Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Петропавл тұрғынынан 70 кг марихуана тәркіленді

    ПЕТРОПАВЛ, 10 наурыз. Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер «Арлан» арнаулы жасағымен бірге арнайы операция жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, рейд кезінде Петропавлдың 37 жастағы тұрғыны ұсталған. Ол тарату мақсатымен ерекше ірі мөлшерде есірткі заттарын сатып алды деген күдікке іліккен. Тәркіленген марихуананың жалпы салмағы 70 килограмнан асады. «Күдікті қазір қамауда, ҚР Қылмыстық кодексінің […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Астанада ұлтаралық алауыздықты қоздырған күдікті ұсталды

    АСТАНА, 10 наурыз. Астанада әлеуметтік және ұлттық алауыздықты қоздыруға бағытталған қасақана әрекеттер жасағаны үшін Серікжан Биляш күдікті ретінде ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz. Елордалық полиция басқармасының ақпараты бойынша, тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеудің басқа да мән-жайлары ашылмады.
    • 5 Years ago
    • 0
  • Қытайда есірткі саудасымен айналысты деген күдікпен қазақстандық бойжеткен ұсталды

    АСТАНА, 08 наурыз. ҚР Сыртқы істер министрлігі Қытайда Қазақстан азаматшасы Юлия Ходеваның ұсталуына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «27 ақпанда Чжэцзян провинциясының құқық қорғау органдары ҚР азаматшасы Юлия Ходеваны ұстады. Ол есірткі құралдарын сақтау және тарату бойынша күдіктелуде», — деді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров. СІМ мәліметінше, Шанхайдағы ҚР Бас консульдығы оның туыстарымен […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Астана мен Жамбыл облысында ірі көлемде есірткі тәркіленді

    АСТАНА, 05 наурыз. Полиция қызметкерлері Астана мен Жамбыл облысында ірі көлемде есірткі заттарын тәркіледі. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрінің кеңесшісі — ресми өкіл Нұрділдә Ораз айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Жамбыл облыстық полиция департаментінің қызметкерлері «Құқық қорғау» алдын алу шарасы барысында жедел ақпаратқа сәйкес бұған дейін істі болған Мойынқұм ауданы тұрғынының үйіне санкцияланған тінту жүргізді. […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Текелі тұрғындарын тыныштық сақтауға шақырды

    АЛМАТЫ, 5 наурыз. Алматы облысындағы Текелі қаласында антитеррорлық жаттығулар өтіп жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі қалалық әкімдік өкілдеріне сілтеме жасап. Қаладағы кейбір көшелер жабылып, көлік қозғалысы шектелуі мүмкін. «Оқу-жаттығудың мақсаты — адамдар көп жиналатын жерлерде террорлық сипаттағы қауіп-қатер туындаған кезде өзара іс-қимыл жасау дағдыларын пысықтау. Тұрғындарды өткізілетін шараларға түсіністікпен қарап, оқу-жаттығу кезінде тыныштықты сақтауды […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ыстамбұлда 200 килограммға жуық кокаин тәркіленді

    АСТАНА, 04 наурыз. Түрік полициясы Стамбулда 200 килограммнан астам кокаин тәркіледі, деп хабарлайды Trend түрік БАҚ сілтеме жасап. Кокаин Оңтүстік Американың бір мемлекетінен жеткізілген контейнерлердің бірінде болған деп хабарланады. Тәркіленген кокаиннің нарықтық құны 40 миллион түрік лирасына бағаланады. 2019 жылдын басынан бастап бүгінгі күнге дейін Түркияда барлығы 5 тонна героин тәркіленді. Ағымдағы жылдың 5 ақпанында […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ақтөбеде «терроризмді насихаттаған» екі адам бас бостандығынан айырылды

    Ақтөбе, 28 ақпан. Ақтөбе қалалық сотының судьясы Теміржан Алданов «терроризмді насихаттағаны» үшін айыпты деп таныған Қуанышбек Жайлаубаевты сегіз жылға, Азамат Баймурзинді жеті жылға бас бостандығынан айыруға үкім етті, деп хабарлайды Азаттық Радиосы.  Жайлаубаев жазасын қатаң режимдегі, ал Баймурзин жалпы режимдегі колонияда өтейтін болды. Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ. Сотталушылар үкімге 15 күн ішінде апелляциялық […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ұлттық алауыздықты қоздырғаны үшін ұсталған алматылық азамат қамауға алынды

    АЛМАТЫ, 25 ақпан. Ұлттық алауыздықты қоздыратын белгілері бар бейнелерді түсірген және Интернетте таратқан адам қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz. Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, ұсталған Манас Бистаев, ҚР Қылмыстық кодексінін 174-бабының 1 тармағына — әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру — сәйкес қылмыс жасағаны үшін күдікті. «Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Сауд Арабиясы мен Қазақстан экстремистер туралы ақпарат алмасады

    АСТАНА, 25 ақпан. Қазақстан мен Сауд Арабиясы экстремистік діни қозғалыстардың алдын алу, оның ішінде насихаттауға қарсы жұмыс жүргізу әдістерін және радикалды діни идеологияның әсерінен халықты қорғау туралы тәжірибе мен ақпарат алмасады. Тиісті келісімге Қазақстанның қоғамдық даму вице-министрі Берік Арын мен Сауд Арабиясының елшісі Захер бин Мутиш әл-Анезимен кездесу барысында қол жеткізді, деп министрліктің баспасөз қызметіне […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • СҚО-да деструктивті діни ағым өкілдері жазаланды

    АСТАНА, 25 ақпан. СҚО Полиция департаментінің экстремизмге қарсы күрес басқармасы өңірдегі деструктивті діни ағымдармен күрес жұмыстары қалай жүргізіліп жатқанын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Өңірдің полиция қызметкерлері діни заңнама саласындағы заңбұзушылыққа жол бермеу бойынша бірқатар шара қабылдады. Сонымен бірге, облыс тұрғындарын деструктивті діни ағымдардан қорғау бойынша алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Әртүрлі діни ағымдар тыйымға байланысты […]
    • 5 Years ago
    • 0