Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Бас мүфти жастармен жүздесті

    АСТАНА, 15 наурыз. Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Гуманитарлық заң колледжінде жастармен кездесті, деп Kazislam жазады. Бас мүфти студенттерге өмірлік мақсатты дәл қою, жаман әдеттен сақ болу, мемлекетшіл патриот тұлға болып қалыптасу, ата-ананы сыйлау, елге қызмет ету, ұстазды құрметтеу, өзгені дінсіздікте айыптамау, қабілетті дамыту, дәстүрлі құндылықтарды жоғары қою, т.б. тақырыптар төңірегінде […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Жезқазғанда терроризмге қарсы оқу-жаттығу басталды

    АСТАНА, 15 наурыз. Қарағанды облысының Жезқазған қаласында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізіліп жатыр. Бұл жайында ҚазАқпарат агенттігі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады. Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, шара барысында қаладағы көлік қозғалысын шектелетіндіктен көшелер ішінара жабылуы мүмкін. «Оқу-жаттығудың кезінде адамдар көп жиналатын жерлерде террорлық сипаттағы қауіп төнген жағдайда өзара іс-қимыл жасау дағдылары пысықталады» делінген хабарламада. Оқу-жаттығу өткізу […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Астана тұрғынынан ірі көлемдегі есірткі тәркіленді

    АСТАНА, 13 наурыз. Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Допинг» Республикалық шедел профилактикалық шарасының аясында, елорда аумағында есірткі өткізумен айналысты деген күдікпен бір топ адамды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz. 38 жастағы жергілікті тұрғын есірткі және психотропты заттарды аса ірі көлемде өткізді деп күдіктелініп отыр. «Қызметтік итті пайдалану арқылы санкциялы түрде жүргізілген тексеріс барысында оның жалдамалы пәтерінен […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Қарасора егемін деп сорлап қалды

    АСТАНА, 13 наурыз. Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысты қылмысты болдырмау жедел-алдын алу іс-шарасы барысында, Келес ауданы ауылдарының бірінен қарасора егушілік жайтын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz Otyrar.kz басылымына сілтеме жасап. Ағымдағы жылдың наурызында облыстық ПД-нің Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Келес АПБ-мен бірлесе отырып, үйінде заңсыз қарасора егетін жергілікті тұрғынды […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Алматы облысында үйінің жер төлесінде есірткі өсірген тұрғын ұсталды

    АСТАНА, 13 наурыз. Арнайы іс-шара барысында Іле ауданында жергілікті тұрғынның өз үйінің жертөлесінде есірткі өсіргені анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz. Жертөледе өсімдікті баптауға арнайы жарық, жылу, ауа алмастыру және т.б. құрылғылар орнатылған. Болжамдардың бірі бойынша тәркіленген өсімдік «үнді қарасорасы» болуы мүмкін. «35 жастағы азамат үйінің жертөлесіне есірткі тектес өсімдіктерді өсіруге барлық қолайлы жағдай жасаған. Оның жылыжайынан […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Серікжан Біләш халықты «жиһадқа» шақырған – прокуратура

    АСТАНА, 12 наурыз. Тіркелмеген «Атажұрт» қозғалысының құрылтайшысы Серікжан Біләшті Астана полициясы 10 наурыз күні ұстаған болатын. Ішкі істер органы оған «әлеуметтік және ұлттық алауыздықты қоздыруға бағытталған қасақана әрекеттер жасады» деген айып таққан еді. Ал, елордалық прокуратура бүгін Біләштің халықты «жиһадқа» үгіттенін ресми мәлімдеді, деп Аlmaty.tv сайты жазады. Бұл туралы ақпарат аталған ведомствоның ресми сайтында жарияланған. […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ресей және Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің өкілдері ИМ-мен күресті талқылады

    АЛМАТЫ, 12 наурыз. Терроризмге қарсы күрес саласындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелеріне жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейінде екіжақты консультациялардың үшінші раунды өтті. Бұл туралы EADaily агенттігі Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровқа сілтеме жасап хабарлады. Қазақстан делегациясын Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев, Ресей тарапын Сыртқы істер министрінің орынбасары […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Астанада есірткі жарнамаларын таратқан жас жігіттер ұсталды

    АСТАНА, 12 наурыз. Елордалық Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қала тұрғындарының көмегімен ғаламтор сайттарындағы синтетикалық есірткілердің жарнамаларына қатысы бар жас жігіттерді ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz. «Астана қаласының аумағында есірткінің таралу деректеріне көз жұма қарай алмайтын қоғамның атсалысуының және демеу болуының арқасында полиция қызметкерлері 1998 жылы туған «А» есімді азамат пен «Б» есімді 1997 жылғы […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Есірткі контрабандасымен айналысқандарға үкім шығарылды

    АСТАНА, 11 наурыз. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті РФ-дан ҚР-ға синтетикалық есірткі контрабандасына және оларды Павлодар облысының аумағында сатуға қатысы бар, құрамында азамат Г. Закарадзе мен А. Маликов болған наркотоптың құқыққа қайшы әрекетін анықтап, жолын кесті, деп ҚР ҰҚК Баспасөз қызметі хабарлайды. 2018 жылғы 1 маусымда Г. Закарадзені ҰҚК Павлодар облысы бойынша департаменті радиоқабылдағышқа жасырылған […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Қордайда есірткі тасымалдаушы мен «тапсырыс» беруші ұсталды

    АСТАНА, 11 наурыз. Шекарашылар «Қордай авто» өткізу бөлімшесінде Қазақстанға есірткі алып өтпек болған тасымалдаушы мен тапсырыс берушіні ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «ҚР ҰҚК Шекара қызметі «Оңтүстік» өңірлік басқармасының Қордай шекара отрядының «Қордай авто» өткізу бөлімшесінде 7 наурыз күні есірткі іздеуге арнайы үйретілген қызметтік ит көрші елден Қазақстанға қарай жаяу өтіп келе жатқан әйел адамды ұстауға […]
    • 5 Years ago
    • 0