Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • France Info: Францияда лаңкестік шабуылды ұйымдастырған күдікті 24 жылға сотталды

    НҰР-СҰЛТАН, 11 сәуір. 2016 жылғы футболдан Еуропа чемпионаты қарсаңында алды алынған лаңкестік әрекетті дайындады деп айыпталған француз Реда Крикет 24 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы France Info радиосына сілтеме жасап ТАСС хабарлайды. 34 жастағы француз Реда Крикет 2016 жылдың 24 наурызында Брюссельдегі лаңкестік әрекеттерден бірнеше күн өткен соң Париж маңында арнайы операция кезінде ұсталды. […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Сомалідің оңтүстік-батысында жарылыс салдарынан кем дегенде төрт адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 10 сәуір. Сенбі күні таңертең Сомалінің оңтүстік-батысындағы Байдоа қаласында жанкешті ұйымдастырған жарылыстан кем дегенде төрт адам қаза тауып, алтауы жараланды, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі. Федералды үкіметтің баспасөз-хатшысы Мохамед Ибрахим Моалиму қысқаша мәлімдемесінде оқиға Сомалінің оңтүстік-батысындағы Байдоа қаласындағы мейрамханада ер адамның өзін-өзі жарып жіберген кезде болғанын айтты.
    • 3 Years ago
    • 0
  • Пентагон: американдық әскерлерді Ирактан шығару кестесі әлі келісілмеген

    НҰР-СҰЛТАН, 09 сәуір. Вашингтон мен Бағдад американдық контингентті Ирактан шығару кестесі туралы әлі келіскен жоқ. Бұл туралы Вашингтондағы журналистерге Пентагон өкілі Джон Кирби хабарлады, деп жазады Анадолу агенттігі. Кирби АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен мен Ирактың Сыртқы істер министрі Фуад Хусейн бастаған екі елдің делегациялары арасындағы стратегиялық диалогтың үшінші кезеңінің қорытындылары бойынша «Ирактан американдық әскерлерді […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Мысыр соты «Ағайынды мұсылман бауырлар» қозғалысының қазіргі жетекшісін өмір бойына бас бостандығынан айырды

    НҰР-СҰЛТАН, 09 сәуір. Бейсенбі күні Мысыр соты бірнеше ай бұрын Каирдегі пәтерде ұсталған «Ағайынды мұсылман бауырлар» тобының  бұрынғы жетекшінің міндетін атқарушы Махмуд Эззатты өмір бойына бас бостандығынан айырды, деп жазады REUTERS. Қауіпсіздік күштері Эззатты өткен жылдың тамыз айында Каирдегі Бесінші елді мекен аймағында болған рейд кезінде тұтқындады, бұл 2013 жылы биліктен кетірілгеннен бері қуғын-сүргінге ұшыраған […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Қырым тұрғыны терроризмді қаржыландырғаны үшін 18 жылға сотталды

    НҰР-СҰЛТАН, 09 сәуір. Сәрсенбі күні Оңтүстік аудандық әскери сот Қырым Республикасының тұрғыны Марк Давыдовты 18 жылға бас бостандығынан айырды, ол террористік ұйымға 600 мың рубльден астам қаражат алуға көмектесті, сонымен қатар террористерге қосылу үшін Сирияға баруға тырысқан. Бұл туралы ТАСС соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. «М.А. Давыдов кінәлі деп танылды, оған 18 жыл мерзімге […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Террорлық ұйым мүшелерінің Түркиядағы активтері кепілдікке алынды

    НҰР-СҰЛТАН, 08 сәуір.Фетуллахшы террор ұйымы (FETÖ), ДАИШ, PKK/KCK және DHKP/C террор ұйымдарына мүшесі 377 адамның Түркиядағы активтері кепілдікке алынды, деп TRT жазады.  Қазына және қаржы министрлігі тақырыппен байланысты шешімі «Ресми Газетте» жарияланды. Активтері кепілдікке алынған 205 ФЕТӨ мүшесі арасында ұйым басшысы Фетуллах Гүленнің аты бірінші орында. Тізімде аталмыш ұйымға мүше Хамди Акын Ипек, Экрем Думанлы, Хидайет […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Нигерияның оңтүстік-шығысында содырлардың шабуылынан үш адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 08 сәуір. Сәрсенбі күні Нигерияның оңтүстік-шығысындағы Бенуэ штатындағы құрылыс алаңына белгісіз қарулы содырлар шабуыл жасап, Қытай азаматы мен Нигерияның екі полиция қызметкерін өлтіріп, тағы екі Қытай азаматын кепілге алды. Бұл туралы Синьхуа агенттігі жергілікті полицияға сілтеме жасап хабарлады. Сәрсенбі күні сағат 07:30 шамасында қытайлық қызметкерлер  мен оларды алып жүруге жауапты бірнеше нигериялық полиция қызметкерлеріне […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • ТР ІІМ: Наурыз айында 86 террорист залалсыздандырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 06 сәуір.Наурыз айында ел көлеміндегі операцияларда 86 террорист залалсыздандырылған, деп Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап  TRT жазады.  Ішкі істер министрінің орынбасары және министрлік мәлімдемешісі Исмаил Чатаклы министрліктің конференция залында «Ай сайынғы баспасөз жиналысында» наурыз айында ұйымдастырылған ішкі қауіпсіздік операцияларында 86 террористің залалсыздандырылғанын мәлімдеді. Чатаклы есірткімен күрес аясында 29 наурыз — 5 сәуір күндері арасында 5 […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Саратов облысының тұрғыны әлеуметтік желілерде терроризмге шақырғаны үшін сот алдына келеді

    НҰР-СҰЛТАН, 06 сәуір. Саратов облысы бойынша ФҚҚ Басқармасы облыс орталығының 34 жастағы тұрғынының заңсыз әрекеттерін анықтап, жолын кесті. Ер адам интернетте террористік әрекетке шақырды деп күдіктелуде, деп «Саратов24» желілік басылымы хабарлайды. Мекеменің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жедел іс-шаралар жиынтығы нәтижесінде көрсетілген адамның «ВКонтакте» әлеуметтік желісінде аккаунты болғандығы анықталды. Ер адам жаңалықтар лентасында мәтіндік хабарламалар түріндегі мақалаларға […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Кабулдың маңында жол бойындағы минаның жарылуы салдарынан бір сарбаз қаза тауып, тағы төртеуі жараланды

    НҰР-СҰЛТАН, 05 сәуір. Дүйсенбі күні Кабулдың солтүстік маңында әскери көлік жол бойындағы минаға түсіп, бір сарбаз қаза тауып, төртеуі жараланды. Бұл туралы Синьхуа жаңалықтар агенттігі астаналық полицияға сілтеме жасап хабарлады. Жарылыс  әскери қызметшілері бар көлік Қарабах ауданындағы жолдың бойымен келе жатқан кезде, жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00 шамасында болды, деп Кабул полициясы БАҚ хабарлады. Жарақат […]
    • 3 Years ago
    • 0