Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Жаңа Зеландияда бір кісі алты адамды пышақтады

    НҰР-СҰЛТАН, 03 қыркүйек. Жаңа Зеландияның Аукланд қаласында бір супермаркетте бір кісі кемінде алты адамды пышақтады. Артынан оны полиция атып өлтірді, деп TRT хабарлайды.  Премьер-министр Джасинда Ардерн оқиғаны бақылаудағы бір Шри-Ланка азаматының «террорлық лаңкестігі» деп атады. Ардерн полицияның шабуылдаушыны өлтіргенін айтып,  бұл кісінің 2011 жылы елге келгенін, 2016 жылдан бері ұлттық қауіпсіздік тарапынан жақын қадағалауда болғанын білдірді. […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Панджшерде 4 күнде 350 тәліп өлтірілді

    НҰР-СҰЛТАН, 02 қыркүйек. Панджшердегі ұлттық қарсылық күштері төрт күннің ішінде «Талибан» террористік қозғалысының 350 содырын өлтіріп, қаруларын иемденгендерін айтты, деп хабарлайды «Адырна» АА  РИА Новостиге сілтеме жасап. «Кеше түнде ұлттық қарсылық күштерінің жауынгерлері Панджшер алқабындағы аудандарды басып алуға тырысқан кезде 350 тәліп террорисін өлтірді. 300-ге жуығы жараланып, 35-і қамауға алынды», — делінген майдан мәлімдемесінде. Айта кетейік, бұл аймақ […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Нигерияда «Боко Харамның» шабуылы 16 адамның өмірін қиды

    НҰР-СҰЛТАН, 01 қырқүйек. Нигерияда террор ұйымы Боко Харам тарапынан ұйымдастырылған шабуылда 16 адам қаза тапты, деп TRT хабарлайды.  Жергілікті газеттердің хабарларына қарағанда террор ұйымы мүшелері Боно уәлаяттың Ранны ауылына шабуыл жасады. Шабуылда  16 адам қаза тапты және көптеген адам жарақат алды. Террор ұйымы Боко Хамар 2009 жылдан бері лаңкестік жабуыл жасауда. Шабуылдарда осы таңға дейін 20 мыңнан астам адам көз жұмды.
    • 3 Years ago
    • 0
  • Сирияда КЖП-ның 4 террористті залалсыздандырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 31 тамыз. Сирияда «Бейбітшілік Бұлағы » аймағына шабуыл жасауға тырысқан КЖП-ның (PKK) 4 террорист залалсыздандырылды, деп TRT хабарлайды. Ұлттық Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде Түрік Қарулы Күштерінің Сирияның солтүстігіндегі террористтерге қатты соққы бергені білдірілді. Мәлімдемеде кеше аймақта КЖП (PKK/YPG)  террористті залалсыздандырған түрік әскерлерінің бүгін де «Бейбітшілік Бұлағы» аймағына КЖП (PKK)  4 террористті залалсыздандырылғаны баяндалды.
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанда түбегейлі өзгерістер болып жатқан тұста ҰҚШҰ Орталық Азияда жаттығу өткізбек

    НҰР-СҰЛТАН, 30 тамыз. Ресейдің ықпалы басым Ұжымдық қауіпсіздік шарт туралы ұйым (ҰҚШҰ) қыркүйек пен қазан айында Қырғызстан мен Тәжікстанда әскери жаттығу өткізбек. ҰҚШҰ жаттығуы тамыздың ортасында «Талибан» радикал қозғалысы Ауғанстанда билікті тайдырғаннан кейін түбегейлі өзгерістер болып жатқан тұста өтпекші, деп Орталық Азия жаңалықтар қызметі хабарлайды.  Қыркүйектің 7-і мен 9-ы аралығында Қырғызстанда өтетін «Рубеж» әскери жаттығуына […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Кабулге ұшқышсыз ұшатын зымыран құлап, 9 адам мерт болды

    НҰР-СҰЛТАН, 30 тамыз. АҚШ-тың әскери басшылығы нәтижесінде тоғыз адам көз жұмған Кабулдағы пилотсыз ұшақтың соққысына қатысты түсініктеме берді. Әскерилердің айтуынша, операция тағы бір жарылыс дайындап жатқан террористерді жоюға бағытталған болатын, деп Sputnik  Қазақстан хабарлайды.  АҚШ әскерилері 29 тамызда жарылғыш заттар әкетіп бара жатқан террористер мінген автокөлікке әуеден соққы жасағанын мәлімдеді, деп жазды РИА Новости. Топ басқару қызметіне […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Кабул әуежайының маңында жарылыс болды

    НҰР-СҰЛТАН, 29 тамыз. Ауғанстан астанасындағы Кабул әуежайының маңында жарылыс болды. Бұл туралы ҚазАқпарат ВВС агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауына қарағанда, әлеуметтік желіде жаралыстан туындаған қара түтіннің көкке қалай көтерілгенін көрсететін бейнелер тараған. Денсаулық сақтау министрлігінің қызметкері БАҚ өкілдеріне қалада жарылыс болғанын растады. Зардап шеккендер мен оқиғаның себептері туралы әлі нақты ақпарат жоқ. ВВС агенттігі Денсаулық сақтау […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • АҚШ Ауғанстандағы ДАИШ содырларына қарсы арнайы операция өткізді

    НҰР-СҰЛТАН, 28 тамыз. Америка Құрама Штаттары 26 тамыз бейсенбі күні  Кабулдағы Хамид Карзай Халықаралық әуежайы маңында лаңкестік шабуыл жасаған  ДАИШ/Хорасанға қарсы Ауғанстанда әуе операциясы ұйымдастырғанын хабарлады, деп TRT хабарлайды.  АҚШ Орталық күштер қолбасшылығы (CENTCOM) мәлімдемешісі полковник Билл Урбан жасаған жазбаша мәлімдемесінде «АҚШ Қарулы Күштері бір ДАИШ/Хорасан басшысына қарсы операция жасады» деген сөзддер қолданды. Аталмыш операцияның Ауғанстанның Нангахар уәлятында ұшқышсыз […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Нигерияда содырлармен алып қашырылған ондаған мектеп оқушылары еркін жіберілді

    НҰР-СҰЛТАН, 27 тамыз. Нигерияның Нигер уәлаятына қарасты Тегина аймағындағы Салиху Танко медресесінде 30 мамыр күні алып қашырылған 136 шәкірттің 70-тен астамы еркін жіберілді, деп TRT хабарлайды. Қарулы кісілер медресеге басып кіріп, шабуылда бір кісі қаза тапқан еді. Сол кезде алып қашырылған шәкірттердің 11-і жүре алмайтындай кішкене болғандықтан еркін жіберілген болатын. Шәкірттердің 15-і қарулы кісілердің қолынан қашып […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Кабулдағы жарылыс үшін жауапкершілікті «Ислам мемлекеті» мойнына алды

    НҰР-СҰЛТАН, 27 тамыз. «Ислам мемлекеті» террористік ұйымы бейсенбі күні Кабулда болған екі жарылысты да мойнына алды, деп Орталық Азия жаңалықтар қызметі хабарлайды. CNN телеканалының мәліметіне қарағанда, бірінші жарылыс әуежайға кіреберіс маңда, екіншісі әуежайға жақын жерде орналасқан Barron қонақүйі жанында болған. Бұл ақпаратты Пентагон өкілі Джон Кирби растады. Ауғанстан денсаулық саласының шенеуніктері жарылыстан кемі 60 адам қайтыс болғанын, […]
    • 3 Years ago
    • 0