Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Түркия әуе күштері Ирактың солтүстігінде 10 террористтің көзін жойды

    НҰР-СҰЛТАН, 02 ақпан. Ирактың солтүстігіндегі Кандил тауы аймағында КЖП-ның  10 содыры залалсыздандырылды, деп Ұлттық Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесіне сілтеме жасап TRT жазады. Ұлттық Қорғаныс министрлігінің (ҰҚМ) Твиттер аккаунтынан жасаған мәлімдемеде Кандил аймағында КЖП-ның содырларының анықталғанын білдірді. Мәлімдемеде «Ирактың солтүстігіндегі Кандил тауы аймағында анықталған КЖП-ның 10 содыры  Түрік Қарулы күштері және Ұлттық барлау ұйымының әуе операциясымен залалсыздандырылды» делінді.
    • 3 Years ago
    • 0
  • Түркияның солтүстік-батысында ДАИШ террористі ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 01 ақпан.  Түркияның солтүстік-батысындағы Ялова провинциясында арнайы операция нәтижесінде  Түркияда қастандық жасауды жоспарлаған ДАИШ-тің содыры ұсталғанын Ішкі істер министр Сүлейман Сойлуға сілтеме жасап Анадолу агенттігі хабарлады. «Яловадағы операция сәтті аяқталды.  Полиция басқармасының терроризммен күрес тобы, барлау қызметі, Ялова полиция ұйымын құттықтаймын», — деп жазды министр Twitter-ге.
    • 3 Years ago
    • 0
  • «Эрен-5” операциясы: 53 баспана мен 62 қойма жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 28 қаңтар. Ішкі істер министрлігі КЖП ұйымына қарсы жүргізген “Эрен-5” операциясында 53 баспана мен 62 қойманы жойды.Бұл туралы Түркия ІІМ-ге сілтеме жасап TRT хабарлайды.  Ішкі істер министрлігі жасаған мәлімдемеге қарағанда КЖП террор ұйымының қысқы базаларын жою мақсатты Мардин Қалалық жандармерия қолбасшылығы құрамындағы арнайы десанттардың қатысуымен жүргізілген операция жалғасуда. Операция аясында 53 баспана мен 62 қойма жойылды. […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Түркия мен Сирия шекарасында 12 террорист ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар.  Түркияның қорғаныс министрлігі Сирия-Түркия шекарасын заңсыз өтпек болған «Ислам мемлекеті»  (ҚР тыйым салынған ұйым) террористік тобының он екі содырының ұсталғаны туралы хабарлады.Бұл туралы Риа Новости АА хабарлайды. «Олардың бесеуі Ресейдің, төртеуі Өзбекстанның, ал үшеуі Қырғызстанның азаматтары . Олардың ИМ  мүшелері екендігі анықталды», — делінген министрліктің хабарламасында. Содырлар былтыр 31 желтоқсанда Хатай провинциясының […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Сирияның солтүстігінде КЖП-ның үш содыры залалсыздандырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 21 қаңтар.  Сирияда «Евфрат қалқаны» операциялық аймағындағы КЖП-ның 3  содыры  залалсыздандырылды, деп TRT  хабарлайды.  Ұлттық Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде «Телль-Рыфат аймағынан «Евфрат қалқаны» операциялық аймағына қарай қарулы шабуыл жасаған КЖП-ның 3 содыры тойтарыс берген арнайы десанттарымыз тарапынан залалсыздандырылды» делінген. Президент Режеп Тайып Ердоған 1984 жылдан бастап PKK содырлары Түркияда қанды қылмыс жасағаннан бастап, 2020 […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Жыл басынан бері КЖП-ның тоғыз содыры Түркия билігіне берілді

    НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар.  2021 жылдың басынан бастап өз еріктерімен қаруларын тастап, түрік билігіне берілген лаңкестер саны тоғызға жетті. Бұл туралы Anadolu Түркия ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап Анадолу агенттігі хабарлайды . Министрліктің хабарлауынша, КЖП-ның тағы 5 лаңкес өз еріктерімен беріліп тізе бүккенн, соның ішінде қылмыстық топтың қатарында 28 жыл бойы әрекет еткен  содырлар да бар. […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • АҚШ әділет министрлігі YPG-ді КЖП-ның еншілес ұйымы деп таныды

    НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар. АҚШ әділет министрлігі мәлімдеме жасап, «Халықтық өзін-өзі қорғау отрядтарын» (YPG) «Күрдістан жұмысшы партиясының» (КЖП/РКК) террористік ұйымының бөлімшесі екенін мойындады, деп хабарлайды Aнадолу агенттігі. 10 қаңтарда Флорида штатының заң шығарушы органына жасалған шабуыл туралы мәлімдемеде қылмысты жасағандардың бірі Даниел Бейкердің YPG-мен байланысы бар екендігі көрсетілген. «Ол әлеуметтік желіде өзін YPG-ның мергені деп мәлімдеді. […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Түркияның шығысында аса қауіпті содырдың көзі жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 16 қаңтар.Битлис провинциясында КЖП-ның жойылған үш содырының арасында аса қауіпті террористердің «қызғылт сары тізіміне» енгізілген Құрбан Пехливан болды, деп Түркия ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап Анадолу агенттігі хабарлайды. Елдің шығысындағы кең ауқымды операцияны 10-11 қаңтар аралығында жандармерия мен арнайы жасақтар ұшқышсыз ұшатын аппарат пен әскери әуе күштерінің қолдауымен өткізді. Құрбан Пехливанды ұстау немесе оның […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Гүленнің екі жақтаушысы Украинадан Түркияға жеткізілді

    НҰР-СҰЛТАН, 08 қаңтар.  Салих Фидан мен Самет Гүре Украинаның Польшамен шекарасын заңсыз кесіп өтпек болған кезде ұсталып, түрік жағына тапсырылды, деп Түркияның ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап  Анадолу агенттігі хабарлайды. Бұрын Иракта әрекет еткен  Фетуллах Гүленнің (FETÖ) террористік ұйымының белсенді екі мүшесі — Салих Фидан мен Самет Гүре Украинадан Түркияға жеткізілді. Министрліктің хабарлауынша, Салих Фидан […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Түркия ІІМ терроризмге қарсы күрестегі 2020 жылдың қорытындылары туралы мәлімдеді

    НҰР-СҰЛТАН, 06 қаңтар. Өткен жылы 321 террорист түрік қауіпсіздік күштеріне берілді, оның 234-і туыстарының көндіруіне байланысты қылмыстық әрекеттен бас тартты. Бұл туралы сейсенбі күні Түркия ішкі істер министрлігінің өкілі Исмаил Чатаклы хабарлады, деп Анадолу агенттігі жазады. Чатаклыдың айтуынша, бір жыл ішінде Ішкі істер министрлігі арқылы жүргізілген операциялар барысында 104 террорист залалсыздандырылған, оның тоғызы Интерполдың қызыл […]
    • 3 Years ago
    • 0
Бет 15 of 24« Бiрiншi...10«1314151617 » 20...Last »