралы Хабар 24 агенттігі жазады. 19 жасар палестиндік күдікті алдымен 50 жастағы ер кісіге пышақ сұққан. Зардап шегуші ауыр халде емханаға жеткізілді. Ізінше лаңкес жасөспірімге шабуыл жасаған. Израильдік полиция өкілдері бұл қылмысты терактілік акт деп мойындады.
    • 5 Years ago
    • 0
Бет 6 of 8« Бiрiншi...«45678 »